денсаулыққа зияндылығы. Күйдіргіш иіс немесе шаң-тозаң бөліп шығаратын үйінді жүктер (хлорлы ізбес, цемент, ұнтақ минералды тыңайтқыштар, кебек, шроттар және т.б.) көз, тыныс алу және жүйкс жүйесі мүшелерінің ауруларын туғызады.Ұнтақ мышьяк пен оның тұздары, фторлы натрий, қорғасын тотығы, үпілмәлік тұқымы секілді улы үйінді жүктер денсаулыққа өте қауіпті.
№3 Дәріс тақырыбы: Таралы-қорапты және дара жүктер.
Жеке-дара жүктердің (ЖДЖ) сипаттамасы
Жүктердің тасымалдауға жарамдылығы көбіне олардың буып-түйілуіне - қаптамасына байланысты. Қаптама дегеніміз - бүл тасымалдау ыдыстарының, сондай-ақ қосалқы буып-түю қүралдарының жиынтығы.
Тиеу-түсіру жүмыстарының барысында өнімге, оның тасымалдануы мен сақталуына сыртқы факторлардың мынадай негізгі үш тобы
- механикалық, климаттық және экологиялық факторлар әсер етеді. Жүктердің қаптамасы осы факторлардың әсерін ескере отырып таң-далуы тиіс. Қаптама өзінің негізгі қызметімен қатар, тиеу-түсіру, қойма жүмыстарының орындалу ыңғайлылығын, жүкті көп қабатқа қатарлап жинау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жол желісі арқылы алуан түрлі жүктер гасымалданады, олардың бір тобы жеке-дара жүктер болады. Өзге жүктерден айырмашылығы
- мүндай жүктерді бір-бірлеп санау қиын емес.
Тауар салатын ыдыс (тара) дегеніміз - бүл жүктерді сақтап тасы-малдау үшін дайын өнімдер, яғни шикізат пен шала өнімдер салынатын сыйымдылық, қабықша.
Жеке-қаптама жүк дегеніміз - бүл қапқа, қапшыққа, қорапқа және т.с.с. салынып буып-түйілген жүк.
Жеке-дара жук дегеніміз-бүл негізінен теміржол көлігімен тасымалданатын, барынша бағалы әрі халық шаруашылығында жиі түтынылатын жүктер. Сондықтан тасымалдау кезінде олардың сақта-луына жіті көңіл бөліп, жабық қоймаларда сақтайды. Тіпті жол үстінде неғүрлым бағалы жүктерді әскери күзет қорғайды. Мүндай жүктерді контейнер ішіне салынған қапшықтар, яғни көлік қапшықтары түрінде жабық, ашық вагондармен, платформалармен тасымалдайды. Дара жүктер мен қапшықтарды жабық вагондарда көп жағдайда екі қабат етіп қалайды, ауыр жүктерді бір, жеңіл жүктерді - екі қабат етіп орналастыруға болады.
Ашалы ілгіштер, қысқыштар, штырьлар жүкті іліп алатын қүралдарга жатады.
Тараиың екі түрі белгілі:
• түтыну тарасы;
• көлік тарасы.
Тара ғылыми-зерттеу институты бар, онда нормативтер, техникалық жағдайлар және мемлекеттік стандарттар (мысалы, 17527 - 86 мемлекеттік стандарты) жасалады.
Түтыну тарасы түтынушының күнделікті пайдалануына ыңғайлы болып жасалады.
Көлік тарасы екі түрлі қызмет атқарады:
• жүк орындарын ірілендіру;
• тасымалдау кезінде жүкті зақымданудан, сыртқы күштердің всерінен қорғау.
Ірілендірілген жүк орындары тиеу-түсіру машиналарын колдануды арттырады, вагондардың бос түрып қалуын азайтады, тасымалдаудың өзіндік қүнын кемітеді және т.с.с.
Табандықтар, контейнерлер, ірі жәшіктер, бөшкелер, чарабандар, қсттар, флягалар көлік тараларына жагады. Олардың салмағы мен көлемдері әр қилы, қолданылу аясы өте кең болады.
Жәгиік - түбінде параллель қимасы бар, тікбүрышты, екі бүйірлік және қапталдық қабырғасы бар, қақпақты жоне қақпақсыз корпусты көлік тарасы.
Бөшке сыртына қүрсау немесе дөңгелету ирегі салынған, түбі бар, цилиндр немесе парабола корпусты көлік тарасы.
Барабан - сыртында қүрсауы немесе дөңгелету ирегі жоқ, түбі жалпақ, цилиндр пішінді тегіс немесе кеңірдек тәрізді корпусты көлік тарасы.
Қап - түбі мен мойны бар, жең пішінді корпусты, көп айналымды колік тарасы, мойны ашық немесе жабық болады.
Фляга - цилиндр пішінді корпусы, мойны бар көп айналымды көлік гарасы, мойнының диаметрі корпусының диаметрінен кіші, тасымалдауга арналған тетігі, төгетін аузы және бекітілетін қақпағы болады.
Темір жолмен тасымалданатын барлық жүктердін ішінде жеке-дара жүктерді тасымалдауға көп шығын жүмсалады. Көмір, қүм, қиыр-шықтас секілді үйінді жүктер темір жолмен тасымалданатын жүктердін ішіндегі ең ауыры болып саналады. Олар тасымалданатын жүктердің жалпы мөлшерінің шамамен 50 %-ын қүрайды, ал жеке-дара жүктер 10 %-ын түзеді. Алайда жеке-дара жүктер бағалы жүктер болып есептеледі. Оларды тасымалдауға жабық жылжымала құрам, сақтауға -қымбат қойма, тиеп-түсіруге ТТМ-лары қажет болады. Сондықтан мүндай жүктерді тиеп-түсіру жүмыстарына еңбек шығындары көп жүмсалады - темір жолмен тасымалданатын барлық жүктердің шамамен 50 %-ы және олардың өзіндік қүны да жоғары болады. Сұйық жүктерді құюға (тиеуге) немесе қүйып алуға да көп шығын жұмсалады.
№4 Дәріс тақырыбы: Үйілмелі және төгілген жүктер.
Достарыңызбен бөлісу: |