Жірибе бойынша есеп


КІРІСПЕ Өндірістік тәжірибе



бет2/10
Дата13.12.2021
өлшемі149,92 Kb.
#125547
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қажыбеков Райымбек

КІРІСПЕ
Өндірістік тәжірибе – бұл ұйымдарда нақты жұмыс іс-әрекеті режимінде орын алатын орта арнаулы оқу орнының оқу процесінің практикалық бөлігі. Практика студенттің маман ретінде біліктілігін тағайындау және қорытынды сертификаттау үшін қажет теориялық білім мен дағдыларды бекітуге арналған. Өндірістік практиканың нәтижелері оқу орнында қабылданған нормалар бойынша бағаланады және оқу процесіне сәйкес келеді.

Өндірістік тәжірибеден өту шеңберінде қарастырылатын мәселелер:

- зерттелу объектісіне жобалау алдындағы ақпараттық талдау жүргізу, оның ақпараттандырылуына баға беру, зерттелу нәтижесне жүйелік талдау жасау негізінде АЖ-ның ақпарттық моделін құруды үйрену;

- нақты облыс мысалында мәліметтер базасын құруда тәжірибе жинақтау;

- нақты облыс бойынша ақпараттарды жинақтау, тіркеу, өңдеу технологияларын игеру; ақпараттарды желі бойынша қабылдау, жіберу технологияларын зерттеу;

- локальды және глобальды желілер арқылы мәліметтер алу, жіберу тәсілдерімен жұмыс атқаруға дағдылану;

- жобалауға қажетті ақпараттарды қалыптастыру жане ақпараттық процесстердің мінездемелерін талдау;

- АЖ-лардың техникалық және жұмысшы жобаларын дайындауды үйрену;

- ААЖ-дің, есептеу кешендер мен желілердің қызметін дұрыс жолға қою мәселелерімен танысу; эксплуатациялық қызмет бойынша - есептеу жүйелерінің және желілерін жүйелік, инструменталдық құралдарын орнату, жұмысқа икемдеу

- нақты облыстың функционалдық мәселелерін шешу барысында автоматтандырудың деңгейін анықтау, кемшіліктерін айқындау және шешу жолдарын белгілеу;



- автоматтандыру арқылы технологиялық немесе функционалдық есептерді шешу жолдарын қарастыру.

Мақсаты: cтудент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бағдарлама құру, бағдарламаларды орнату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет