«Жүктану» пәні бойынша дәрістер кешені (міндетті компоненті) 1 курс студенттері үшін мамандығы 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»



бет1/24
Дата04.01.2022
өлшемі205,05 Kb.
#109383
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәріс кешені Жүктану


Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университеті

Инженерлік-технологиялық факультеті



«Жүктану» пәні бойынша

дәрістер кешені

(міндетті компоненті)


1 курс студенттері үшін

мамандығы 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»

оқу түрі – сырттай (қашықтықтан оқыту)

2018 – 2019 оқу жылының 1 семестрі

Құрастырған: аға оқытушы Сарсенбаева Л.Х.

Кафедра «Техника және технологиялар»., 414 аудитория

Кредиттер саны – 2

Дәріс – 15

Тексеру түрі – емтихан

Орал, 2018 ж.

1 Дәріс тақырыбы: Жүк туралы негізгі түсініктер. Жүктердің жіктелуі.

Автомобильмен жүк тасымалына деген сұраныс, негізінен алғанда, мемлекеттегі өндіріс көлемінің өзгеруі динамикасы мен структурасына, сондай-ақ экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет ақысын төлеу қабілеттілігіне тәуелді.

Қазақстандағы барлық көлік түрлерімен тасымалданатын жалпы жүк көлемінің 80%-ке жуығы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Сонымен қатар, барлық көлік түрлерімен тасымалданатын жалпы жүк айналымындағы автомобиль көлігінің үлесі бірнеше процентке де жетпейді. Автомобиль көлігінің негізгі қызмет сферасы – қалалардағы өнімдерді тұтынушыға жеткізіп беру, теміржол және теңіз көлігінің көлік тораптарындағы жүктерді кіргізіп-шығару болып табылады.

Экономикалық реформаның басынан бері автомобиль көлігінде орын алған негізгі өзгерістер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

- жүк тасымалдау көлемінің кемуі;

- көліктік ұйымдар өлшемдерінің қысқаруы;

- автокөлік құралдары паркінің структурасының өзгеруі;

- тасымалдау қызметін атқаратын субъектер санының өсуі;

- автокөліктік ұйымдардың меншік формасының өзгеруі.

Автокөліктік төлемдер деңгейінің жоғары болуы тек қана тасымалдау көлемінің үлкендігінен ғана емес, сонымен қатар, бұл саланың мемлекет тарапынан жеткілікті деңгейде реттелмегендігі салдарынан да болып отыр. Бұдан басқа, автокөліктік төлемдердің артуына төмендегі факторлар да әсер етеді:

- Қазақстанда жүк көліктерінің өнімділігінің төмендігі;

- пайдаланымдағы автомобильдердің техникалық деңгейінің төмендігі;

- қатысушысы автомобиль көлігі болып табылатын көліктің басқа да түрлерімен товарлық массалардың жылжуындағы логистикалық жүйелердің дамуының жеткіліксіздігі;

- ресурссыйымдылығының жоғарылығы.

Бұл факторлар автомобиль көлігімен тасымалдау жұмысының тиімділігін арттыру мәселесінің өте маңызды екенін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет