Ўжымдастыру


Қазақстан металлургиясының өркендеуі



бет7/9
Дата07.02.2022
өлшемі33,12 Kb.
#95782
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
жоба тарих
жоба тарих

Қазақстан металлургиясының өркендеуі


Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстан КСРО-дағы республикалар арасында металлургия бойынша екінші орынға шықты. Мәселен, Шымкент қорғасын зауыты КСРО-дағы қорытылған қорғасынның 73,9, ал Балқаш зауыты елімізде балқытылған мыстың 51, Қарағанды бассейні көмірдің 90 пайызын берді. Қазақстан мұнай өндіру бойынша да Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орында тұрды. Бұның бәрі, сөз жоқ, жұмысшылардың, соның ішінде қазақ еңбеккерлерінің, еліміздің жарқын болашағына ұмтылуы, өскелең ұрпағы үшін жақсы жағдай жасауға тырысуы арқасында жеткен жетістіктер еді. Еңбекшілердің ерен ерлігіне партияның “Шығыстағы алғашқы социализм құрушылар”, “дүние жүзілік пролетариаттың авангарды”, “коммунистік ұйымдасқан еңбек және шығармашылық энтузиазм” және т.б. рухани үгіт-насихаты мен идеологиясының кең түрде жүргізілуі де өзіндік ықпал етті. Еңбекті материалдық және моральдық ынталандыру да оңтайлы пайдаланылды. Стахановшылар мен екпінділер қазақ даласында дүниеге келіп жатқан өндіріс орындарының маңызына терең мән берді, болашағына сенді. Сондықтан барлық жұмысшылар қатаң ауа-райына, қиын тұрмыс жағдайына қарамастан қажырлылықпен еңбек етті. Уақытша жертөлелерде, шатырларда, киіз үйлерде тұрды. Сол кездердегі Балқаш мыс балқыту комбинатын салуға қатысқан жұмысшылардың бірі кейінірек былай деп еске алады: “Монтаждау бригадасы уақытпен санаспай жұмыс істеді, бірінші немесе екінші ауысым дегенді білмедік. Өндіріс қажет еткен кезде жұмысқа шыға беретінбіз. Жұрттың бәрі ынта-жігермен жұмыс істеді, өйткені шөл даланы бас идіріп, түсті металлургия алыбының салынатынын білдік және соған сендік”. 1930 жылдың басында республикадағы екпінділер саны 10 мыңнан асты. Әсіресе Т. Күзембаев, Ә.Мұрынбаев, М.Сағымбеков, С.Өтебаев, Б.Нұрмағамбетов, З.Табылдинова, А. Сафин және тағы басқа қазақ еңбеккерлері еңбек даңқына бөленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет