Іздену ұйымдастырушы
|
Алдымен фигуралардан құрастырылған үйді бұзып, бірдей фигураларды табады. Фигураның атауымен танысып, хормен қайталап айтып, жаттығады. Көрнекі құрал көрсетіледі немесе текше, шар, цилиндр, конус, пирамида пішініндегі заттардың суретін табады (19-кесте). Конустың неге ұқсайтынын айтады (пирамида, шар, цилиндр, конус, текше).
Кеңістік түсініктерін дамытуға арналған ойындар ұйымдастыруға болады. Үш сөреге ойыншықтар қойылады және тәрбиеші жоғары сөренің оң жақ бұрышында қандай ойыншық тұрса, сондай фигураның суреті бар карточканы көтеруді сұрайды. Екінші сөренің ортасындағы, төменгі сөренің сол жағындағы ойыншық, т.с.с.Балалар карточканы көтергеннен кейін, фигураның атауын дауыстап айтуы тиіс.
1-тапсырма бойынша неше фигура екенін санап, түсін атағаннан кейін, 2-тапсырмадағы мұнараны құрастырып тұрған текшелерді мысалдарымен сызып қосу ұсынылады. Балаларға көлемді фигураларды қолымен ұстап көруге мүмкіндік беру керек және топтарға фигуралардан өз мұнараларын тұрғызуды сұраңыз, сонымен бірге оның қандай фигуралардан құрастырылғанын айтып отыруы тиіс.
Бекіту үшін №3тапсырма орындалады, балалар фигураларға талдау жасайды (нені қоршады?)
Фигураны түбімен қосулары керек. Фигураларды бір бірімен салыстыру тиімді. Мысалы, цилиндр мен конус пен пирамида, текше мен пирамида қай жағынан ұқсас? Шардың қабырғалары бар ма? Шар, текше домалай ала ма?
|
Фигура атауларын қайталайды және оларды қоршаған ортадағы заттармен салыстырады.
Неге ұқсайтынын айтып, қорытынды жасайды.
Сөредегі ойыншықтармен «Не қайда тұр?» ойынын ойнайды.
Дәптердегі 1-ші және 2-тапсырмаларды орындайды.
Фигураларды ұстап көріп, талдау жасайды, олардың әрқайсысының түбі қайсысыекенін анықтайды.
Қай фигураның жазық екенін біледі.
Фигураларды бір бірімен салыстырады.
|