1.Қазақстанның қанша аумағын биік таулар алып жатыр?
2.Биік таулы өлкенің географиялық орыны қалай анықталады?
3.Қазақстанның биік тауларын картадан кімдер көрсетеді ?
4. Қазақстанның биік шыңы қай тауда?
5. Биік таулы өлкелердің жер бедері не себепті әр түрлі?
6. Тянь-Шань тауларының жер бедері туралы не білесің?
7. Батыс Алтайдың қазақстандық бөлігі неге кенді Алтай деп аталады?
ІРІ КЕН ОРЫНДАРЫ:
Теңіз, Қарашығанақ,
Жаңажол.
Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі, метоморфизм солармен байланысты тау жыныстарының құрылымындағы минералдың химиялық құрылысы қандай да бір өзгерістер нәтижесінде пайдалы қазбаларды түзеді.
Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары ұлттың экономиканың тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Еліміздің Жер қойнауы Д.И.Менделеев кестесіндегі 105 элементтерінің 70-тен астамы мол қоры барланған және 60-тан астамы өндірілген. 6000 жуық пайдалы кен орындары ашылған.
Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары ұлттың экономиканың тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Еліміздің Жер қойнауы Д.И.Менделеев кестесіндегі 105 элементтерінің 70-тен астамы мол қоры барланған және 60-тан астамы өндірілген. 6000 жуық пайдалы кен орындары ашылған.
Қазақстанда 6000 нан астам п.қ. кен орындары бар. Мұнай мен газ. Қазақстанның батыс бөлігінде шоғырланған. Мұнай мен газ- Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. 1899 жылы Қарашүңгілде Эмбі кен орнында бірінші рет мұнай атқылады. 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат кен орны пайдалануға берілді. 1960 жылы Өзен мен Жетібай қосылды. Кейіннен Қаражамбас пен қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. ҚР мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 220 кен орны бар. Бүгінде республикамызда жылына шамамен 45 млн т мұнай, 7,5 млрд м3 газ өндіреді. Шетелге 17 млн тоннадай өңделменген мұнай шығарылады.
Көмір кен орындары: Қарағанды, Екібастұз 10 көмір алабы, зоо кен орны бар, жалпы 162 млрд т қоры бар. Қарағанды алабы-3600 шқ2 жерді алып жатыр. Ол- негізгі көмір базасы.Тас көмірдің 80 қабаты анықталған. Қалыңдығы 120 м, жалпы қоры 45 млрд т. Екібастұз көмір алабындағы (Павлодар облысы) ауданы 160 шқ2 көмір қабатының қалыңдығы 150 м, ашық әдіспен өндіріледі, ал ең арзан «Алып» кенішінде жылына 36 млрд т көмір өндіріледі.
Қазақстан әлемде вольфрам, қорғасын, барий қорынан 3 орын, мыс мөлшерінен 4 орын, уран рудасынан 5 орын, темір 7 орын, қалайы мен никельден 8 орын, көмір мен газ қорынан 9 орын алады. Мұнай қоры жөнінен Парсы шығанағындағы елдер, Латын Америкасы, Ресей, АҚШ кейінгі 13 орында алады. Қазақстанның геологиялық құрылысы даму ерекшеліктері пайдалы қазбалардың түзілуіне әсер етті.