ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ,ҚЫЗМЕТІ МЕН ДАМУЫ
ОРЫНДАҒАН:ӘМІРЖАНҚЫЗЫ ГҮЛШАТ
LARANA, INC.
ЖОСПАР
01
02
03
04
05
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ.
НЕЙРОННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
ЖҮЙКЕЛЕР МЕН ЖҮЙКЕ ТАЛШЫҚТАРЫ
ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЕТКІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ДАМУЫ.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОЗУ МЕН ТЕЖЕЛУ
Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай төмендегідей анықтауға болады:
- мүшелердібір бірімен байланыстырып, организмнің біртұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайынаорганизмдібейімдейді;
-денедегі барлық жасушалардың,ұлпалардың,мүшелердің,бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – жүйке жасушасы.Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның денесін сома деп атайды
Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Аксонның сыртын миелин қабығы қаптап тұрады. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Орталықжүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған.
НЕЙРОННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Синапстар арқылы қозу бір нейроннан екінші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір-бірімен байланысқан кезде бір нейронның аксоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады. Екінші нейронның дендриті қозуды қабылдап, өзінің денесіне әкеледі, қозу ары қарай аксонның бойымен жылжып кете береді.Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады.Қозуды қабылдайтын дендриттің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды.Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс аралығы болады .
СИНАПСТАР
А
ЖҮЙКЕЛЕР МЕН ЖҮЙКЕ ТАЛШЫҚТАРЫ
А тобының талшықтарының диаметрі 22 мк, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына120 м.
В
В тобының талшықтарының диаметрі 3мк-ға дейін,миелин қабығы болады,қозудың жүру жылдамдығы секундына5 м.
С
С тобының талшықтарының диаметрі 1 мк-ға дейін, миелин қабығы болмайды, қозудың жүру жылдамдығы секундына 2 м.
Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады.
Сырты қабық пен қапталған жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды.Жүйке талшықтары 2түрлі болады:миелинді және миелинсіз.
Миелинсіз жүйке талшықтарының бойымен қозу үздіксіз жүріп отырады,ал миелинді жүйке талшықтарының бойымен бір Ранвье белдеуінен екіншісіне секіріпөтіп,қозудың қозғалысы жылдамдайды.Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі жүйке талшықтарының диаметріне де байланысты.Жүйке талшықтарын диаметріне байланысты 3 топқа бөледі:А,В, С.
Жұлын омыртқа өзегін де орналасқан,ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша ми мен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып ІжәнеІІ беломыртқа тұсында бітеді.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақбөлімдері.Жұлын екі түрлі қызмет атқарады:өткізгіштік және рефлекторлық(тізерефлексі,зәршығару эякуляция,жыныс мүшесінің эрекциясы).
Ми ми сауытында орналасқан.Мидан 12 жұп нерв тарайды:І-иіс, ІІ-көру, ІІІ-көзқимылдатқыш, ІV-шығыршық, V-үшкіл (үштарамды), VІ-бетбұру, VІІ-бет ,VІІІ-дыбыс, ІХ-тілжұтқыншақ ,Х-кезеген, ХІ-қосымша, ХІІ-тіласты жүйкелері.
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390г, ересек адамдарда 1400-1450г. Мидыңтолық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Мидыңбөлімдері:сопақшами,Вароликөпірі,мишық,ортаңғыми,аралықми,үлкенмисыңарлары.
ЖҰЛЫН
МИ
АДАМНЫҢ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЕТКІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ БОЛЫП БӨЛІНЕДІ.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады.
ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЕТКІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
МИДЫҢ БӨЛІМДЕРІ
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстінде орналасқан.Мұнда сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршық жүйкелерінің, қызыл және қара субстанцияларының ядролары бар.
Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Ол екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштікжәне рефлекторлық. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару,қарын және қарынасты безінің сөлдерін бөлу орталығы орналасқан және ІХ-ХІІ жұп нервтерінің ядролары орналасқан.
Аралық ми ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында орналасқан. Ол 2 төмпешіктен жәнетөмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, төмпешік асты аймағын гипоталамус депатайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамуста зат алмасуын, дененіңтемпературасын,аштықжәнешөлсезімдерін,барлықішкімүшелердіңқызметінреттеуорталықтарыбар.
МИШЫҚ
Мишық сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Мишықта дененің қимыл-әрекеттерін, тепе-теңдікті сақтау мен бұлшық еттердің тонусын реттейтін орталықтар орналасқан.Мишықтың толық дамып жетілуі 7-8 жаста аяқталады.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОЗУ МЕН ТЕЖЕЛУ.
Қозу мен тежелу екуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті.Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жатқан зат алмасуының өзгеруіне байланысты.
1862жылыИ.М.Сеченоворталық жүйке жүйесіндегі тежелуді зерттей келе,оның2түрліболатынынтапқан: пресинапстық және постсинапстық тежелу.
Пресинапстық тежелу кезінде қозу импульстерін өткізетін аксонның тармағына басқа нейронның аксонының арнайы тежегіш синапстық ұшы келеді де нерв импульстерін жібермейтін медиатор бөледі.
Постсинапстық тежелу орталық жүйке жүйесінде арнайы,тежегіш нейрондардың болуына байланысты.Тежегіш нейрондардың синапстық ұшындағы тежеуші медиатордың әсеріне байланысты постсинапстық мембранада әрекет потенциалының пайда болуына кедергі жасаладыда,тежелутуады.