7.Ақпараттық жүйелер миссиясы?
Оның барлық ресурстарымен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін мекемеге қажет ақпаратты өндіру,мекеме басқаруды жүзеге асыру үшін ақпараттық және техникалық ортаны құру. Демек, ақпараттық жүйенің миссиясы – оның барлық ресурстарымен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін мекемеге қажет ақпаратты өндіру, мекемемен басқаруды жүзеге асыру үшін ақпараттық және техникалық орта құру.
Ақпараттық жүйе мысалдары. Авиабилеттерді сату ақпараттық жүйесі, қойма шаруашылығының ақпараттық жүйесі, технологиялық процестерді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелер және т.с.с.
Кез келген жүйе негізінде процесс жатыр. Ақпараттық жүйе негізінде – ақпаратты өндіру процесі жатыр.
Жүйелік талдау
Жүйелік талдау — жүйелік тәсілдің негізінде орындалатын объектілерді (программаларды, жүйелерді, құрылғыларды) талдау; жүйелік құралдармен атқарылатын талдау; саяси, экономикалық, ғылыми жөне техникалық сипаттағы күрделі проблемалар бойынша шешімдерді дайындауға жөне негіздеуге пайдаланылатын әдіснамалық құралдар жиынтығы. Ол жүйелі тәсілге, сондай-ақ бірқатар математикалық мәндер мен қазіргі заманғы басқару әдістеріне де сүйенеді. Оның негізгі процедурасы нақты жағдайдың өзара байланысын бейнелейтін жалпыланған модель құру болып табылады.
Жобалау, өндіру, тестілеу ұғымдары
Жобалау - кәсіпорынды, үймеретті, ғимаратты салу немесе оларды жаңғырту үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да материалдардан тұратын техникалық құжаттама (жоба) кешенін әзірлеу.
Тестілеу (Тестирование; testing) — тұтас компьютердің немесе оның жекелеген бөліктері мен программалық жасақтамалары жұмысының дұрыстығын анықтайтын процесс.
Ақпараттық өндіріс дегеніміз - адамның және қоғамның өмір сүруін және дамуын қамтамасыз ететін материалдық, рухани және басқа құндылықтарды құруға қажетті жаңа ақпаратты алу мақсатында арналған процесс.
10) 1948 жылы белгілі математик Норберт Винер біруақытта АҚШ және Францияда «Кибернетика, немесе жануар мен машинадағы басқару мен байланыс» атты кітабын шығарды. Соңыра кибернетиканың оның объектілері, пәні мен мақсаттарын анықтауға жақын басқа анықтамалар шықты. Оқу объектісі күрделі динамикалық жүйелер, пәні – жүйені басқарумен байланысты ақпараттық процестер, мақсаты – басқарудың тиімді нәтижелерін алуға арналған техникалық құралдар мен тәсілдер, принциптер құру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |