Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы мкқК «Бәйтерек» бөбекжай тәрбиешісі Утепбергенова Самал Азаматқызы Тобы



Дата25.12.2016
өлшемі55,79 Kb.
#4461
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы

МКҚК «Бәйтерек» бөбекжай тәрбиешісі

Утепбергенова Самал Азаматқызы
Тобы:«Балдәурен» ортаңғы ортаңғы

Білім беру саласы:«Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:Көркем әдебиет

Тақырыбы:С.Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесі.

Мақсаты:Әңгіменің мазмұнын түсіну; Сұрақтарға жауап беру аркылы өз ойларын жеткізе

білу, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекі -құралдар:Құмырсқа мен көгершіннің суреті,слайд, үнтаспа, ақпараттық құрал, үстел-үсті театры;

Әдіс –тәсілдер: Триз технологиясы,сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру , жеке жұмыс, сергіту сәті, дидактикалық ойын

Билингвальды компонент:Құмырсқа-муравей, көгершін-голубь.


Оқу іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешенің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық – қозғаушылықкезеңі

-Балалар біздер қандай ертегілер, әңгімелерді білеміз?

-Бізге балалар, ертегі, әңгімелер әлемінен Спандияр Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» деген әңгімесін беріп жіберіпті .Біз бүгін осы әңгіме не туралы екенін әңгімелеп танысамыз.

( теледидардан «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесінің желісін көрсету)

Әңгімені нақышына келтіріп оқып беру.

Бір құмырсқа шөлдеп, су ішуге өзенге түсті. Құмырсқаны толқын соғып, суға кетіп қала жаздады. Сол мезгілде аузында тістеген бір бұтағы бар көгершін суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көредіп аяп, бұтағын оның үстіне тастай берді. Құмырсқа бұтаққа мініп, толқынмен судың жиегіне шығып, қазадан құтылды. Мүның артынан манағы айтылмыш көгершін өзеннің жағасына қонып, бір аңшының құс аулауға құрып қойған ауының астындағы бидайды теріп жей бастады. Аңшы ауды басып қалып көгершінді ұстап алуға даярланып жатқанын құмырсқа көрді-дағы, өрмелеп келіп, аңшының аяғын қатты шағып алды. Аңшы ауды қоя бергенде көгершін көтеріліп ұшып кетеді. Құмырсқа мен көгершін бір-бірін осылай аман алып қалыпты.

- Құмырсқа мен көгершін бір-біріне қалай көмектесті?

- Құмырсқа қандай жәндік?

-Көгершін қандай құс?

- Көрдіңдер ме, балалар, екеуі бір-біріне көмек көрсетіп,

осындай ауыр сәтте қиындықты жеңіп шықты.


-Балалар өздері білетін ертегілер мен әңгімелерді айтып берді.


Балалар теледидардағы «Құмырсқа мен көгершін» әңгіме желісін тамашалады.

Балалар


әңгімені мұқият тыңдап отырды.

-Балалар өз ойларын айтады

-Еңбекқор жәндік

-Бейбітшілік құсы






Ұйымдастырушылықізденіскезеңі


Ендешесендер де, балалар, бір-бірлеріңемейірімді,

қайырымдыболыпөсулеріңкерек.

Биллингвальді компонент: құмырсқа-муравей,

Көгершін- голубь.

-Жарайсындар, балалар!

- Балаларға «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін түстел үсті театры арқылы сахналау.

Сергіту сәті: «Құстар биі»
Шығармашылық жеке жұмыс: ( бастырма әдісі)

«Құмырсқа мен көгершін»

Шарты: Балаларды төрт үстелге бөліп, «Құмырсқа мен көгершін» суреттерін бастырма арқылы бейнелеп, орындату.

Дидактикалық ойын: «Құстарды ажырат».

Мақсаты: Балаларды үй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрете отырып, оларға қалай қомқор болу керектігін үйрету.




құмырсқа-муравей,

Көгершін- голубь.
Балалар теледидардан құстар биін көріп қимыл-қозғалас арқылы бойларын сергітеді.
Балалар тапсырманы мұқият тыңдап, орындайды.

Балалар құстарды суреттері бойынша

айырып,қалай қамқор

болукеректігін

әңгімелеп берді.



Рефлексиялық -түзетушіліккезеңі


- Балаларәңгіме не жайындаайтылған?

-Әңгімесендергеұнадыма?


-Барлығыңбүгінгіоқуіс-әрекетінеөтежақсықатынастыңдар, жарайсыңдар.

Балаларды бағалау, мадақтау, мақтау



Құмырсқа мен көгершін жайында.

Балалардың жауабы



-Ұнады.


Күтілетіннәтиже:
Ненібіледі:Әңгіменің мазмұнын біледі.

Қандайтүсініктердімеңгерді:Өз ойларын еркін айта білуді.

Меңгергендағдылары мен іскерліктері:Көмектесу арқылы бір-біріне жақсылық жасай алатынын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет