«Жол белгілері»
Мақсаты: Жолда жүру ережесі туралы балалардың білімдерін бекіту; белгілі жол белгілерін еске түсіру; жаңа ұғымдармен таныстыру: «шлагбаумсыз теміржол пойызы», «қауіпсіз аралшығы».
Көрнекіліктер: Жол белгілері.
Ойын барысы:
Кім жол белгісі туралы жұмбақты шешсе, сол, сол белгіні алады. Кім белгілерді көп жинаса сол жеңімпаз.
«Біл және көшеде жүру ережесін орында»
Мақсаты: Балалармен көшеде жүру ережелерін бекіту; бағдаршамның мағынасын қайталау.
Көрнекіліктер: Қала көшелері сапатталған суреттер.
Ойын барысы:
Тақтада адамдар әр түрлі жағдайда тұрған суреттер ілініп тұрады. Тәрбиеші балаларға оларды қарауға ұсынады. Балалар сол суреттерге қарап, кез-келгенін тандап алып, жол жүру ережесін естеріне түсіріп, не істеуге болатынын, қалай жағдайдан шығуға болатынын айтып береді.
«Жүргіншілер және көліктер»
Мақсаты: Балалармен жол жүру ережесі білімдерін және көшеде жүру қауіпсіздігінің ережесін бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |