«Керек белгіні тап» Мақсаты: Жол белгілері бойынша бөлімдерін бекітуді жалғастыру.
Көрнекіліктер: 20 картон карточкалары (пазлдар). Карточканың бір бөлігінде жол белгілері, ал басқа бөлігінде оларға сәйкес жол жағдайлары бейнеленген.
Ойын барысы: 1-нұсқа. Жүргізуші белгінің бір түрі белгіленген карточканы алып қояды. Карточканың бір бөлігінде жол жағдайы бейнеленген жүргізуші балаларға үлестіреді. Ал белгілері бар элементтерін оң жағымен үстелге орналастырады. Содан соң жол белгілерінің түрін атайды және олардың ортақ мәні туралы айтып береді. Кейін жүргізуші балаларға осы белгілердің түрін, сипатын атауға ұсынады. Балалар қолдарындағы элементтеріне тиісті карточканың бір бөлігін табу керек.
2-нұсқа. Белгілері бар барлық карточкалардың жартысын тең бөледі. Барлық элементтерді араластырып, үстелге теріс жағымен орналастырады. Балалар кезекпен қарточкаларды өзінің карточкаларына сәйкес құрастырып алады.