Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Педагог



Дата13.12.2021
өлшемі420,56 Kb.
#125020
Байланысты:
табиғаттттт



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Педагог:Айтмуханова Жания

Күні:25.11

Тақырыбы:Табиғаттағы тыйымдар

Бөлімі:Әлеумет

Білім беру саласы:Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: Балаларды табиғат,тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағұлмат беру

Тәрбиелік мақсаты: Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. 

Билингивальды компанет: жаңбыр-дождь, жапырақтар-листья, құстар-птицы,табиғат-nature 

Қажетті құрал-жабдықтар:глобус,жапырақтар,табиғатқа байланысты суреттер


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын,ал сендердің көңіл-күйлерін қалай?

Ендеше шаттық шеңберін жасайық.

Шаттық шеңбері

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған, Жер Ана

Сәлем саған Нұрлы Күн

Аман-есен болайық,

Бейбітшілік қалайық.


Сәлеметсіз бе
Бізде қуаныштымыз
Көңіл күйіміз жақсы
Шаттық шеңберіне тұрып өлен жолдарын қайталайды.



Ұйымдастыру-ізденушілік

- Балалар сендер қай елде тұрасыңдар?

- Қазақстан елінің табиғаты бай және ерекше. Оған көз жеткізгілеріңіз келсе теледидарға назар аударыңдар.(бейнеролик)

Балалар бейнеролик не туралы?
А
дам, құстар, жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар.Бұның барлығын бір сөзбен не деп айтамыз?Жарайсыңдар!

Ғажайып сәт:хатты оқу

Табиғат аясындағы ақ қайың ағашынан келіп тұр екен.

                      Хат

Сәлеметсіз бе, құрметті балалар!Мен ақ қайыңмын.Мен сендерге жазда жандарыңда болатын едім.Қазіргі кезде менің халім  нашарлап бара жатыр, маған адамдар көңіл бөліп қарамайды.Мен сендерден сұрайтыным, маған көмек беріңдерші.Сәлеммен ақ қайың.

Балалар сендер, мейірімді де ақылды,сүйкімді балаларсыңдар, ақ қайыңға көмектесеміз бе?

Ендеше табиғат аясына саяхатқа шығып, ақ қайыңға көмектесейік.

Табиғат аясында жүргенде тыйымдарды айтып жүру.Табиғат ананы ластамай, тазалықты сақтай білуіміз керек.

Тағы қандай табиғаттағы тиымдарды білесіңдер?

Саяхатқа шыққандағы

Тыныштық сәті: табиғат құбылыстарының дыбысын тыңдау.

Тәрбиеші: Балалар не естідіңдер.?

Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?

Табиғат-бізді қоршаған орта, туған елім,ауа,күн мен жер және су, орман мен жануарлар.

Табиғат екіге бөлінеді.Ол тірі табиғат және өлі табиғат.



Тірі табиғат:Ағаш, гүл, ормандар, аңдар, құстар.Олар дем алады, өседі, көбейеді.

Өлі табиғат:су,тау,тас,құм ауа.Олар көбеймейді, өспейді, денелерінде жан жоқ.

Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен. Оны біз саяхат барысында бақылап көреміз. Жерде аңдардың іздері жатады.

Балалар бұл осы тірі табиғаттың бірі – аңдардың іздері.Қараңдаршы, табиғат аясында неше түрлі аңдар жүреді екен. Интерактивтік тақтадан жердегі аңдардың ізінің қай аңдікі екені түсіндіріп көрсету.

-Балалар, қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен?

Судың пайдасы бар ма?

С
у өлі табиғатқа жатады, ал біз адамдар суды ішеміз, бізге пайдасы өте көп екен.

Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.

Балалар біраз жол жүруіміз керек.Саяхатымызда көптеген тәжірибелерде жүргіземіз,тапсырмалардыда орындайық:



Билингивальды компанет:

күз-осень, жаңбыр-дождь, жапырақтар-листья, құстар-птицы.

Бәріміз енді сергіп алайық:

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Білімді бала болайық.



Тәжірибелік жұмыс:Табиғатпен байланысты тәжірибе жасап көрейік Балалар енді мұрнымызды, қолымыз бен аузымызды ашпай көрейік.

Көрдіңдер ме, балалар, ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.Сондықтанда табиғаттың бөлшегі ауаны ластамайық.

Осы сәтте ақ қайыңды бір бала көріп қалады.

-Апай, әне бізге хат жіберген ақ қайың мұнда тұр.Иә ол ағаш қайың деп аталады,оның бұтақтарын жел соғып сындырыпты суда құйылмапты біз қайыңды күтіп баптайық




«Табиғатты аялайық» ойыны

Әр бала тірі табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелей отырып, тиым сөздер айту.



Шығармашылық жұмыс:

Ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып, алған заттарының атын атап,түрлі-түске бояйды



-Қазақстан

Бейнероликке назар аударады

Табиғат туралы


-Бізді қоршаған ортаны табиғат дейміз

Ия,біз табиғат аясына шығып аққайыңға көмектесіп күтім жасайық


Тыйым сөздер:

Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ.

Күнімізді бұл баспасын.

Көбелекті өлтірмеңдер, ол - әдемілік белгісі.

Құсты атуға болмайды, құс - адамның досы.

Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол біздің жерімізге көрік береді.

Аңдарды қорғауымыз керек, олар біздің байлығымыз.

Желдің үрлегенін, жаңбырдың жауғанын, құстардың, жан-жануарлардың дыбысын естідік.


Балалар аңдардың ізіне назар аударып қарайды.

Ол бұлақ суы ғой


Ия бар,шөлімізді қандырады

Ия орындайық.


Үш тілде қайталап жаттайды.


Қимыл-қозғалыспен сергіту сәтін орындайды

-Ия біз ауасыз өмір сүре алмаймыз


-Ия ластамаймыз


Балалардың іс-әрекеті: ақ қайыңға су құйып, түбін қопсытып көмектеседі.

Тірі табиғат түрлерін плакатқа жапсырады тиым сөздерді айтады:

Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.

Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді.

Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ.

Шығармашылық жұмысты орындайды


Рефлексивтік түзетушілік

Балалар, біз табиғат туралы айттық.

Табиғаттағы қандай тиымдарды білесіңдер?

Табиғаттың қандай түрлері бар?

Сендер барлығың да бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Марапаттау

Бүгінгі оқу қызметі аяқталды

Сау болыңыздар!




Құсты атуға болмайды, құс - адамның досы.

Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол біздің жерімізге көрік береді.

Аңдарды қорғауымыз керек, олар біздің байлығымыз.

-Тірі және өлі табиғат



Сау болыңыз!



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өлі және тірі табиғатты ажыратад

Игереді: Табиғатты аялауға, қамқорлықпен қарауға

Меңгереді: тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алу дағдыларын меңгереді,тиым сөздерді меңгереді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет