үйкелгіштігі немесе жемірілуі, бұл қасиеті үйілген жүктерді жылжытатын қондырғылардың жүмыс органдарының қызмет атқару мерзіміне әсер етеді. Үйілген жүк бөлшектері қозғалғанда жанасатын бетті (науа, шнек, конвейер таспасы және т.с.с.) үйкеп өтеді. Үйкелену дәрежесі жүктің құрамындағы бөлшектердің қаттылығына байланысты. Ашудас, күл, боксит, бура, цемент, астық, қалыптанатын топырақ, пемза, кремний тотығы, құм, қиыршықтас секілді жүктер аса үйкелетін материалдар болып есептеледі. Кейде үйілген жүктердің қоспалары үйкелгіш заттар болып шығады (мысалы, үнның ішіңдегі ұсақ құм, тас көмірдегі жыныс кесектері және т.б.);
өткіржиектілігі, яғни жүктердің бір бөлігінің тіліп түсетін үшкір қырлары болады. Мысалы, қоспасыз тас көмір - үйкелмейтін материал, алайда резеңке таспаға жоғарыдан құлаған көмір кесегі өзінің өткір жиектерімен оны тіліп түсуі мүмкін. Мұндай жағдайларда таспа көмірдің үйкелеу әсерінен емес, оның өткіржиектілігінен тез тозатын болады;қатып қалғыштығы, яғни жүктердің төменгі температурада ажыратылмастай болып қатып, ірі тас кесегі - шойтасқа немесе берік массаға айналуы;
Достарыңызбен бөлісу: |