2.1. Есептің қойылымы Қазіргі таңдағы жаңа ақпараттық технологияның ұшқан құстай дамуына байланысы ақпарат саласында елеулі жаңалықтар болды. Бұрыңғы ақпарат жаңалықтары тек радио,газет,журнал және ауыз екі тараған болса қазыргі заман ақпараттары тек жаңа компьютерлік желілер арқылы тарайтын болды. Осы компьютерлік желінің пайда болуы ақпараттық технологияның дауының бір төңкерісі болды деуге болады. желі арқылы мұхиттың арғы жағыменде байланысуға болатын болды бұның бәрі web-сайттары арқылы жүзеге асады. web-сайт жасайтын программалар өте көп олардың ішіндегі жиі пайдаланатын программалар html,java,css,php,және басқалар.Білім саласы медицина саласы сауда саттық саласы және басқа қоғамдық қызмет көрсету салалары болсын барлығының дамуына желі көп көмектесіп отыр.
HTML (Hyper Text Markup Language-гипермәтіндік белгілеу тілі) – қатаң ережелері бар компьютерлік тіл.HTML тілінде құжаттың авторы өз мәтінін тегтер деп аталатын символдар көмегімен арнайы файлға – Web-бетке айналдырады. Web-беттің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы да арнаулы HTML тілінде жазылғандықтан бұл құжаттардың кеңейтілмесі .htm немесе .html болып келеді. HTML тіліндегі құжат – құжаттың негізгі мәтінінен және тегтерден тұрады. Бұл файлды құру үшін қарапайым мәтіндік редактор Блокнотты қолдансақ та болады. Барлық тегтер «кіші» (<) символынан басталады да «үлкен» (>) символымен аяқталады. Бұл символдар жұбын бұрыштықжақшалар деп те атайды. Ашылған бұрыштық символдан кейін тегті анықтайтын өзектісөздер орналасады. HTML тілінің тегтері құжаттың арнаулы бөлігіне ғана, мысалы, абзацқа ғана әсер етеді. Сондықтан да ашылатын және жабылатын – жұп тегтер қолданылады. Ашылатын тег құжаттың бөлігіне қандайда бір әсер береді, ал жабылатын тег осы әсерді доғарады. Жабылатын тегтер – «/» - символымен басталады.