2. Сұрақ-жауап.
– Жабайы аңдарға нелер жатады?
– Неліктен жабайы аңдар дейміз?
– Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?
3.«Хайуанаттар бағына орналастыр» дидактикалық ойыны.
Ойын шарты: хайуанаттар бағына әкелген аңдарды торларға орналастыру керек.Суретте торлар-дың пішіні әртүрлі берілген. Пілді үлкен, қоянды кіші торға орналастыру керек.
4. Жұмбақтар шешу.
Өзі қу, жүрген жері айғай да шу.
Шешуі: түлкі.
Өзіне болған қорған – орман, ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң.
Шешуі: аю.
1.Жабайы аңдар қорегі туралы балалардың білетіндерін сұрау.
Жабайы жануарлардың қорегі
Піл – ең үлкен жануар. Ол шөп, бұта сияқты өсімдіктермен қоректенеді.
Керік – ең биік жануар. Ол да өсімдіктермен қоректенеді.
Тиін саңырауқұлақ, қарағайдың бүрінің дәнін қорек етеді. Ол жазда қызғы азығын жинап қояды.
Жыртқыш аңдар өздерінен кіші, әлсіз жануарларды аулап жейді. Мысалы: түлкі – өте иісшіл аң. Қар астында тығылып жатқан тышқанды жылдам тауып, ұстап алады.
Аю ормандағы жидектерді теріп, өзеннен балық ұстап жейді. Аю, қабылан, қасқыр – жыртқыш аңдар.
2. Ә. Дүйсековтың «Піл» өлеңін оқу.
Піл әдісті біледі,
Тұмсығымен іледі.
– Піл көтергіш кран! – деп, Бала біткен күледі.
3. Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастыру, тапсырмаларды орындау.
Суретте ормандағы жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелейді.
Үзік сызықтарды қосып, түлкінің бейнесін салу және оны бояу.
Тізбекті жалғастырып сызу. (10-бет)
4. Сергіту сәтін өткізу.
|