Delphi 6 ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 6 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 6 -ны жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.
Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті командалардан тұрады.
Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған.Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.
Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша , компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге асырылады. Бұл терезені 2 жолмен шақыруға болады.
Палитраның кез-келген жерінен тышқанның оң жақ пернесін басып Properties мәзірін таңдау.
DELPHI–дің артықшылықтары
қосымшаны өндеу жылдамдығы;
Жасалған қосымшаның өнімділігінің жоғарылығы;
Жасалған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін талап етуі;
Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын арттыру;
Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың мүмкіншілігі;
Өнімнің негізгі сипаттамалары.Delphi – бұл бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:
машина кодына аударатын жоғары өнімді компилятор;
объекті-бағытталған модель компонент;
программалық прототиптерден визуальді ( сонымен қатар жылдам ) қосымшаларды құру;
мәліметтер қорын құру үшін арналған масштабталатын құралдар;
Delphi ортасы көп терезелі жүйе тәрізді .Оны жүктеу үшін:
Пуск/программы/Borland delphi/Delphi.
командасын қолданамыз .Жүктелгеннен кейін экранда 4 терезе пайда болады.
Бұл Delphi ортасының негізгі терезесі болып бірінші жолда мәзір орналасқан болып және саймандар тақтасы бар: Стандарт, Вид, Откладка, Палитра пользователя, панель компонентов, рабочая область
1.Негізгі терезе(Project1)
2.Обьектілер инспекторының терезесі . (Object inspector)
3.Форма конструкторының терезесі(form1)
4.Кодтар редакторының терезесі(Unit1.pas)
Бұл терезе объекттер ағаша. Бұл терезеде формадағы барлық компоненттердін дізімі тұрады. + немесе - белгісі бул компоненттін ішкі класында екінші компоненттің бар екендігін білдіреді. Егерде компоненттін аты ерекшеленген болса онда бұл компонент формада екпінді болғанын анықтайды.
Терезесі форма конструкторының терезесі болып бұл терезеге негізгі конпоненттер орналасады.
Бұл терезе объекттер инспекторы болып, мұнда объекттің негізгі параметрлері енгізіледі. Уақиғалар тізімі жазылады. Мұны View/obgect inspector немесе F1клавиші арқылы экранға шығамыз . Obgect inspector терезесі екі жапсырмада тұрады.
Propertits ( қасиет )
Events (жағдай)
Терезесі кодтар редакторының терезесі болып табылады. Бұл терезеде формаға қойылған компоненттердің тізімі, компоненттердің уақиғалар тізімі және сол уақиға сәйкес командалар жазылады.
Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Delphi-де тек қана бір уақытта жасауға болады.
Delphi-де құрылғының қосымша проекті түрінде жиналған бірнеше элементтерден тұрады. Олар
Проект коды (DPR кеңейтілген мен берген формада сақталады)
Форма сипаттамасы (DFM)
Форма модулі (PAS)
Модулдер (PAS)
Объектілер параметрі (ОРТ)
Ресурстар сипаттамасы
Копилтильда таңбасымен өзгеріс енгізеді. Ең қарапайым проектінің өзі көп формадан тұрады. Сондықтан кез-келген проект құру барысында оның барлық элементін сақтайтын каталог ашқан дұрыс.
Негізгі программа төмендегідей құрылымда болады:
Program project1;
Uses Forms,
Unit1 in ‘Unit1. pas’{Form1},
Unit2 in ‘Unit2 . pas’{Form2};
{$R*.RES}
begin
Application. Initialize;
Application. Create Form(TForm1,Form1);
Application.CreateForm(TForm2,Form2);
Application.Run;
End.
Проекті аты проекті файлының атымен сәйкес келеді және дискіге сақталу барысында да ресурстар файлымен проектілер параметрлері файлы да осы атпен аталады. Проект файлының атын өзгерткенде автоматты түрде осы файл аттары өзгереді. Проектіні құру проект файлын компиляциялау барысында орындалады және қосымшаның ехе файл проект атымен аталады.
Проект файлын қарауға және өңдеуге болады. Ол ұшін Progect/view Sourec (проект) (просмотр источника) командасы арқылы ашылады. Формаларды қарау үшін view\Forms…shift+F12. формалар сипаты сақталған файлда форманың өзі мен оның сипаттамасы беріледі. Форма модулінің файлында форма класының сипаты беріледі. Ол форманы қолданғанда автоматты түрде ашады. Қажетті модульді ашу үшін view-Units… немесе ctrl+F12 модульдер файлында кез келген формамен байланыспаған модульдер сақталады. Олар объект pascal тілінде жазылады. Оларды қолдану үшін Uses бөлігінде атты көрсету қажет. Ресурстар файлының проект аты беріледі. Проектіні сақтағанда автоматты түрде құрылады. Delphi-тен ресурстар файлымен жұмыс жасауға арналған графиктік редактор қарастырылған. Бұл Tools\image Editor3.0 командасы арқылы алынады. Ресурстарға
Компаненттер пиктограммасы (.DCR)
Расторлық бейнелер (.BMP)
Қосымшалар пиктограммалары (.ICD)
Курсорлар (.CUR)
Проект параметрлер файлында параметрлер мен олардың мәндері текстік редактордың әр түрлі жолында орналастырылады.
Проектіні компиляциялау және орындау.
Проектіні компиляциялау барысында орындалуға дайын файл немесе динамикалық кітапхана (Д44) құрылады. Компиляциялау процесі Progect\complie<проект аты> ctrlF9 командалары арқылы орындалады және мынандай жағдайлар атқарылады. Соңғы рет компиляцияланғаннан кейін мәні өзгерген модульдердің файлдары компиляцияланады. Нәтижесінде әрқайсысы үшін DCU кеңеймесімен анықталған модулге өзгеріс енгізілген болса, онда осы модулге пайдаланылатын модулге қайта компеляцияланады. Барлық модульдер компиляцияланғаннан кейін проект файлы компиляцияанады да қосымша орындалуға дайын файл құрылады. Проектіні Delphi немесе Windows жүйесінде жүктейді. Delphi ортасында проектіні жүктеу үшін Run/ Run немесе F9 тетігі басылады. Егер қосымша жұмыс жасамай қалса, Delphi ортасында Run/ Program Reset немесе Crtl+F12 командалары арқылы тоқтатылады.
Delphi – ді қосқан соң жоғарғы терезеде компанент палитрасының иконкалары орналасады. Егер курсор бір иконкаға тоқтап қалса, оның астында сары төрт бұрышта көмекші пайда боладлы.
Бұл компонент палитрасынан қосымшаларды құрайтын копоненттерді таңдайды. Компонент құрамы визуальды және логикалық компоненттерден тұрады. Тетік редакциялау жазықтығы сияқты заттар визуальді компоненттер, ол кестелер логикалық болады.
Delphi-де программа визуальді түрде жазылатындықтан, барлық осы компоненттер форма жазықтығында өзінің графикалық көрінісіне ие болады, олармен тиісті түрде операциялану үшін қажет. Бірақ жұмыс істеп тұрған программаға көрініп тұрған тек визуальді копонент болып қалады. Копонент қызметі бойынша палитра беттерінде топталған. Мысалы, Windows “common-dialogs” көрсететін компоненттердің барлығы “Dialogs” деп аталатын палитра бетінде орналасқан.
Delphi ұйымдастырушыға ортаны максимальді ыңғайлылық үшін икемдейді. Компонент палитрасын, құралдар сызғышын оңай өзгертуге және синтаксисті белгілеп, қоюларды түспен икемдеуге болады.
Delphi –де компоненттің өз тобын анықтауға болады, және оны палитра бетіне орналастыру мүмкіндігі бар, сондай-ақ компоненттерді топтау мен пайдаланбайтындарды жойып тастау мүмкіндігі де бар.
Интеллектуальді редактор. Программалар редакциялауды макростарды орындау мен жазуды мәтіндік блокнотпен жұмыс істеуді, икемделетін тетікті комбинацияны және жолдың түсті айырмасын пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.
Графикалық дұрыстағыш. Delphi –де қуатты редакторға енгізілген кодтағы қателерді тауып, оларды жоятын графикалық дұрыстағыш бар. Тоқтау нүктелерін анықтауға, үзілістерді тексеріп, өзгертуге адымдап басу арқылы программаны әрекетін дәл түсінуге болады. Ал егер өте жіңішке дұрыстағыш қажет болса, ассемблердегі нұсқауларды және процессор регисторын тексеріп, бөлек енгізу мүмкіндігі бар Turbo Debugger пайдалануға болады.
Объектілер инспекторы. Бұл құрал бөлек терезе бейнесінде көрінеді, онда сіз программаны жобалау кезінде объектінің жағдайлар мен қасиеттер мағынасын белгілей аласыз (Properties and Events) .
Жоба менеджері. Ұйымдастырушыға тиісті жобада барлық модульдерді қарауға мүмкіндік береді және жобаны басқаратын ыңғайлы механизм мен жабдықтайды. Жоба менеджері файл аттарын, таңдалған форма уақытты және т.б көрсетеді. Мәтін мен формаға тиісті атау үстіне тышқанмен сырт еткізу арқылы тез арада жетуге болады.
Объект навигаторы. Қол жетерлік объектінің кітапханасын көрсетеді және қосымшалар бойынша навигацияны жүзеге асырады. Объект иерархиясын, кітапханадағы компиляцияланған модульдерді және сіздің кодыңыздың глобальді атаулар тізімін қарауға болады.
Меню дизайнері. Менюді жасауға, шаблондар түріндегілерді сақтауға және кейін оларды кез-келген қосымшада пайдалануға болады.
Сарапшылар. Бұл сізге қосымшаларды оңай жобалау мен икемделуін қамтамасыз ететін құрал программасының тобы. Ұйымдастырылған сарапшыларды өз бетінше қосуға мүмкіндік бар. Потенциалды түрде бұл арнайы программаға жазылған Case – құралдарымен Delphi-ді кеңейте алатын үшінші фирмалардың мүмкіндігі. Оның құрамы мынадай:
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін форма сарапшысы.
Қосымшалардың ұстаным мен шаблондар сарапшысы.
Форма шаблонын сарапшысы.
RAD Pack құрамына Delphi фирмасындағы Borland Pascal 7.0 жасалған ресурстарды қайта құратын сарапшы енеді. Қазіргі уақытта DLL құрылысын жеңілдететін және тіпті өзінің сарапшыларын жасайтын сарапшыларда болды.
Интерфейсті оқу жүйесі. Delphi-ді кеңірек игеруге мүмкіндік береді. Ол тек көмекші жүйе ғана емес, сондай-ақ ол Delphi-дің мүмкіндіктерін ұйымдастырушының өз ортасында көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |