Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық егіздері



бет1/3
Дата06.02.2020
өлшемі336 Kb.
#57319
  1   2   3
Байланысты:
КУРСТЫ0 Ж

МАЗМҰНЫ





Кіріспе

3

1

Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық егіздері

6

1.1

Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты

6

1.2

Ұйымның қаржылық жағдайды талдау әдістері




2

ЖШС "НУРТАС" компаниясының қаржылық жағдайын талдау

19

2.1

Ұйымның жалпы сипаттамасы

19

2.2

Ұйымның мүліктік жағдайын және ұйымның төлем қабілеттілігін талдау

20


2.3

Ұйымның қаржылық тұрақтылығын және табыстылығын талдау

24

3

Ұйымның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары

28

3.1

Ұйымның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру

28


3.2

Ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін және табыстылығын арттыру

35





Қорытынды

38




Қолданылған әдебиеттер тізімі

41

Кіріспе
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептер-ді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-мастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өз-геше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере ал-майды.

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздел-ген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты тал-дау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арт-тыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономика-лық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықталды:

- қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;

- өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;

- қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық ма-териалдарды жинақтау және өңдеу;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;

- жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Талдау объектісі ретінде ЖШС "НУРТАС" компаниясы алынды. Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау жә-не жабдықтаумен айналысу болып табылады.

Курстық жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашу-ға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.

Курстық жұмыстың тәжірибелік бөлігі ЖШС "НУРТАС" компаниясының қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қоры-тынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.

Курстық жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегенов-тың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкая-ның еңбектері болып табылады.

Курстық жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және ЖШС "НУРТАС" компаниясының қаржылық жағдайының есебі пайдаланылды.

1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері

1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-ды" деп жазған.

Профессор Н.А Русак [3] бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақ-сылығын көрсетеді.

В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.

М. Н. Крейнина [5], А.И. Ковалев және В.П. Привалов [6] қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш-тер жиынтығы".

Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабі-леттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мем-лекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндет-темелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады [7].

С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баян-дайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен си-патталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткі-лікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістер-мен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қа-райтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді бо-луын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс".

Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксізді-гін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қар-жылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та ар-найы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксізді-гін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады [6]. Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материал-дық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады [8].

Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтай-ды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілі-гін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".

В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесі-нің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ре-сурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін бола-тын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".

В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қар-жылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақ-ша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пай-далану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жа-сайды.

Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады" [9]. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысу-лар мен барлық міндеггемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндіріс-ті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеу-меттік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.

Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста [10]. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" [4] немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:

1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;

2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес;

3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;

4) әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланыс-ты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көр-сетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тара-ту құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды бо-лып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін ти-гізеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның ша-руашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдау-дың қор ытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:

- жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рацио-налдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қар-жылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлем-дерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарасты-рылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәй-кестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының норма-сының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөл-шерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қара-жаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады.


1.2 Ұйымның қаржылық жағдайды талдау әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді ка-жет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат-тық көздері бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржы-лық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы ке-зеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметте-рін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығары-лып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырыл-ған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қар-жылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көр-ді.

Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның же-келей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылма-ған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға бола-ды:

1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңі-мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құ-рылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қоры-тынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік бере-ді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнын-дағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек тарал-ған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылы-ғы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдау-дың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.

Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау кажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз бо-луы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттел-меген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытын-ды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.

Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін тал-даудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қар-жылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі [17].

О.В.Ефимов өзінің "Қаржылық жағдайды қалай талдау керек" деген еңбегін-де талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның кұрылымын баға-лаудан бастайды.

И.М.Лоханина мен 3.К.Золкина [19] алдымен есеп беруді құрастырудың са-пасын тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорын-ның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілетті-гіне тереңдетілген талдау жасайды.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин ұсынады. Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңде өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақты-лықты абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша кәсіпорынның қар-жылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бас-тапқы пунктін құрайды. В.А. Андреев [20] және В.В. Ковалев [21] кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау.
2. ЖШС "НУРТАС" компаниясының қаржылық жағдайын талдау

2.1 Ұйымның жалпы сипаттамасы


ЖШС "НУРТАС" компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтау-мен айналысу болып табылады.

Компанияның орталық офисі ЖШС "НУРТАС" Алматыда орналасқан.

Жұмысшылар саны 85 адамды құрайды.

Компанияның айналымы 2006 жылы 30,5 млн. тенге құрады.

Соңғы 12 жылда ЖШС "НУРТАС" компаниясы Ақтөбеде, Атырадау, Актауда, жобаларды іске асырумен айналысты.

ЖШС "НУРТАС" компаниясы Қазақстанда Қашағанды игеріп жатқан Agip KCO консорциумымен, «Казахойл Павлодар» компаниясымен және «Керекушевройлмен» (ТШО) қызмет жасайды.

ЖШС "НУРТАС" компаниясының басқарушылық құрылымы төмендегі 1- суреттетен көруге болады.

Бас директор

Бас бухгалтер

Сауда төрағасы

Бас инженер

Бухгалтерия

Жабдықтау

Сбыт

Цех бастығы

Сурет-1. ЖШС "НУРТАС" компаниясының басқарушылық құрылымы

2.2 Ұйымның мүліктік жағдайын және ұйымның төлем қабілеттілігін талдау
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алай-да, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз. Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 3-аналитикалық кесте құрылады.

Кесте-3 - ЖШС "НУРТАС" компаниясының техникалық-экономикалық көрсеткіштері (мың, тг.)





Көрсеткіштердің

аты

2017

2018

2019

Орташа құны

1

Дайын өнімнің сатылу кірісі (тауар, жұмыс, қызмет)

164156

360932

410325

311804

2

Дайын өнімнің сатылған өзіндік құны (тауар, жұмыс, қызмет)

146454

308499

542012

338322

3

Жалпы табыс

17702

52433

83441

51192

4

Кезең шығындары, -соның ішінде:

  • сату бойынша шығындар

  • жалпы және әлеуметтік шығындар

121054

2710


118344

166910

2398

164512

171895

2185

158635

153286

2431

147164

5

Негізгі қызмет табысы(зиян)

-103352

-114477

-101563

-37653

6

Негізгі емес қызмет табысы (тауар, жұмыс, қызмет)

-2017

304396

307586

203322

7

Салық салудан жай қызметке дейінгі табыс(зиян)

-105369

189919

198731

94427

8

КТС шығындары

-

8573

9315

8944

9

Салық салудан кейінгі жай қызмет шығыны(зиян)

-105369

181346

215405

97127

10

Таза табыс(зиян)

-10369

181346

173642

83206

Қорыта келе, ЖШС "НУРТАС" 2017-2019 ж. аралығындағы техникалық-экономикалық көрсеткіштері қаржылық есеп көрсеткіштері бойынша дайын өнімнің сатылу кірісі бойынша 2017 жылы 164156 мың тг. болғанын, 2018 жылғы көрсеткіш бойынша 308499 мың, тг., ал 2019 жылы 542012 мың тг-ге дейін көбейген. Үш жылдық орташа құнды алатын болсақ 311804 мың тг. тең болып отыр.дайын өнімнің сатылған өзіндік құны бойынша, 146454 мың тг., ал 2018 жылы 308499 –ға жеткен болса, 2019 жылы 542012 мың тг. пайда болған.

Орташа жылдық құн бойынша 97127 ге тең болып отыр. Таза табыс(зиян) -105369 мың тг-ге базистік жылы зиян көрсе, өткен жылы 181346 мың тг. көбейгені, 2019 жылы 173642 мыңға төмендегені орташа есеп бойынша 83206 мың тг-ге тең болып отыр. 2017 жылғы қаржылық есеп көрсеткіштері бойынша зиян мен табыс бірдей болғанын, ал 2017-2019 жылдары ЖШС "НУРТАС" қаржылық жағдайы жоғарлағаның байадық.

Кесте-4 - ЖШС "НУРТАС" компаниясының баланс активтерінің құрамы мен құрылуы



Активтер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+ ; -)



Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлес салмағы, %

Ұзақ мерзімді активтер



















Негізгі құралдар

147 795

210 260

40,03

58.44

+62 465

+42,26

Аяқталмаған өндіріс

45 300

17 280

12,27

4,80

-28 020

-61,85

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

18 590

18 590

5.03

5.17

0

0

Алдағы кезең шығындары

395

655

0,11

0,18

+260

+65,82

Жиыны

212 080

246 785

57.44

68,60

+34 705

+16,36

Қысқа мерзімді активтер







0,00

0,00

0

0,00

Тауарлы-материалдық қорлар

57 780

53 600

15,65

14,90

-4 180

-7,23

Дебиторлық борыш

91 595

47 525

24,81

13,21

-44 070

-48,11

Қысқа мерзімді қаржылық салымдар

0

670

0,00

0,19

+670




Ақша қаражаттары

1 505

5 470

0,41

1,52

+3 965

+263,46

Басқа да қысқа мерзімді активтер

6 290

5 715

1,71

1,58

-575

-9,14

Жиыны

157 170

112 980

42,56

31,40

-44 190

-28,12

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

2,57

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы-ның есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2,57%-ға кемігенін көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді тал-дай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.

5-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ағымдағы және ұзақ мерзім-ді активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 14,88 пунктке аз болса (42,56-57,44), жыл аяғында ол 37,2 пунктке (52,33-47,67) дейін төмендеді және 31,40%-ды құрады.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мо-бильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін си-паттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмыс-ты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскенді-гін көрсетеді.

Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруа-шылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінін бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге бол-майды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табыла-ды да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді. Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген деби-торлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылы-мын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс [1].
2.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығын және табыстылығын талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады. Баланстың топтастырылған баптарын 4-кесте түрінде көрсету орынды болады.

Кесте 5 - ЖШС "НУРТАС" компаниясының мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет