Mms 1209 Модуль Soft Skills



Дата08.11.2023
өлшемі31,65 Kb.
#190056
түріРеферат
Байланысты:
Ерсайнұлы Мейржан ЭЭ-21-1к БОӨЖ Soft Skills


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ



БОӨЖ

MMS 1209 Модуль Soft Skills


БОӨЖ тақырыбы: Адам өміріндегі коммуникацияның алатын орны мен ролі
Орындаған: Ерсайнұлы Мейржан
Тексерген: Бакеев Бақыт
Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар адам өмірінің құрамдас бөлігіне айналып отырғаны белгілі. Ақпараттар легінің толассыздығы оны тарату технологияларының әралуандылығына байланысты болып табылады. Ақпараттық технологиялар арқылы тұлғаның мәліметтерге қол жетімділігі, байланысу мүмкіндігі артты. Осы орайда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлін негіздеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығындағы «Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасында «Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады», — деп көрсетіледі [1]. Ақпаратқа ие бола отырып, оны тиімді және оңтайлы пайдалануға бағдарлану өмірдің кез келген арнасында қажетті екені сөзсіз. Аталмыш бағдарламаның негізгі міндеттері — мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін, инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту болып табылады. Ақпарат құралдары, теледидар, радио, смартфондар және т. б. отбасынан тыс тұлғаның мінез-құлық үлгісіне, қызығушылықтарына және құндылықтарына әсер ететін арнаға айналды. Осы орайда соңғы кездері тұлғалық және дәстүрлі отбасылық құндылықтардың сипаты өзгеруде. Тұлға ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы жалпылама таратылған мәліметтерді алады. Әрине өзінің қызығушылықтарына бағдарлана отырып, ақпараттардың баламалы нұсқаларын да таба алады. Сондай-ақ тұлға ақпараттық технологияларды коммуникация құралы ретінде пайдаланатыны белгілі. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ) — ақпарат өңдеудің әртүрлі тәсілдерін, механизмдерін, құрылғыларын, алгоритмін сипаттайтын ұғым. АКТ-нің ең заманауи құрылғысы әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз етілген және ақпарат орналастыруға мүмкіндік беретін телекоммуникация тәсілдерімен жабдықталған компьютер болып табылады [2]. Зерттеушілердің зерттеулерінде ақпараттық технологиялардың дамуы «түймешікті мәдениет» қалыптасу туралы шешім жасауға және өзге адамдармен тікелей қарым-қатынастан гөрі сол құрылғылар арқылы өзара әрекеттесуге түсуді әдетке айналдырған «шертуші адамның» ерекше үлгісінің көрінуіне мүмкіндік береді деп көрсетіледі [3]. Жоғарыдағы мәселелерге орай ақпараттық қоғам оны тарататын технологиялардың дамуымен сипатталады. Тұлға осы қоғамның құрамдас бөлігі ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік құндылықтарды табады. Құндылықтар тұлға үшін маңызды болып табылатын құрылымдарды жүйелейді. Тұлғаның құндылықтар жүйесі әлемге қатынасының іргетасы болып табылады. Құндылықтарды қоршаған әлемдегі нысандардың жағымды немесе жағымсыз мәнділігі ретінде тұжырымдауға болады. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бағалау өзінен өзі емес, олардың адамзаттың өмірлік әрекетіне, олардың қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне және әлеуметтік қатынастарына байланысты келеді. Ақпараттандыру заманында кез келген саланы, жалпы өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес екені анық. Қазіргі таңдағы ақпараттық төңкерістердің қарқынды дамуының нәтижесінде ақпарат мемлекеттің, тіпті отбасының басты ресурсына айналып отыр. Коммуникациялық ортада ақпараттық мемлекет деген жаңа ұғым туындады. Ақпараттық қоғам — ақпараттық-коммуникативтік технологиялар пайдалану негізінде ақпараттық үдерістер жүзеге асатын қоғам, ал ақпараттық ресурстар барлық халықтың ауқымына қолжетімді болып табылады. Кез-келген коммуникация құралын пайдалану дамытушы сипатты ғана емес, тұлғаның оған деген қатынасын танытады [4]. Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар адам өмірінің құрамдас бөлігіне айналып отырғаны белгілі. Ақпараттар легінің толассыздығы оны тарату технологияларының әралуандылығына байланысты болып табылады. Ақпараттық технологиялар арқылы тұлғаның мәліметтерге қол жетімділігі, байланысу мүмкіндігі артты. Осы орайда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлін негіздеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығындағы «Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасында «Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады», — деп көрсетіледі [1]. Ақпаратқа ие бола отырып, оны тиімді және оңтайлы пайдалануға бағдарлану өмірдің кез келген арнасында қажетті екені сөзсіз. Аталмыш бағдарламаның негізгі міндеттері — мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін, инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту болып табылады. Ақпарат құралдары, теледидар, радио, смартфондар және т. б. отбасынан тыс тұлғаның мінез-құлық үлгісіне, қызығушылықтарына және құндылықтарына әсер ететін арнаға айналды. Осы орайда соңғы кездері тұлғалық және дәстүрлі отбасылық құндылықтардың сипаты өзгеруде. Тұлға ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы жалпылама таратылған мәліметтерді алады. Әрине өзінің қызығушылықтарына бағдарлана отырып, ақпараттардың баламалы нұсқаларын да таба алады. Сондай-ақ тұлға ақпараттық технологияларды коммуникация құралы ретінде пайдаланатыны белгілі. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ) — ақпарат өңдеудің әртүрлі тәсілдерін, механизмдерін, құрылғыларын, алгоритмін сипаттайтын ұғым. АКТ-нің ең заманауи құрылғысы әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз етілген және ақпарат орналастыруға мүмкіндік беретін телекоммуникация тәсілдерімен жабдықталған компьютер болып табылады [2]. Зерттеушілердің зерттеулерінде ақпараттық технологиялардың дамуы «түймешікті мәдениет» қалыптасу туралы шешім жасауға және өзге адамдармен тікелей қарым-қатынастан гөрі сол құрылғылар арқылы өзара әрекеттесуге түсуді әдетке айналдырған «шертуші адамның» ерекше үлгісінің көрінуіне мүмкіндік береді деп көрсетіледі [3]. Жоғарыдағы мәселелерге орай ақпараттық қоғам оны тарататын технологиялардың дамуымен сипатталады. Тұлға осы қоғамның құрамдас бөлігі ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік құндылықтарды табады. Құндылықтар тұлға үшін маңызды болып табылатын құрылымдарды жүйелейді. Тұлғаның құндылықтар жүйесі әлемге қатынасының іргетасы болып табылады. Құндылықтарды қоршаған әлемдегі нысандардың жағымды немесе жағымсыз мәнділігі ретінде тұжырымдауға болады. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бағалау өзінен өзі емес, олардың адамзаттың өмірлік әрекетіне, олардың қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне және әлеуметтік қатынастарына байланысты келеді. Ақпараттандыру заманында кез келген саланы, жалпы өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес екені анық. Қазіргі таңдағы ақпараттық төңкерістердің қарқынды дамуының нәтижесінде ақпарат мемлекеттің, тіпті отбасының басты ресурсына айналып отыр. Коммуникациялық ортада ақпараттық мемлекет деген жаңа ұғым туындады. Ақпараттық қоғам — ақпараттық-коммуникативтік технологиялар пайдалану негізінде ақпараттық үдерістер жүзеге асатын қоғам, ал ақпараттық ресурстар барлық халықтың ауқымына қолжетімді болып табылады. Кез-келген коммуникация құралын пайдалану дамытушы сипатты ғана емес, тұлғаның оған деген қатынасын танытады [4]. Тұлғаның әлеуметтік кеңістік сипаттары терең өгерістерге ұшырау нәтижесінде адамзат іс-әрекетінің барлық аймақтары мәнді түрде алға қарай жылжу барысында. Тұлға қалыптасатын аталмыш әлеуметтік кеңістік мәселесі әртүрлі компоненттерден, атап өтетін болсақ, отбасылық ортадан, білім берудің дәстүрлі және жаңа формаларынан, бос уақытын өткізудің кеңейтілген мүмкіндіктерінен, қазіргі медиакеңістіктен және т. б. құралады. Ақпараттық әлеуметтену рөлінің әрдайым артуы, тұлға дамуына қарқынды әсер етуі қоғамнан шеттеліп қаралуы мүмкін еместігін көрсетті. Көптеген ақпараттық- коммуникативтік технологиялар тұлғаның танымдық, интеллектік дамуына ғана емес, олардың рухани әлеуетін кеңейтіп отыр. Сонымен қатар құндылық бағдарларының қалыптасуына тигізер әсері зор. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оның орнын ауыстыру мүмкін емес медиатор рөлін де иеленді десек қателеспейміз. Отбасының бос уақытының мазмұны тәжірибе көрсеткендей, толықтай ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланумен өтеді. Мәселен, теледидар көру, компьютерде, ғаламторда отыру, ұялы телефондағы әртүрлі әлеуметтік желілерді пайдалану қазіргі отбасының әдеттегі әрекетіне айналып отырғаны белгілі. Бұл жағдай әрине алаңдатуды туындатары сөзсіз. Себебі, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы маңыздылығын ескере отырып, оның зиянды тұстарын да естен шығармау қажіттілігін алға тартады. Кез келген іс-әрекетті қадағалау мен шектеу болмайтын болса, онда адамзат өміріне қайшы келетін жағдайлардың орын алуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда отбасылық тәрбиенің жүйелігі туралы сөз де болмайды. Ақпаратты күрделі ақыл әрекетін қажет етпейтін көру арқылы сіңіруі тұлғаның қарым-қатынастағы қиындықтарын да туындатады. Олар ата-аналарымен, отбасының өзге мүшелерімен және өзінің құрдастарымен қарым-қатынасқа аз түсетін болады. Ғалым М. Г. Бреслердің еңбегінде ақпараттық кеңістік қоғамдық шындықтың қарқынды өзгерістеріне индивидтің бейімделу қажеттілігінен туындайтын және әлеуметтік тұрақсыздық кезеңінде көрінетін желілік қауымдастық деп тұжырымдалған [5]. Виртуальді әлемнің кеңейюі шындықты ауқымын тарылтты, тұлғаның қарым-қатынас аймағын қысқартты. Ата-ана баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның іс-әрекетін үй жағдайындағы кеңістікте тұйықтады. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың кең шеңбері қалыптасты. Осындай әлеуметтік мәдени кеңістіктің өзгеруі, әсіресе жасөспірім кезде ақпараттық-коммуникативтік технологияларға қарай бағытталу ата-аналардың, әлеуметтік педагогтардың және педагог-психологтардың алаңдауын туындатты. Әлемдік кеңістікке қосылу мүмкіндігі бар ғаламтор арқылы жасөспірім виртуальді үлгілер, құндылықтар мен мағыналарға ие белгісіздік шекарасына еніп кетуі мүмкін. Жалпы алғанда «жасанды тұлға» жасөспірімнің рөлдік үлгісі бола бастап, ғаламторда виртуальді теңестірулерді қабылдай отырып, оны шынайы өмірде басшылыққа алуы мүмкін. Бұл жағдай жасөспірімнің денсаулығына және психикасына, олардың болашағына әсер етеді. Атап өткендей ақпараттық–коммуникативтік технологиялардың күнделікті өмірге енуі отбасылық қарым-қатынастың кеңістігін өзгертті. Отбасындағы дәстүрлі құндылықтар жүйесі жаңа сипатқа ие бола бастады. Отбасының рөлі төмендеп, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасында дағдарыстар көбеюде. Мұның дәлелі ерлі-зайыптылардың ажырасуы, толық емес отбасылардың көбеюі, некеден тыс және некеге дейінгі қатынастар, жеткіншектердің жүктілігі, әлеуметтік жетімдер санының артуы және т. б. болып отыр. Е. Б. Патаракин мен Б. Б. Ярмахованың зерттеулерінде ғаламтор кеңістігінде «қоныстануды» әдетке айналдыру мәселесі тұжырымдалады [6]. Аталмыш зерттеуде әртүрлі дәрежедегі іс-әрекеттер жаңа технологиялардың әсерінен тасымалданудың жеке кезеңдерінде қарастырылады. Жасөспірім дамуының қазіргі әлеуметтік кеңістігі қоғамдағы анықсыздық пен қобалжу деңгейінің жоғарылауымен сипатталады. Қоғамдағы жағдайлардың жайсыз болуының көрсеткіштері, отбасындағы стрестік жағдайлардың артуы және тәрбиедегі дағдарыстар тұлғаның құндылықтар жүйесінің қалыптасуына әсер етері сөзсіз. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың отбасылық өмірге етене кіруі, мәселен, үйде ұялы телефонды, факстерді, электронды пошталарды және ғаламторды қолдану арқылы үйді қызметтік мақсатта пайдалану, оны «мекемеге» айналдыру жағдайына алып келді. Бос уақытын жасөспірім үшін қажетті отбасымен өткізуге уақыт қалмайды. Отбасылық өмірдің технологияларға бағытталуы отбасылық құндылықтарға қауіп төндіреді. Отбасындағы ересектердің жасөспірімдердің бірлескен іс-әрекетке түсу уақыты азаяды. Мұның салдары конфликтілерден стреске алып келіп, тіпті отбасылық қарым-қатынастағы қаталдықты туындатады. Сондықтан да жасөспірімде отбасының жағымсыз бейнесі қалыптасады. Дегенмен қазіргі әлеуметтік кеңістікке қол жеткізіп отырған ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғам дамуындағы рөлінің маңыздылығы зор екендігін де ұмытпаған жөн. Жаһандану қоғамында ақпараттың тасымалдануы әлеуметтік үдерістердің динамикасына мәнді әсер етеді. Бұл тұтастай әлеуметтенуге, әлеуметтік тәжірибені тасымалдауға және алатын жаңа тәсілдердің көріністерін бекітуге көмектеседі. Қазіргі таңда заманауи жастардың қалыптасуында ақпараттандырудың жаһандық үдерістерінің рөлін бағалауға назар аударуда. Тұлғаға ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың позитивті және негативті әсерін ажыратып көрсететін зерттеулер қатары көбеюде. Әсіресе қазіргі кезеңде қоғамның дамуы құндылық бағдарлар аймағында болып жатқан өзгерістермен өзекті болып отыр. Себебі осы құндылық бағдарлар әлеуметтік өзгерістердің жылдамдығы мен бағыттылығын анықтайды. Қорытындылай келе, бүгінгі таңдағы ақпарат заманында оны қабылдау, өңдеу және тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне қол жеткізетін ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлін негіздеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Әдебиет:
«Ақпараттық Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасы. — Астана. — 8.03. 2013 ж. Библиотека «ИНФОУРОК» [Электронный ресурс]: http://physics.herzen.spb.ru/teaching/materials/gosexam/b25.htm Бергер А. Видеть — значит верить. Введение в зрительную коммуникацию. — М.: Вильямс, 2008. — С. 43. Жеткіншектердің әлеуметтік желілерге тәуелділігінің алдын алу. Астананың 20 жылдығына арналған «Ұлы Дала Астанасы (Астана великой степи)». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфенция материалдары. — Семей, 2018. — 59–62 бб. Бреслер М. Г. Социальные сети и сетевые сообщества. Информационное общество. — Уфа, 2014. [Электронный ресурс]: http://www.academia.edu/7107751/ Повседневная сетевая культура как решение классификационных задач // «Образовательные технологии и общество», 2007. http://ifets.ieee.org/russian/depository/v10_i2/html/3.htm.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет