Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту,сенсорика,дене,музыка. Тақырыбы: «Шуақты күн»



Дата26.08.2017
өлшемі46,05 Kb.
#28406
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация,таным, денсаулық, шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту,сенсорика,дене,музыка.

Тақырыбы: «Шуақты күн»

Мақсаты:Балаларға көктем мезгілі туралы,шуақты күн туралы айтып түсіндіру. Балаларға түстерді,пішіндерді айтқызу арқылы сөздік қорларын молайту.Күннің адамға берер пайдасы туралы мағлұмат беру.Тәртіпті болуға,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Күн туралы сұрақтарға жауап беру арқылы баланың ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.Шапшаңдыққа,ептілікке тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері:Көрсету,таныстыру,түсіндіру,үйрету,сурет бойынша әңгіме сұрақ-жауап,жұмбақ шешу,сергіту жаттығуы,бағалау.

Көрнекілігі мен құралдары: күннің алыстан және жақыннан берілген суреттері,күн туралы ән үнтаспадан.

Жаңа сөздер: күн,сары,дөңгелек.

Қызметі кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Баланың қызметі


Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар күн сияқты шаттық шеңберге тұрып амандасайық. Балалар бізге келген қонақтарымызбен сәлемдесейік.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.


Балалар қимыл қозғалыс арқылы сәлемдеседі.


Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар бүгінгі күніміз қандай тамаша.

Жұмбақ жасыру.

Ақ сандығым ашылды.

Ішінен жібек шашылды.

( Күн )

Солай ғой балалар? Күн жылынды.Біздің бала бақшамыздың ауласында құстардың шиқылдаған дауыстары естіледі.Барлығымыз көңілдіміз.Яғни бұл қай мезгіл екен. Көктем мезгілі.

Балалар терезеден қарайықшы.Күн қандай тамаша.Күн шуағын шашып,бізге жылулық беріп тұр.Ал күн деген қандай болады екен. Қәне,соған тоқталайық.Балалар күннің пішіні дөңгелек,ал жан-жағындағы шуағы бізге жылулық береді.

Балалар тақтадағы суретке назар аударайық.

1.суретте күн жерден алыста орналасқан .Сондықтан күннің көзі жәй ғана жылулық беріп тұрады.

2.Ал , мына суретте күн жақыннан көрсетілген.Күннің көзі жерге жақын болғандықтан күн өте ыстық болады.

Балалар күн шығыстан шығып,батыстан батады.



Баламен жұмыс: Бірнеше баладан күн деп қайталатып,сосын пішінін айтқызып,түсін қайталатып,соңынан барлығына бірдей қайталатады.Балалар біздің тобымызда осындай күннің пішініне ұқсас ойыншықтар бар екен.Ол-қандай ойыншықтар екен?Олай болса балалар «Пішіндерді тап» ойынын ойнайықшы.Мақсаты: пішіндерді ажыратуды үйрету.Жарайсыңдар,балалар.

Ал, балалар біздің бақшамызға күн әрқашан шуағын шашып тұруы үшін біз «Күн ханшайымын» қарсы алайық.Ортаға күн келеді.

Күн: амансыңдарма балақайлар.

Сергіту сәті:

Күннің көзі ашылды,

Алтын нұры шашылды.-деп балаларды ортаға шақырып «көңілді күн» әніне күнмен бірге билейді.Балалар ,кәнекей мына бәріміз жолдан өтіп гүлдерді терейік.

Қимылдық ойын: «Гүлдерді теру»

Мақсаты: балаларды ептілікке, жылдамдыққа баулу, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Балалар ,қараңдаршы күн сәулесінен осындай гүлдер өсіп шығады.Енді осы жинаған гүлдерімізді «Күн ханшайымына» сыйлайық.

Балалар күнге рахметімізді айтып күнмен қоштасайық.Сау болыңыз.

Олай болса барлығымыз бірге қолымыздағы күннің шуағын бірге жапсырайық.



Балалар көңілді мұқият тыңдайды.

Балалар жұмбақтың жауабын айтады.


Балалар қайталайды.

Көктем.


Балалар терезеден күннің сәулесін тамашалайды.

Балалар мұқият тыңдайды.

Балалар бір-бірлеп күн,түсі сары пішіні дөңгелек деп қайталайды.
Доп,машина дөңгелегі .
Балалар ойын ойнайды.Дөңгелек,

үшбұрыш пішіндерді табады.

Балалар күнмен амандасады.
Балалар күн ханшайымымен амандасады.
Сергіту сәтімен қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар ән айтып бір сергіп алады.


Балалар ойын ойнайды.

Күн ханшайымымен гүл теру ойынын ойнайды.

Жинаған гүлдерді Күн ханшайымына сыйлайды.

Балалар күн ханшайымымен қоштасады.

Балалар бір-бірлеп келіп күннің шуағын жапсырады.


Рефлексиялық- түзетушілік

-Балалар сонымен қәзір жылдың қай мезгілі ?

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

Күннің пішіні қандай екен?

Күннің түсі қандай екен?

Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?

Балалар бүгін барлықтарың өте жақсы билеп, ойнадыңдар. Жарайсыңдар! Барлықтарыңды «күннің шуағымен» мадақтаймын.



Көктем.
Күн ханшайымы.

Дөңгелек.



Сары.

Балалар бугінгі сабаққа белсене қатысты.




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: көктем мезгілін,күннің шуағын,түсін,пішінін.

Түсінеді: балалар күннің шуағы жылулық шашатынын.

Қолданады: дөңгелек сары түс пен күннің шуақтары.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Намазбаева Ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет