«Жүйе» ұғымына анықтама және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама. Педагогикалық жүйенің құрамдас бөліктері
Педагогикалық жүйе – бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.
Педагогикалық жүйенің қызметі мен қалыптасуының алғы шарттары мына төмендегідей:
1. Педагогикалық жүйе қоғамның белгілі бір топтарын (балаларды, жеткішектерді,ересектерді) тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі туындаған жағдайда пайда болды. Басқаша айтқанда, педагогикалық жүйе қажетті анықталған адамдар тобына білім беруді мақсат еткенде ғана пайда болады.
2. Педагогикалық жүйе қоғамда айқындалған ақпараттық білім кеңістігінін игере алатын топтар пайда болғанда ғана туындайды.
3. Педагогикалық жүйе белгілі бір оқушылардың мақсатына жететін педагогикалық әсердің құралдары, әдістері мен формалары табылған жағдайда ғана, оларды игеру мүмкіндігінен туындайды.
4. Педагогикалық жүйені іске асыру үшін білім алушылар белгілі бір топқа бірігіп, яғни оқушылар тобын құрастыруы керек.
5. Педагогикалық жүйеде оқушыларды білім нәрімен сусындататын, тиісті педагогикалық және психологиялық ілімі бар, олармен жұмыс істей алатын әдіс – тәсілдер негізін игерген, алдына мақсат қоя білетін педагогтар болуы қажет.
6. Педагогикалық жүйе, сайып келгенде, қоғамдағы белгілі бір топ өкілдерінің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет және бұл оның түрлі нәтижесі болуы тиіс.
Бұл қоғамдық компоненттер – оның негізгі базалық сипаттамасы, олардың үйлесімділігі оны басқа салалардан өзгешелендіріп тұрады.
М.А Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады. Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықган педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзатгық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтаңда процестің бөліктері «ұстаздар мен оқушылар» жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.
Педагогикалық процестің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процес бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық.
Педагогикалық ұжым субъектілерінің белсенді инновациялық іс-әрекеті
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірбиеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Инновация − жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар − озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндердің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірбиені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірбиелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірбиесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі − психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің практикасына ендіру. Педагогика мен психология бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері уақытылы хабардар ету мүмкіндігі болмағандықтан мектеп қызметкерлеріне белгісіз болып қалады.
Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін практикаға енгізу үшін практикалық қызметкерлердің алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске асырудың орындылығын, сол арқылы осы негізінде ғылыми зерттеу нәтижесін практикада қолдануға деген қажеттілік анықталатындығы В.Е.Груман, В.В.Краевский, П.И.Керташева, М.Н.Скаткин және басқа ғалымдар арнайы еңбектерінде атап айтылған.
Педагогикалық инновацияның критерийлері. Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, оптималдық, жоғары нәтижелік, бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі.
Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық процеске араласқысы келетін мұғалім қолға алған жаңалығын мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Біреулер үшін жаңалық болып табылатын құбылыс екіншілер үшін олай болмауы мүмкін. Осыған байланысты мұғалімдерді инновациялық процеске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік-психологиялық мінездемелері ескерілуі тиіс. Жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, локальды-абсалютті, шартты, субьективті, танымалдық деңгейі және қолдану аймағы бойынша.
Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары. «Инновация» деген сөз − латынның «novus» жаңалық және «іn» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз − жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз − тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңа мазмұнды, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.
Қорыта келгенде, белгілі дидакт ғалымдарымыздың ұсынған анықтамаларын зерделей келе, педагогикалық әрекетті әлеуметтік тәжірибе мен мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін әрекеттің дербес түрі деп, ал педагогикалық технологияны – педагогикалық мақсаттарға жетуге кепілдік беретін, алдын-ала жобаланған, оқу-тәрбие үрдісі бірізді жүзеге асатын жүйе деп түсінгеніміз жөн.
Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке, қарым-қатынасқа және қатынасқа деген бағыттылығы
Қазіргі уақытта педагогикалық ғылымда және тәжірибеде студенттерді ғылыми басқару бағытынан оқыту және тәрбиелеу үрдісінің мағынасына анық тенденция пайда болды. Көптеген ғалымдар (Бабанский Ю.К., Архангельский С.И., Талызина Н.Ф., Пидкасистый П.И., Хмель Н.Д. т.б.) басқару тек қана өнеркәсіптік, экономикалық салада емес, соныман қатар күрделі әлеуметтік құбылыстарда оқыту мен тәрбиелеу қалай қажет болса, басқару да дәл солай қажет деп атап көрсетті. Оқытуды және тәрбиелеуді – оқыту іс-әрекетін басқару, адам тұлғасын және оның басқа да қасиеттерін қалыптастыруды басқару үрдісі ретінде қарастыруға болады. Басқару үрдісінің жалпы заңдылықтары стихиялы түрде қолданылады. Бірақ, ғылыми білімнің қазіргі деңгейі педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда басқарудың жалпы теориясын қолданудың мүмкіндігін көрсетеді.
Қазіргі ғылымда басқару маңыздылығын айқындайтын бірнеше бағыттар бар:
- басқару – бұл біріншіден, заңды ресми түрде орындау және қолдау (Г. Гегель);
- басқару – бұл саналы және мақсаттылық іс-әрекеті, тек қана саналы іс-әрекет емес, оның әртүрлілігі, шешім-дерін өңдеуге қатысты және оларды өмірге ұқсату қабілеті, жүйелілік жолымен алынған мақсатқа сай анықталған жүйе қызметін жөндеу, ақпаратты қолдану және қайта өңдеу (В.Г. Афанасьев);
- басқару – бұл мақсаттылық әсер үрдісі немесе ұйым (М. Марков);
- басқару – бұл нәтижесінде алдын-ала дайындалған мақсатқа жететін әсердің жиынтығы (Л.Б. Ительсон);
- басқару – объектіге мақсатты әсер ету, оның қызметін жақсартуды басқару немесе қабылданған көр-сеткіштермен байланысын дамыту (В.И.Каган., И.А. Сыченик).
Берілген анықтамалар негізінің әртүрлілігіне қарамастан, басқару ерекше іс-әрекет түрін көрсетеді, яғни субъектімен белгілі бір процестің іске асқанын басқару, ол – берілген мақсатқа объектінің қозғалысын қамтамасыз етуді білдіреді. Басқару мәселесінің әртүрлі аспектісін жаңартуда жүйенің құрылымдық ерекшелігін ескерген жөн. Қандай да болмасын күрделі деңгейдегі жүйені ұйымдасқан толық жиынтықтың негізгі бейнесі ретінде көрсетуге болады. Әрбір жүйе бөлігі өзіне одан да жеңіл жүйені қалыптастыратын, өзара байланысқан компоненттердің тізімін қосады. Мұндай иерархия нақтылы жағдайда басқару объектісін анықтауға көмектеседі. Басқарудың ерекше белгісі жүйенің барлық бөлігінде емес бір жағдайдан екінші жағдайға ауысу және себепті-тергеулі байланыс жоғары дәрежеде көрінетін күрделі қозғалмалы жүйеде ғана болады.
Басқару көзқарасымен қарағанда, педагогикалық жүйе келесі үлгімен құрылуы мүмкін: басқарудың объектісі және субъектісі, біріккен іс-әрекет пәні, педагогикалық коммуникацияның құралы және оқыту мақсаты болып табылады. Олардың барлығы бір-бірімен байланысты және оның өмірлік іс-әрекетіне әсер етпес үшін жүйеден ешбір элементті алып тастауға болмайды. Басқарудың субъектісі мен объектісі педагогикалық жүйенің негізгі элементі ретінде шартты белгіні қолдайды, басқару деңгейінде оның иерархиялық орны жоғары немесе төмен тұрғанына байланысты педагогикалық үрдістің әрбір қатысушысы субъектінің де объектінің де рөлінде бола алады. Сонымен бірге, оқу үрдісінде басқарудың субъектісі ретінде әрбір қатысушының позициясы адамды объектіден субъектіге айналдыратын педагогикалық жүйенің өзіндік мақсатымен беріледі, оның қалыптасуы өзін-өзі басқаруға қабілетті және өз бетімен жұмыс жасауға белсенді. Педагог пен оқушының белсенді позициясы олардың әрқайсысының өзінің іс-әрекетінде және жүріс-тұрысында, сонымен бірге басқалардың да іс-әрекетін басқарудың субъектісі ретінде шыға алатындығынан тұрады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жүйе – тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігін басқару жүйесі ретінде
Мектепке дейінгі ұйымды басқару жүйесінде әдістемелік жұмыстың маңызы жоғары. Сондықтан да мектепке дейінгі тəрбие мəселесі бойынша тарихи-əдістемелік, ғылымитеориялық арнайы зерттеулер жүргізген В. Андросова, Р.К. Аралбаева, Б.О. Арзанбаева, А.С. Əмірова, Б.Б. Баймұратова, С.Ғ. Бəтібаева, Ф.Н. Жұмабекова, С.Н. Жиенбаева, Ғ.З. Таубаева, Қ.М. Меңдаяқова, Г.Ж. Меңлiбекова, Т.И. Иманбеков, Т.А. Левченко, А.Е. Манкеш, А.К. Меңжанова, Г.М. Метербаева, М.С. Сəтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина секілді отандық ғалымдар бұл мəселеге баса көңіл бөлген. Мектепке дейінгі ұйымдардағы əдістемелік жұмыстың даму жолына назар аударсақ, оның бірнеше кезеңдерден өткенін байқауға болады. Мəселен, С.Ғ. Бəтібаеваның [3] «Қазақстанда қазақ балабақшаларының даму тарихы» еңбегінде тəрбиеші мамандығының даму тарихы, тəрбиешінің қызметі мен міндеттері, тəрбиеші жұмысының ерекшеліктері, оның шығармашылық сипаты сараланған. Сонымен қатар автор мектепке дейінгі ұйымдарда мамандар дайындау мазмұнын жаңарту мəселесін де талдай келіп, тəрбиешілердің білімін арттыру жүйесі, республикалық, облыстық, қалалық, аудандық курстар, семинарлар, əдіскерлер бірлестігінің жұмыстары туралы да қамтыған. Осы еңбектің біздің зерттеуімізге тірек болатын пікірлері ретінде тəрбиешінің қызметі мен міндеттері туралы талдауына сүйенеміз.
Әдістемелік жұмысты диагностика негізінде басқаруда төмендегі мақсаттар бойынша əрекет етілу керек:
тəрбиешілердің білім беру мен тəрбиелеудегі табысты нəтижелерін анықтау;
тəрбиешілердің білім беру мен тəрбиелеу барысында жіберген кемшіліктерді анықтау;
білім беру мен тəрбиелеу нəтижелерінің қойылған мақсаттарға сəйкес келмейтінін айқындаған жағдайда түзету жұмыстарын жүргізу;
білім беру мен тəрбиелеу үдерісінің келесі кезеңдерін жоспарлау;
тəрбиешілерді жұмыстағы табыстары үшін мадақтау көмегімен қызығушылығын тудырып, келесі қадамдардың күрделілігін реттеу;
білім беру мен тəрбиелеу шарттарын жақсарту.
Мектепке дейінгі ұйымдағы əдістемелік жұмысты педагогикалық диагностика негізінде басқару педагогикалық үдерісті тəрбиешілер мен тəрбиеленуші балалардың ерекшеліктерін біле отырып оңтайландыруға, əр педагогтің дамуына тұлғалық бағытталу тəсілін қолдануға, оның əдістемелік көмек қажет ететін тұстарын ұғынуға, педагогтің күшті жəне əлсіз жақтарын анықтауға, оны жеке іс-əрекет түрінде бекітуге нақты тəсілдер белгілеуге мүмкіндік береді.
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» мемлекеттік бағадарламасында, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың төмендегідей негізгі бағыттары белгіленген:
білім беру мазмұнын түбегейлі өзгерту;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
3 тілді оқыту негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында көптілділікті дамыту;
отандық және шетелдік әдістемелер мен технологияларды зерделеу негізінде білім беру үдерісін технологиялармен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында педагог кадрлардың білімін жетілдіру мәселесіне баса назар аудару қажеттігін айтты. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер біліктілікті арттыру мен педагог кәсіби шеберлігін арттыруды, яғни кәсіби құзыреттілігін дамыту қажеттілігін туғызды.
Мұғалімді қалыптастырудағы педагогикалық портфолио. Аттестация тәртібі және оның қазіргі талаптары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникация шешулерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды.
Аттестацияның негізгі мақсаты – педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық еңбек сапасы деңгейінің өсуін ынталандыру, педагогтар еңбегін жіктеу арқылы олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Педагогтарды аттестациялаудың міндеті – педагогтың кәсіби деңгейіне сәйкес біліктілік санатын беру. Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Ал білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педагогикалық кеңестің құзырында болады.
Құрылған әр комиссия өз құзырына сәйкес мәселелерді қарастырады. Ал аттестациялау комиссиясының негізгі шешімі – біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат берілген, олар жоғарғы санатты алу үшін республикалық, облыстық деңгейдегі аттестациялық комиссия, бірінші санатты алу үшін аудандық, қалалық деңгейіндегі аттестациялық комиссиясы, ал екінші санаттыалу үшін мұғалім мектеп аттестациялау комиссиясына өтініш береді.
Мұғалімнің немесе мектеп басшысының қызметі екі кешенді көрсеткіштермен бағаланады. Біріншісі – қызмет қорытындысын жинақтау, екіншісі – практикалық қызметті эксперттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бойынша мұғалім шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұсына алады. Екінші көрсеткіш бойынша ол бірнеше нұсқада психологиялық-педагогикалық сараптаудан (экспертизадан) өтуі тиіс. Кейбір мектептерде аудандық, облыстық технология, тестілеу, эксперттік бағалау тәсілдері қолданылады. Дегенмен педагогикалық қызметті болжамдау және жинақтауды аттестациялау комиссия нақтылап, түзету енгізіп отырады.
Мұғалімдерді аттестациялау педагогтың біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе жоғары оқу орындарының факультативтерінде арнайы дайындық курстарынан өтеді.
Мектеп тәжірибесі көрсетіп отырғандай, аттестациялаудың табысты болуы оны ұйымдастыруға, қорғау мен бағалаудың дұрыс жолға қойылуына, ұжымда іскер тілеулестік көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты. Жалпы айтқанда, мұғалімдерді аттестациялау мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтаудың негізі болып табылады.
Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау технологиясы сатылап жүргізіледі, олар:
1) Бірінші саты – білім беру мекемесінің педагогикалық кеңес шешімімен аттестациялық комиссияны құру және оны берілген мекеме басшысының бекітуі, аттестацияны ұйымдастыруға жауапты адамдардың тағайындалуы.
Аттестацияны өту үшін педагогикалық қызметкердің жеке ісінен келесідей құжаттар тізімі ұсынылады: аттестация өтуге өтініш, біліктілікті жоғарылату нәтижесі бойынша құжаттың көшірмесі, бақылау және басқа да білікті жұмыстарды орындау нәтижесі бойынша эксперттік қорытынды, аттестациялық парақ, білім беру мекемесі басшысының берген хаттамадан көшірмесі.
2) Екінші саты – мұғалімнің біліктілік деңгейін, оның кәсіби әрекетінің нәтижесін бағалауды ұйымдастыру.
3) Үшінші саты – бұл мұғалімнің кәсіби әрекетін және біліктілік деңгейін бағалау.
4) Төртінші саты – аттестациялық комиссияның шешім қабылдауы және оның нәтижесі бойынша бұйрық шығаруы. Содан кейін аттестациялық комиссия шешімінің негізінде білім беру мекемесінің басшысы педагогикалық қызметкерге біліктілік санатын иеленуі туралы бұйрық шығарады. Соған байланысты педагогикалық қызметкердің санатына сәйкес еңбек ақы деңгейі көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |