Үйірме жетекшісі: Исаканов Айбек Байтайлакович математика пәнінің мұғалімі



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі57 Kb.
#81782
  1   2

«Жас шахматшы» үйірмесі

Үйірме жетекшісі: Исаканов Айбек Байтайлакович математика пәнінің мұғалімі


«Рыков атындағы орта мектебі»КММ
Катонқарағай ауданы Шығыс Қазақстан облысы

Түсінік хат


Оқушыларға шахмат ойынын үйрету олардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға зор әсерін береді. Шахмат ойнай білетін бала аз уақытта ойын шоғырландырып, туындаған жағдаятты сараптауға дұрыс шешім шығаруға үйреніп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынады.
«Жас шахматшы» үйірмесінің оқушыларға берері көп. Шахмат ойыны мен математика пәнін байланыстыра жұмыс жүргізсе, балалардың оқу үлгерімінің артуына, оқу материалдарын қабылдауға ықпалы зор.
«Жас шахматшы» үйірмесінің бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Ойын әліппесі мен тактикасы толық қамтылған. Үйірме сабақтары баланың жеке қасиеттерін ашуға ықпал етеді.
Шахмат ойыны –балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахматқа үйретудің алғашқы баспалдақтарын көрсету- балаларды кеңістікке бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық-синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, іс-әрекетін болжауды дамытуға көмектеседі.Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруына, жүйелеуге, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді. Адамның ойлау жүйесін дамыта түсуде математиканың маңызы зор. Ал шахмат ойыны математикамен тығыз байланысты. Математикалық білімді көтеруде шахмат ойынына үлкен мән беріледі.
Бағдарламаның мақсаты — оқушыларды шығармашылық ізденімпаздыққа баулу, қиялын ояту арқылы ой еңбегіне тәрбиелеу.
Үйірме сабақтарынан оқушы меңгеруге тиісті қабілеттер:
1. Техникалық -оқушылардың жаттығу ойындарында, мектепішілік, аудандық шахмат сайыстарына қатысуда,
-ойын барысында шахматтық есептер мен этюдтарды шешу кезінде қалыптасатын іс әрекеттері.
2. Интеллектуалдық - оқушылардың ойынға сараптама жасауымен;
- арнайы әдебиеттерді оқуымен;
-үздік ойыншылардың ойындарын қарап талдауымен қалыптасатын іс әрекеттері.
Бағдарлама аптасына 1сағат, барлығы 34сағатқа берілген.

Тақырыптық оқу жоспары





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Шахмат ойынының тарихы

1




2

Атақты әлемдік және қазақстандық шахматшылар. Рефераттар қорғау

1




3

Шахмат ойынының математикамен байланысы

1




4

Шахмат фигураларының атауы және орналасу тәртібі

2




5

Шахмат тақтасы және нотация

1




6

Шахмат фигураларының жүрістері

2




7

Шахмат партиясын қалай бастау керек

1




8

Шахмат ойынының бұлтартпас ережелері

2




9

Фигуралар мен пешкілердің бағасы, күші туралы

2




10

Ойын кезіндегі шабуыл ұйымдастыру тәсілдері. Этюдтар дайындау (өздік жұмыс)

2




11

Шахмат фигуралары мен пешкілерді өзара байланыста ұстау

2




12

Ойын кезіндегі қорғаныс тәсілдері

2




13

Жекелеген фигуралардың өзіне тән басымдықтары

2




14

Шахмат ойындарын ұйымдастыру. Практикалық жұмыс

2




15

Шах пен мат туралы

1




16

Шахмат ойындарының стратегиялары, тактикасы. Этюдтар дайындау(өздік жұмыс)

2




17

Фигураларды орталық алаңда топтастыру

2




18

Орталық алаң үшін күрес (жұптық сайыстар)

2




19

Фигуралардың орындарының ерекшеліктері

1




20

Дебюттің принциптері, міндеттері. Ойын шеберлерінің дебют қателіктері

1




21

Қысқа партиялар.Этюдтар шешу(өздік жұмыс)

1




22

Шахматтан кіші турнир өткізу. Мектеп чемпионын анықтау.

1






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет