4. Мәселелерді шешудің жолын таңдау. Бұл кезеңде зерттеуші мәселені шешулің бәрнеше жолын таңдай алады. Ережеге сай, жүйелік анализ бойынша жұмыс істейтін тәжірибелі маманға мүмкін болатын нақты мәселелердің шешімі бәрден көрініп тұрады. Қалыпты жағдайда ол аналогиялық мәселелерді шешудің қорытындыларын қолданатын және математикалық аппарат пайдаланылатын жалпы аналитикалық шешімді іздейтін болады. Әрбір нақты мәселе бір ғана тәсіл арқылы шешілуі мүмкін. Қайтадан шешім таңдау аналитикалық шешім қабылдау төңірегінде жүйелік анализ бойынша жұмыс жасайтын маманның тәжірибесіне байланысты. Үнемі болып жатқан жағдайларға мүлде қатысы жоқ тәжірибесіз зерттеуші әділетсіз жағдайлар кезінде қабылданған шешімдердің қайдан шыққанын білмей тұрып өзінің көп уақытын жоғалтады. Талдаушы үнемі альтернативті шешімдерді жобалайды және сол мәселеге барынша сәйкес келетін ең жақсы шешімге тоқталады.
5.Модельдеу.Сәйкес келетін альтернативті сараптап алғаннан кейін ең маңызды кезең – мәселелердің әр түрлі аспектілері арасындағы күрделі динамикалық тепе-теңдікті модельдеуге кірісуге болады. Бұған қоса ішкі сенімсіздікті алып келетін кері байланыс механизмін қарастыратын модельдеу процесін еске сала кетуіміз керек, ал бұл оны басқару сияқты жүйені түсінуді мейлінше қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, модельдеу кезеңінің өзінде сәйкес келетін стратегияларды шешу барысында бақыланатын күрделі ережелер қатарын ескеру керек. Бұл кезеңде математикаға модельді сипаттау оңай болады, және нәтижесінде математикалық аппарат пен шынайы шешім қабылдау арасында тығыз байланыс пайда болады. Оған қоса, модельді жобалау барысында оған жиі тексерілмеген болжам қосылады, ал жүйеастының оптималды нөмірін анықтау қиынға соғады. Неғұрлым күрделі модель жүйенің шынайы қиындығын қарау деп болжам жасауға болады, бірақ бұл болжам дұрыс сияқты көрінгенімен, назарға қосымша факторларды қабылдаған жөн. Мысалы, неғұрлым күрделі жүйені болжау мен модельді көзқарас әкелуші неғұрлым жоғары дәлдіктегі сенімсіздікті қарастырайық. Неігінен айтқанда, жүйені бірнеше жүйеасты бөліктеріне үлестіріп қойғанда туындайтын систематикалық ауыстыру кері байланыс моделінің қиындығымен тығыз байланысты, бірақ модельдің жекелеген параметрлерін өлшеу кезіндегі қателіктен болған өсім онымен бетпе-бет сәйкес келеді. Модельге енгізілетін жаңа параметрлер қателіктер ұшырасатын бағалау кезінде, далалық және зертханалық эксперимент кезінде сан жағынан анықталуы керек. Имитацияны өткере отырып бұл қателіктер алынған көзқарастардың белгісіздігін анықтауға өз үлесін қосады. Бұл себептердің барлығына байланысты кез келген модельде жүйеастына қосылған өлшемдерді азайту тиімді болып табылады.