бет 12/13 Дата 14.12.2021 өлшемі 0,65 Mb. #100504 түрі Сабақ
Байланысты:
Психологиялық даму заңдылықтары
Бұл тест сіздің қарым-қатынасқа қалай түсетiнiңізді анықтайды. Берілген сұрақтарға: «Иә» (2 ұпай), «Жоқ» (0 ұпай), «Кей кездері ғана» (1 ұпай) деп жауап бересіз де, алынған нәтижені қосасыз.
Сізді бір іскерлік кездесу күтіп тұр. Оны күту сіздің күнделікті өміріңізде ауытқу тудыра ма? Қатты қиналып ауырғанша, дәрігерге баруды ең соңына қалдырасыз ба? Жиналыста хабарлама немесе баяндама оқуға сізге тапсырма берілсе , оған қатты қобалжып, наразылық білдіресіз бе? Бұрын барып көрмеген қалаға іссапарға бару ұсынылды. Осы іс-сапарға бармаудың бар амалын іздейсіз бе? Өз уайымдарыңызды кіммен болса да бөліскенді қалайсыз ба? Бөтен адам көшеде сізден бір нәрсе сұрағысы келсе , ашуланасыз ба? «Әке мен бала мәселесі бар» және «әр жастағы адамдардың бір-бірін түсінуі қиын» дегенге сенесіз бе? Танысыңызға бір-екі ай бұрын берген 200 теңгені қайтар деп айтуға ұяласызба? Асханада немесе мейрамханада сапасыз тамақ әкеліп берсе, сіз үндемей ыдысты ашулана итеріп тастайсыз ба? Таныс емес адаммен оңаша қалсаңыз әңгімелеспейсіз , егер ол бірінші сөйлессе, жақтырмайсыз. Солай ма? Дүкен, кинотеатрлардағы кезектен шошынасыз. Кезекте тұрғанша , өз ниетіңізден бас тартуды жөн көресіз бе? Даулы жағдайды шешуге байланысты құрылған топқа кіруге жүрексінесіз бе? Сіздің әдебиет, өнер, мәдениет туралы жеке өз пікіріңіз бар, басқа адамдардың пікірін қабылдамайсыз. Пікірталаста сізге жақсы белгілі бір мәселе бойынша көмек көрсетуді өтінсе ,қобалжисыз ба? Кімде-кім қызмет немесе оқу мәселесіне қатысты көмек көрсетуді өтінсе, қобалжисыз ба? Өз көзқарасыңызды ауызша емес , жазбаша түрде баяндағанды қалайсызба? Достарыңызбен бөлісу: