Реферат Пәні: Ақпараттық коммуникациялық технолгиялар Тақырыбы: акт қалай өмірімізге әсер етеді. Қазіргі таңда akt- нің жағдайы



Дата27.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#188516
түріРеферат
Байланысты:
РЕФЕРАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

“METU”УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Пәні: Ақпараттық коммуникациялық технолгиялар


Тақырыбы: АКТ қалай өмірімізге әсер етеді. Қазіргі таңда AKT- нің жағдайы.

Орындаған: ПИ-23-1.3к тобы Сәбит.Д.Б


Тексерген: Карымсакова Д.Т

Алматы 2023ж




Жоспар:
1.Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар адам өмірінің құрамдас бөлігі.


2. Қазіргі таңда АКТ-нің жағдайы.


3. Ақпараттық технологияның пайдасы


4. Қазақстандағы заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы


Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар адам өмірінің құрамдас бөлігі


Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар адам өмірінің құрамдас бөлігіне айналып отырғаны белгілі. Ақпараттар легінің толассыздығы оны тарату технологияларының әралуандылығына байланысты болып табылады. Ақпараттық технологиялар арқылы тұлғаның мәліметтерге қол жетімділігі, байланысу мүмкіндігі артты. Осы орайда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлін негіздеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығындағы «Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасында «Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады», — деп көрсетіледі . Ақпаратқа ие бола отырып, оны тиімді және оңтайлы пайдалануға бағдарлану өмірдің кез келген арнасында қажетті екені сөзсіз. Аталмыш бағдарламаның негізгі міндеттері — мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін, инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту болып табылады. Ақпарат құралдары, теледидар, радио, смартфондар және т. б. отбасынан тыс тұлғаның мінез-құлық үлгісіне, қызығушылықтарына және құндылықтарына әсер ететін арнаға айналды. Осы орайда соңғы кездері тұлғалық және дәстүрлі отбасылық құндылықтардың сипаты өзгеруде. Тұлға ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы жалпылама таратылған мәліметтерді алады. Әрине өзінің қызығушылықтарына бағдарлана отырып, ақпараттардың баламалы нұсқаларын да таба алады. Сондай-ақ тұлға ақпараттық технологияларды коммуникация құралы ретінде пайдаланатыны белгілі. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ) — ақпарат өңдеудің әртүрлі тәсілдерін, механизмдерін, құрылғыларын, алгоритмін сипаттайтын ұғым. АКТ-нің ең заманауи құрылғысы әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз етілген және ақпарат орналастыруға мүмкіндік беретін телекоммуникация тәсілдерімен жабдықталған компьютер болып табылады . Зерттеушілердің зерттеулерінде ақпараттық технологиялардың дамуы «түймешікті мәдениет» қалыптасу туралы шешім жасауға және өзге адамдармен тікелей қарым-қатынастан гөрі сол құрылғылар арқылы өзара әрекеттесуге түсуді әдетке айналдырған «шертуші адамның» ерекше үлгісінің көрінуіне мүмкіндік береді деп көрсетіледі . Жоғарыдағы мәселелерге орай ақпараттық қоғам оны тарататын технологиялардың дамуымен сипатталады. Тұлға осы қоғамның құрамдас бөлігі ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік құндылықтарды табады. Құндылықтар тұлға үшін маңызды болып табылатын құрылымдарды жүйелейді. Тұлғаның құндылықтар жүйесі әлемге қатынасының іргетасы болып табылады. Құндылықтарды қоршаған әлемдегі нысандардың жағымды немесе жағымсыз мәнділігі ретінде тұжырымдауға болады. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бағалау өзінен өзі емес, олардың адамзаттың өмірлік әрекетіне, олардың қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне және әлеуметтік қатынастарына байланысты келеді. Ақпараттандыру заманында кез келген саланы, жалпы өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес екені анық. Қазіргі таңдағы ақпараттық төңкерістердің қарқынды дамуының нәтижесінде ақпарат мемлекеттің, тіпті отбасының басты ресурсына айналып отыр. Коммуникациялық ортада ақпараттық мемлекет деген жаңа ұғым туындады. Ақпараттық қоғам — ақпараттық-коммуникативтік технологиялар пайдалану негізінде ақпараттық үдерістер жүзеге асатын қоғам, ал ақпараттық ресурстар барлық халықтың ауқымына қолжетімді болып табылады. Кез-келген коммуникация құралын пайдалану дамытушы сипатты ғана емес, тұлғаның оған деген қатынасын танытады.







Қазіргі таңда АКТ-нің жағдайы


Ақпараттық әлеуметтену рөлінің әрдайым артуы, тұлға дамуына қарқынды әсер етуі қоғамнан шеттеліп қаралуы мүмкін еместігін көрсетті. Көптеген ақпараттық- коммуникативтік технологиялар тұлғаның танымдық, интеллектік дамуына ғана емес, олардың рухани әлеуетін кеңейтіп отыр. Сонымен қатар құндылық бағдарларының қалыптасуына тигізер әсері зор.


Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оның орнын ауыстыру мүмкін емес медиатор рөлін де иеленді десек қателеспейміз. Отбасының бос уақытының мазмұны тәжірибе көрсеткендей, толықтай ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланумен өтеді. Мәселен, теледидар көру, компьютерде, ғаламторда отыру, ұялы телефондағы әртүрлі әлеуметтік желілерді пайдалану қазіргі отбасының әдеттегі әрекетіне айналып отырғаны белгілі. Бұл жағдай әрине алаңдатуды туындатары сөзсіз. Себебі, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы маңыздылығын ескере отырып, оның зиянды тұстарын да естен шығармау қажіттілігін алға тартады. Кез келген іс-әрекетті қадағалау мен шектеу болмайтын болса, онда адамзат өміріне қайшы келетін жағдайлардың орын алуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда отбасылық тәрбиенің жүйелігі туралы сөз де болмайды. Ақпаратты күрделі ақыл әрекетін қажет етпейтін көру арқылы сіңіруі тұлғаның қарым-қатынастағы қиындықтарын да туындатады. Олар ата-аналарымен, отбасының өзге мүшелерімен және өзінің құрдастарымен қарым-қатынасқа аз түсетін болады. Ғалым М. Г. Бреслердің еңбегінде ақпараттық кеңістік қоғамдық шындықтың қарқынды өзгерістеріне индивидтің бейімделу қажеттілігінен туындайтын және әлеуметтік тұрақсыздық кезеңінде көрінетін желілік қауымдастық деп тұжырымдалған . Виртуальді әлемнің кеңейюі шындықты ауқымын тарылтты, тұлғаның қарым-қатынас аймағын қысқартты. Ата-ана баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның іс-әрекетін үй жағдайындағы кеңістікте тұйықтады. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың кең шеңбері қалыптасты. Осындай әлеуметтік мәдени кеңістіктің өзгеруі, әсіресе жасөспірім кезде ақпараттық-коммуникативтік технологияларға қарай бағытталу ата-аналардың, әлеуметтік педагогтардың және педагог-психологтардың алаңдауын туындатты. Әлемдік кеңістікке қосылу мүмкіндігі бар ғаламтор арқылы жасөспірім виртуальді үлгілер, құндылықтар мен мағыналарға ие белгісіздік шекарасына еніп кетуі мүмкін. Жалпы алғанда «жасанды тұлға» жасөспірімнің рөлдік үлгісі бола бастап, ғаламторда виртуальді теңестірулерді қабылдай отырып, оны шынайы өмірде басшылыққа алуы мүмкін. Бұл жағдай жасөспірімнің денсаулығына және психикасына, олардың болашағына әсер етеді. Атап өткендей ақпараттық–коммуникативтік технологиялардың күнделікті өмірге енуі отбасылық қарым-қатынастың кеңістігін өзгертті. Отбасындағы дәстүрлі құндылықтар жүйесі жаңа сипатқа ие бола бастады. Отбасының рөлі төмендеп, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасында дағдарыстар көбеюде. Мұның дәлелі ерлі-зайыптылардың ажырасуы, толық емес отбасылардың көбеюі, некеден тыс және некеге дейінгі қатынастар, жеткіншектердің жүктілігі, әлеуметтік жетімдер санының артуы және т. б. болып отыр. Е. Б. Патаракин мен Б. Б. Ярмахованың зерттеулерінде ғаламтор кеңістігінде «қоныстануды» әдетке айналдыру мәселесі тұжырымдалады . Аталмыш зерттеуде әртүрлі дәрежедегі іс-әрекеттер жаңа технологиялардың әсерінен тасымалданудың жеке кезеңдерінде қарастырылады.
Жасөспірім дамуының қазіргі әлеуметтік кеңістігі қоғамдағы анықсыздық пен қобалжу деңгейінің жоғарылауымен сипатталады. Қоғамдағы жағдайлардың жайсыз болуының көрсеткіштері, отбасындағы стрестік жағдайлардың артуы және тәрбиедегі дағдарыстар тұлғаның құндылықтар жүйесінің қалыптасуына әсер етері сөзсіз. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың отбасылық өмірге етене кіруі, мәселен, үйде ұялы телефонды, факстерді, электронды пошталарды және ғаламторды қолдану арқылы үйді қызметтік мақсатта пайдалану, оны «мекемеге» айналдыру жағдайына алып келді. Бос уақытын жасөспірім үшін қажетті отбасымен өткізуге уақыт қалмайды. Отбасылық өмірдің технологияларға бағытталуы отбасылық құндылықтарға қауіп төндіреді. Отбасындағы ересектердің жасөспірімдердің бірлескен іс-әрекетке түсу уақыты азаяды. Мұның салдары конфликтілерден стреске алып келіп, тіпті отбасылық қарым-қатынастағы қаталдықты туындатады. Сондықтан да жасөспірімде отбасының жағымсыз бейнесі қалыптасады. Дегенмен қазіргі әлеуметтік кеңістікке қол жеткізіп отырған ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғам дамуындағы рөлінің маңыздылығы зор екендігін де ұмытпаған жөн. Жаһандану қоғамында ақпараттың тасымалдануы әлеуметтік үдерістердің динамикасына мәнді әсер етеді. Бұл тұтастай әлеуметтенуге, әлеуметтік тәжірибені тасымалдауға және алатын жаңа тәсілдердің көріністерін бекітуге көмектеседі. Қазіргі таңда заманауи жастардың қалыптасуында ақпараттандырудың жаһандық үдерістерінің рөлін бағалауға назар аударуда. Тұлғаға ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың позитивті және негативті әсерін ажыратып көрсететін зерттеулер қатары көбеюде. Әсіресе қазіргі кезеңде қоғамның дамуы құндылық бағдарлар аймағында болып жатқан өзгерістермен өзекті болып отыр.
Ғаламтор мен ұялы телефондағы агенттің бала психикасына әсері
Бүгінде «maіl. ru» қызметіне жүгінбейтін адам аз. Әсіресе жастар арасында «агентшілердің» қатары күн санап көбейіп келеді. «Maіl. ru» компаниясының деректеріне жүгінсек, «м - агент» қызметін айына 9 миллион адам пайдаланады, ал оған бір уақытта 2 миллионнан аса адам қосылады екен. Компьютерді былай қойып, енді қалта телефонына еніп алған бұл байланыс желісінің тиімділігі айтпаса да түсінікті. Бірақ оның зияны жоқ деп айта аламыз ба? «Агентте» сағаттап отыратын адамдардың денсаулығында қандай өзгерістер болуы мүмкін?
* Интернет - тәуелділік» ұғымы 1990 жылы пайда болды. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық – эмоционалды «наркоманияға» жатқызады
* Ресей психологтарының мәліметтері бойынша компьютерлік ойын ойнайтын адамдардың 10 - 14% оған тәуелді болады екен. Бұл тәуелділік кез – келген шақта пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірімдер оған әлде қайда бейімдірек болып табылады. Себебі жасөспірімдер дара ерекшеліктеріне сәйкес, кез келген жағдайға тез бейімделгіш болып келеді. Бірақ жасөспірім қандай да болмасын іс - әрекетке түрткі арқылы барады, яғни оның белгілі бір іс - әрекетке баруына өзіндік мотив әсер етеді.


Ақпататтық технологияның пайдасы

Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.
Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді. 
Дәстүрлі білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технолгияларды негізделген дәстүрлі емес оқыту амал- тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл Интернет- технолгиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.
Мен Microsoft Word, Power Point, Excel, Adobe Photoshop, Movie Maker, Internet Explore, My testX, Active Studio т.б.программалармен жұмыс жасай аламын . Ақпараттық – коммуникативтік технологиямен жұмыс істеу – компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық технологиялар ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер
Ақпараттық технологиялар ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б.
Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады:

  • мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы);

  • оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу" стратегиясы);

  • бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік" стратегия);

  • қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау" стратегиясы);

  • қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер белсенділігін үйлестіру ("күштер тепе-теңдігі" стратегиясы);

  • саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны ("имидж қалыптастыру" стратегиясы);

  • қоғамдық пікірді тәртіпке қолайсыз әлеуметтік мәселелерді талқылауға барғызбай, көңілін аулау ("назарын басқаға аудару" стратегиясы).

Ӏс жүзінде мемлекет қызметіне ақпараттық стратегиялар және олармен байланысты техникалық міндеттер кедергі туғызуы да мүмкін.

Ақпарат-коммуникация технологиясын (АКТ) білім беруді бағалауда қолдану туралы тұжырымдамалық карта

Қазақстандағы заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы


Әлемде және Қазақстандағы заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы Ақпараттық-коммуникативті технологиялардың (АКТ) көз қарасы бойынша 2030 жылдардағы болашақ қалай көрінеді? Ақпараттық-коммуникативті технологиялардың пакеті заманауи технологиялық пакеттердің ең даммып келе жатқан пакет ретінде дамудың барлық нұсқаларында басқарушы функцияға ұсынылады. Негізгі бола отырып, АКТ көптеген жағдайларда қоршаған ортаны қалыптастырады, анықтайды және өзгертеді. Ақпараттық технологиялар сол немесе өзге шамада әлемдік технологиялық дамудың барлық құраушылары үшін маңызды болады, ал олардың негізінде құрылатын жаһандық ақпараттық инфрақұрылым дамудың кез келген нұсқасында кездесетін болады. Сценарийлерді жүзеге асыруды әртүрлі нақтылы түрде көрсету кезінде алдағы болашақта міндетті түрде болатын күнделікті өмірді ұйымдастыру жүйелері, негізгі құбылыстар (аспектілер) бар. Мұнымен қоса, бұл негізін қалаушы әлеуметтік-техникалық құбылыстар, кез келген нақты ақпарттық технологияларды жүзеге асыруға инвариантты. Бұған негіз әлемдік және жергілікті тренділерге негізделген және міндетті түрде болатын, шарасыз оқиғаларды дамыту логикасы болып табылады. Мұндай міндетті және шарасыз технологиялар болып табылады:  Елді барлық коммуникация түрлерімен қамту және барлық ел аймағы бойынша ақпараттың жалпыға қол жетімділігі;  Кең мағынада, компьютерлік желіде адамдардың максималды интеграциясы. Мұнымен қатар, бұл байланыстылық тек ұйымдастырушы-техникалық жоспарда ғана емес, сонымен қоса барлық әлеуметтік мәдени ортада жүреді. Сенсорлы және басқа да датчиктермен қоршалған адам Желінің белсенді элементі болады;  Жасанды зерденің өнеркәсіптің, мемлекеттік басқарудың және әлеуметтік өмірдің барлық саласына кеңінен енуі. Адамның орындайтын қызметтерінің бөлігін жасанды зерде негізінде зияткерлік амалдармен нақты алмастыру жүреді. Бұл тікелей ақпараттық-техникалық жүйелерде жоғарғы ықтималдылықпен әр түрлі жүзеге асыру барысындағы базалық жалпылаушы шарттар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет