Ўжымдастыру



бет8/9
Дата07.02.2022
өлшемі33,12 Kb.
#95782
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
жоба тарих
жоба тарих

Қорытынды


Пайдалы қазба байлықтардың аса бай кеніштерінің болуы Қазақстанда ауыр индустрияны, әсіресе оның кен шығару, мұнай, көмір, түсті металлургия салаларын баса дамыту үшін негіз болды. Бұл салалар республиканың индустриялық бейнесін, оның өнеркәсібінің шикізаттық бағытын ұзақ уақытқа белгілеп берді. Риддер полиметалл комбинаты, Қарсақпай мыс комбинаты, Ертіс мыс қорыту зауыты және басқа қайта құрылған кәсіпорындар жұмыс істеді. Шымкент қорғасын зауыты, Балхаш мыс қорыту және Ащысай полиметалл комбинаттары салынды. Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыты және басқалар салынып жатты. Мұның көпшілігі тек Қазақстандағы ғана емес, сол сияқты елдегі түсті металлургияның ең ірі кәсіпорындары еді.
Көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 ж. оның 90% Қарағанды бассейінінің үлесіне тиді, ол Донбасс пен Кузбастан кейінгі елдің үшінші көмір ошағына айналды.
Қазақстан мұнай шығару жөнінде үшінші орынға (Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі) шықты. Химия өнеркәсібі дамыды: Шымкент химфарм зауыты қайта құрылды. 1939 ж. Ақтөбе химкомбинаты қатарға қосылып, ол фосфор тыңайтқыштарын шығара бастады. Аралсульфат ойдағыдай жұмыс істеді, Қаратау фосфорит кенішін игеруге даярлық жасала бастады.
Қорыта келгенде Қазақстанда индустрияландыру негізінен қазақ байларын тәркілеуден алынған мал-мүлкінің есебімен іске асты, оларды адамдық құқынан айыру, өзі мекендеген жерден басқа жаққа жер аудару мен қорқыту немесе “Тәрбиелеу мақсатында” қамауға алу, үй-мүлкін конфискациялау, түрмеге жабу, жалған атуды ұйымдастыру, ұрып-соғу және т.б.
Қазақ дәстүрлі экономикалық дербестігі мен байтақ даладағы еркіндігінен тағы қағыла берді. Ұлтымыздың ұлы рухы қырғын аштық пен соғыс, сұрқия саясаттан үстем түсті. Зұлмат жылдар зобалаңы халқымызды қанша әлсіреткенімен ділімізден айыра алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет