Қажеттілік құрамы:
1.анықтылық, бірмәнділік; 2.приоритет; 3.көздері (пайдаланушы, құжат...); 4.басқа қажеттіліктерге қарама-қайшылық; 5.тұрақтылық (немесе, керісінше, өзгеру ықтималдығы); 6.тексеру.
Кейбір қажеттіліктердің шектеу сипаты бар, яғни орындалуға тиіс. Мекеме ішіндегі шектеулер іскер ережелер (деловые правила) деп аталады. Олар пәндік облыс сипаттамасынан шығуы мүмкін. Программаға іскер ережелерді енгізу пайдаланушы қателіктерін төмендетеді, демек, жүйенің сенімділігін жоғарлатады.
4.Жүзеге асыру және қауіпсіздік бағасы
Жобаның жүзеге асырылуын әртүрлі критерийлер бойынша бағалауға болады:
• экономикалық жүзеге асу (бағасы, мерзімі, экономикалық эффект, сұраныс...);
• технологиялық жүзеге асу (ресурсы, технология, инструменты...);
• құқықтық жүзеге асу (заңдылық, міндеттеме...).
Ең маңызды сұрақ ақпараттық жүйенің «Болуы немесе болмауы» болып табылады. Жалпы жаңа ақпараттық жүйе құрамыз ба немесе бар ақпараттық жүйемен шектелеміз бе? Ағымды мәселені шешудің барлық мүмкін нұсқаларын қарастыру қажет, сонымен қатар алдағы мәселелерді іздеу және оларды шешу әдістерін табуға көңіл аудару керек.
Ақпараттық жүйеден экономикалық эффектке шығынды төмендету, бақылау және басқаруды жақсарту, жұмыстың жылдамдығы мен иілгіштігін ұлғайту, престижді жоғарлату, түзу ақшалай пайда алуды жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |