3.2 Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді.
Графикалық элементтер объекттің үстіңгі жағында шығарылады (формалар немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланымыз.
Мысалы:
form1. Canvas. Restangle (10,10,100,100);
Бет (Холст);
Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке нүктелерден-пикселдерден тұрады, олардың әр қайсысы көлденең (Х) және тік (Y) координаталар арқылы анықталады.
Қарандаш және қылқалам
Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.
Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шыарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.
TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:
Color – түзудің түсі(контуры)
Width - түзудің қалыңдығы (пиксель бойынша)
Style - түзудің түрі
Pen.Color – қасиетінің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy clSilver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.
Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
psSolid – біркелкі түзу;
psDash – пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;
psDot - пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;
psClear – түзу көрінбейді.
Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.
Қылқалам (Canvas.Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады.Қылқалам объект сыяқты екі қасиетке ие:
Color- тұйық облысты бояйтын түс;
Style - аймақты толықтыру стилі (типі).
Brush.color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен Tcolor типті атаулы тұрақтыларды қолдануға болады.
Brush.Style қәсиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
bsSolid - біркелкі бояу;
bsClear – облыс болмайды;
bsHorizontal – көлденең штрих;
bsVertical – тік штрих;
bsFDiogonal – ілгері қарай көлбеген диоганалдық штрих.
Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін TextOut әдісі қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай түрде болады:
Объект. Canvas. TextOut(x , y , Текст);
Мұндағы x , y – шығатын мәтіннің координат нүктелері;
Текст – айнымалы немесе символдық типті тұрақты (шығарылатын мәтін).
TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының оң жақ шекара координаттарын,
PenPos қәсиетін пайдаланып алуға болады,
мысалы: TextOut(PenPos.x , PenPos.y , ‘Руб’);
1.8 Қарапайым графиктерді сызу әдістері
LineTo әдісі түзуді қарандаштың ағымдағы орынан координатасы көрсетілген нүктеге дейін сызады.
Объект. Canvas. LineTo(x , y);
MoveTo әдісі қарандашты белгіленген нүктеге апарады.
Объект. Canvas. MoveTo(x , y);
Ellipse әдісі эллипс сызады (жеке жағдайда, шеңбер – параметр мәніне тәуелді болады): Объект. Canvas.Ellipse(x1 , y1,x2,y2);
Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – ішіне эллипс сызылатын тікбұрыш координаттары.
Arc әдісі доға сызады:
Объект. Canvas.Arc(x1 , y1,x2, y2, x3, y3, x4, y4);
Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – эллипс параметрі, эллипс белгілі, яғни сызылатын доға болады.
Rectangle әдісі тіктөртбұрыш сызады:
Объект. Canvas. Rectangle (x1 , y1, x2 , y2);
Мұндағы: x1, y1 және x2, y2 – сол жақ үстінгі және оң жақ астыңғы тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттары.
FillRect әдісі Brush.Color қасиеті арқылы берілген түсімен тіктөртбұрышты бояйды. Бұл әдістің бір ғана параметрі бар, бұл структураның Trect типі.
Мысалы:
Var
R:Rect(20,20,150,150);
With Canvas do
begin
Brush.Color:=clRed;
FillRect(R);
End;
End;
Жоғарыда айтып кеткендей, программа орындайтын графиктерді бетке шығару үшін Canvas қасиеті келеді. Canvas объектісінің Pixels қасиетін пайдалана отырып, графикалық беттің кез келген нүктесін қажетті түске бояуға болады. Мысалы (нұсқауы):
Form1.Canvas. Pixels [10,10]:=clRed;
Форманың бетіндегі нүктені қызыл түске бояйды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл практикалық жұмыста Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктерін көрсететін программа және теориялық материал дайындау болды. Ізденістерімнің нәтижесінде мен көптеген қызықты жайттарға тап болыдым. Және де көп материалды игеріп қана қоймай, графикалық мүмкіндіреін үйрендім. Жалпы практикалық жұмыс мен үшін өте пайдалы болды.
Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның жетістіктері, идеялары қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі – объекті бағытталған программалау тілі. Delphi интегралды ортасы объекті программалау принципіне негізделген. Бұл ортада күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электрондық оқулықтар, мәліметтер қорын құруға болады.
Қазақстан Республикасында ақпараттандыру процессі басталған кезден бастап-ақ оны қолданудың тиімді жолдары іздестіріле басталды. Басында текст теру, электронды кестемен жұмыс жасау сияқты дайын программалардың көмегіне жүгінсе, қазіргі уақытта әр-түрлі салада өзіне әмбебап бағдарламалар дайындауға көшті.
Қазіргі жоғарғы оқу орнындағы ақпаратты жүйелер мамандығы бойынша оқып жатырған студенттердің жұмысының өзі бір саланы автоматтандыруға немесе бір пән бойынша ақпараттандырылған жұмыс орны және тағы да сол сияқты үлкен жобаларды орындауды талап етеді.
Ақпараттық технологияларды жұмыс орнында пайдалану өте тиімді екенін сезінген адамдар оны қолданысқа енгізуге үлкен құлшыныс білдіріп отыр. Апталап жасайтын жұмысты компьютер көмегімен жылдам жүзеге асыруға болады. Сол себепті де ақпараттық технологияларды пайдалану өте тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |