Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық егіздері



бет2/3
Дата06.02.2020
өлшемі336 Kb.
#57319
1   2   3
Байланысты:
КУРСТЫ0 Ж

Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:

К= (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3)

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 1,3;

жыл соңында – 1,07;

Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып табылады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау анықтау үшін кә-сіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және да-йындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қол-данылады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады:

-абсолютті өтімділік коэффициенті;

-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен не-сие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасы-на қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді [21,22].

А.Д.Шеремет, А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Ефимова және тағы басқа-лар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемеле-рін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең теменгі көрсеткіш бола алады [2,18,6] деп санайды.

Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағ-дайларға тәуелді болады.

Каржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерт-теу үшін келесідей талдау 6-кестесі құрылады.

Кесте 6 - ЖШС "НУРТАС" компаниясының авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы.



Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+;-)




Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлес салмағы%

Меншікті капитал



















Жарғылық капитал

13 395

13 395

3,63

3,72

0




Қосымша капитал

223 375

223 375

60,49

62,09

0




Резервтік капитал

3 225

3 225

0,87

0,90

0




Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

60 480

59 415

16,38

16,51

-1 065

-1,76

Жиыны

300 475

299 410

81,37

83,22

-1 065

-0,35

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

0,00

0,00

0




Қысқы мерзімді міндеттемелер



















Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт

5 325

3 175

1,44

0,88

-2 150

-40,38

Кредитолық борыш

44 325

41 835

12,00

11,63

-2 490

-5,62

Алдағы кезең кірістері

3560

3 570

0,96

0,99

+10

+0,28

Баса да несиелік борыштар

15 565

11 775

4,22

3,27

-3 790

-24,35

Жиыны

68 775

60 355

18,63

16,78

-8 420

-12,24

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

2,57

6-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффи-циенті 0,814-ден 0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, мен-шікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер [23].



Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдолан-ған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары ара-сындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :

Д= Д- Р

Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;

Д- жалпы табыс;

Р- кезең шығындары.

Кесте 7 - ЖШС "НУРТАС" компаниясы қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер



Көрсеткіштер

Жыл соңы жжжжжжжжылжыл

Жыл басы

Өзгеріс

Сатудан түскен түсім

377 085

364 805

+12 280

Өзіндік құн

376 690

356 350

+20 340

Жалпы табыс

395

8 455

-8 060

Таза табыс (шығын)

-1 065

-2 025

+960

Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен салыстарғанда 3,4%-ға, яғни 12280 мың теңгеге өскеніне қарамастан, кәсіпорынның жалпы табысы 95%-ға немесе 8060 мың теңгеге азайған. Сонымен қатар кәсіпорын өткен және ағымдағы кезеңдердегі таза табыс таппай отыр. Алайда шығын мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 960 мың теңгеге азайған және ол 1065 мың теңгені құ-рады. Жалпы табыстың азаюы рентабельділіктің төмендеуі мен өндірістік шы-ғындардың өсуін білдіреді. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.


3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары

3.1 Ұйымның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру


Кәіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы – кәсіпо-рын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.

Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын же-тілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттары-ның кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағда-рыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық деңгейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады [24].



Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге ба-ғытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қар-жылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағым-дағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін ал-дағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағыт-талған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол – ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтама-сыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытта-луы тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұ-рақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың бағытттарын қарастырайық (сурет-2):

Сурет–2 Қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет