Сабақ жоспары № Топ атауы



Дата14.05.2020
өлшемі17,71 Kb.
#68061
түріСабақ
Байланысты:
технология жаңалықтары


Күнтізбелік-тақырыптың жоспардың

сабақ жоспары

_______




Топ атауы













Өткізілген күні














Сабақтың тақырыбы:Бүгінгі технология жаңалықтары

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: студенттерге Бүгінгі технология жаңалықтары туралы ақпарат, тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту.



ә) дамытушылық: арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту;

ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.



б) тәрбиелік: қазақтың нақыл сөздерін құрметтеуге, байлығын қорғауға болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың түрі: жаңа сабақ

ІҮ. Сабақтың әдісі: тапсырмалар, сұрақ-жауап

Ү. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд

ҮІ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, әдебиет

ҮІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын сұрау

70-бет 11-тапсырма (авт Ж.Адамбаева, Ф.Оразбаева)



ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.



Дербес компьютердің пайда болуы

Дербес компьютердің пайда болуы –біздің дәуірдің маңызды ғылыми жаңалығы . Дербес компьютердің пайда болуыXIX ғасырдан бастау алады. АҚШ-тың Intel фирмасы логикалық құрылғыларды бағдарламайтын алғашқы микропроцессор (МП) құрады. Процессор СБИС технологиясы бойынша дайындалған. 1970 жылы Intel фирмасының қызметкері Маршиан Эдвард Хоффд өз функциясы бойынша үлкен ЭЕМ орталық процессорына ұқсас интегралдық сызбасын құрастырады. Осылайша Intel-4004 алғашқы микропроцессоры пайда болады. Процессор 4004 4 биттік болды. Жұмыс істеу жылдамдығы секундына 60 мың операцияны құраған. Оның құрамында бір кристалда 2300 транзистор болған. Процессордың 200 доллар тұрды.

ІВМ РС компьютері 1980 жылдардың басында қолданыла бастады. 1975 жылы Бейл Гейтс досы Пол Алленмен бірге алғаш рет Basic тілін Altair 8080 дербес компьютерін бағдарламамен қамтамасыз ету үшін қолданады. Олар Mikro-Soft компаниясын құрды, кейін оны Mikrosoft деп өзгертті. Ол компания компьютерді бағдарламамен қамтамасыз етумен айналысты. 1985 жылы бірінші OC Windows пайда болды.
Мәтіндегі кейбір сөздердің мағынасын түсініп алыңдар.

дербес компьютер - персональный компьютер

ғылыми жаңалық - научные открытие

бастау алады - берет начало

1-тапсырма.  Мәтінді түсініп оқыңдар.

Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңдер.

1.Біздің дәуіріміздің маңызды жаңалықтарының бірі не?

2.Дербес компьютер қай кезде пайда болды?

3.Алғашқы микропроцессорды кімдер құрады?

4.Процессор қандай технолгия бойынша дайындалды?

5.Intel-4004 микропроцессорын кім құрастырды?

6.1975 жылы Бейл Гейтс досы Пол Аллен қандай компания құрды?

7.. 1985 жылы не пайда болды?


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына сөз тіркестерін қойып жазыңдар.

Біздің дәуірдің маңызды ғылыми жаңалықтарының бірі - .............. пайда болды. Дербес компьютердің пайда болуы .................... бастау алады. 1971 жылыIntel фирмасының қызметкері М. Эдвард .... ..... құрастырды. Осылайша Intel -4004 алғашқы .......... пайда болды. Процессордың ..... 200 доллавр тұрды.


3-тапсырма. Мәтіннен информатика пәніне қатысты терминдерді тауып жазыңдар. Екі термин сөзді жай және тәуелді түрде септеңдер.
4-тапсырма. Мәтіннен ашық райда тұрған сөздерді табыңдар.
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Сенде дербес компьютер бар ма?

2.Ол қанша ядролы?

3.Сен компьютерді қандай мақсатта пайдаланасың?



4.Компьютердің саған пайдасы бар ма? Пайдасы бар болса, ол қандай?
ІІІ. Қорытындылау

ІҮ. Үйге тапсырма
Дербес компьютер туралы ақпарат жинап келу

Ү. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет