~~Келесі жүре пайда болған жүрек ақауында, жүктілікке абсолютті қарсы көрсеткішті таңдаңыз:
~~Перзентханаға 26 жастағы жүкті әйел басының ауруы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға және жатырының қатаю шағымдарымен жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Тамыр соғысы 89 тер минутына, АҚ 105@@70 мм сын бағ., бетінде, аяғында, ішінде ісіктер анықталады. Жатыры мерзіміне жеткен жүктілік сай, жатыр бірден қатайған, ауырсынулы, нәрестенің жүрек соғысы тұйық, минутына 100 ретке дейін.
Диагноз?
~~Перзентханаға жүктілікиің 25-26 апта мерзіміндегі қайта босанушы әйел ұйқыдан тұрғаннан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінде бір босану және екі медициналық
түсік.Сыртқы тексеру кезінде жатыры мерзіміне сай, пальпацияда жатыр қозулы емес екендігі анықалды. Нәрестенің жатуы жамбаспен, жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 140 ретке дейін. Жыныс жолдарынан аздап қанды бөлінділер.
Ультрадыбыстық зерттеу мәліметтерінен – плацента ішкі ернеуді толық жауып жатыр.
Диагнозы қандай?
~~29 жастағы әйел, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жодарынан қанды бөлінділер, бас айналу, әлсіздік шағымдарымен жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді.
Анамнезінен: 3 жылдан бері етеккір қызметінің бұзылысы және созылмалы қабыну аурымен гинкелогта бақылауда тұрады, 2 ай бұрын қабынуға қарсы ем алған, соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын болған.Объективті: жағдайы ауыр, АҚ 100//60 мм сын бағ., тамыр соғысы 108 рет минутына, әлсіз, дене қызуы 37,20 С. Гинекологиялық тексеруде: жатыр аздап ұлғайған, ауырсынусыз, жұмсарған, жатыр мойнына қарай ығыстырғанда ауырсынулы, қосалқылар аймағы ауырсынулы, күмбездері жайылған, жыныс жолдарынан задап қанды бөлінділер.
Диагнозыңыз қандай?
~~ 33 жастағы алғаш жүкті әйел, жүктіліктің 32 апта мерзімінде ес түссіз жағдайда жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Күйеуінің айтуына қарағанда жүкті әйелде үйінде құрысулар болған, жағдайы ауыр.
Тері жабындылары бозғылт, аяқтарында айқын ісік, АҚ 180/120 мм сын. бағ., анурия. Ұрықтың жүрек соғысы тұйық, 130 рет мин. Жатыр мойны артқа қарай ығысқан, тығыз, жатыр мойны өзегі жабық, қағанақ қуығы бүтін Диагнозыңыз қандай?
~~ 25 жастағы жүкті әйел әйелдер кеңес орны дәрігерінің жіберуімен гинекология бөліміне келіп түсті. Жағдай қанағаттанарлық, шағымдары жоқ. Ультрадыбыстық зерттеудің мәліметтері: бұзылмаған ұрық жұмыртқасы жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінде орналасқан.
Емдеу амалы қандай?
~~ 28 жастағы Л. деген жүкті әйел, жүктіліктің 33-34 аптасы, ауыр дәрежедегі преэклампсиямен, магнезиалды терапия қабылдап жатыр, жүктілікті үзуге дайындалып жатыр. Жағдайы тұрақсыз, АҚ 180//110- 130//100 мм сын бағ., мимикалық бұлшықеттердің аздап құрысуы байқалады. Магнезиалды терапияны қанша уақыт жалғастыру қажет?
~~24 жастағы босанған әйелде босанғаннан кейінгі 4-тәулікте дене қызуы t
=40ºC, ішінің төмен жағында бірден ауырсыну, іштің кебуі, үлкен дәретке отыру ауырсынулы, іш пердесінің тітіркену симптомы оң нәтижелігі
анықталды. Жатыр(түбі кіндіктен 1 елі төмен) ұлғайған, ауырсынулы, пішіні анықталмайды, қимылы шектелген. Артқы күмбез сезімтал. Болжам диагноз:
~~ Босанғаннан кейінгі 3-ші тәулік, t =38,2ºC. Сүт бездеріндегі ауырсынуға шағымданады. Тамыр соғысы 88 рет мин. Сүт бездері едәуір ұлғайған, қатайған, пальпацияда ауырсынулы.
Осы жағдайда қандай амал дұрыс болып табылады?
~~Қайта босанушы әйел, 26 жаста, босанғаннан кейінгі 5-ші тәулікте t =39ºC, қалтырау, ұйқысы бұзылған, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынады. Сүт бездерін тексерген кезде: оң жақ сүт безінің жоғарғы сыртқы аймағында қызару анықталды. Терінің өзгерген аймағында тығыз, аз қимылдайтын инфильтрат анықталды. Осы жағдайда қандай амал дұрыс болып табылады?
~~Босағаннан кейінгі бөлімде 29 жастағы тұңғыш босанушы әйелде босанғаннан кейінгі 3-ші тәулікте сүт бездерінің қатаюы, сүт сығудың қиындауы болған. 5-ші тәулікте қалтырау, t 39ºC, бастың ауырсынуы, оң жақ сүт бездерінде ауырсыну белгілері пайда болды. Оң жақ сүт безінің сыртқы аймағында жұмсақ ошақтары бар ауырсынулы қатаю пальпацияланады, осы жерде тері қызарған, ыстық. Емізіктерде тілмелер анықталады. Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы. Осы жағдайда қандай амал дұрыс болып табылады?Лактацияны басуға қай дәрі нәтижелі болып табылады?
~~Босағаннан кейінгі 3-ші тәулікте нәрестенің тері қабаттары сарғыш түсті, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған, жалпы билирубин деңгейі 51 мкмоль//л, Hb 186 г//л. Болжам диагноз:
~~Жаңа туылған нәресте 4-ші тәулік. Анамнезінен: 4-ші жүктіліктен туылған, босану мерзімінде болды, асқынуларсыз. Анасында 1-ші жүктілігі асқынусыз мерзімінде босанумен аяқталған, 2-шісі медициналық түсік, 3-шісі мерзімінде босану, нәресте босанғаннан кейінгі 7-ші тәулікте сарғаюдан шетінеген. Анасында қан тобы -0(1) Rh. Босанағаннан кейін және түсіктен кейін антирезусты иммуноглобулинді енгізу жүргізілмеген. Осы жүкітілік кезінде антиденелер титрі 1:16. Нәрестенің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, Апгар шкаласы бойынша 7-8 балл. Кіндік қанындағы билирубин 56 мкмоль//л, Hb 130 г//л. Осы кездегі қандай көрсеткіш қан алмасытырып құюға көресткіш болып табылады?
~~Әйел 30 жаста, 32-33 апталық жүктілік мерзімінде, 1 дәрежелі бронхоастматикалық статус диагнозымен перзентхананың патология бөлімінде жатыр. Қарағанда: ентігу байқалады. Тыныс алу жиілігі минутына 28, тыныс шығаруы қиындауымен. Өкпесінде көптеген шашыранды құрғақ
сырылдар естіледі. АҚҚ 130//80 мм с.б.б., пульсі 116 соққы минутына.Астматикалық статусты басу үшін қай препаратты таңдаған жөн?
~~ Жүкті әйел, 24 жаста, әйелдер кеңесі дәрігерінің жолдауымен пульмонологқа «Жүктілік мерзімі 10-11 апталық. Алғаш рет анықталған бронх демікпесі» диагнозымен келді. Пульмонолог, зерттеу жоспарында ұстама кезінде дем шығарудың шектік жылдамдығын пикфлоуметрмен анықтауды тағайындады.
Тағайындаған зерттеудің мақсаты не?
~~Әйел 38 жаста, 8-9 апталық жүктілік мерзімінде әйелдер кеңесіне алғашқы рет қаралды. Шағымдары жоқ. Анамнезінде: қан қысымының жоғарылауы 10 жылдан бері байқалады, әсіресе психоэмоционалдық стресстер кезінде, бұл ауруы жөнінде маман есебінде тұрмайды. Жүктілік алғашқы. Қарау кезінде: дене бітімі гиперстеникалық, АҚ 180/100 мм с.б.б., пульсі 88 соққы минутына, аускультативті – жүрек тондары ырғақты, аорта үстінде II тонның акценті естіледі. Емдеудің қолайлы түрі қайсы?
~~Репродуктивті жаста эстродиол келесідей қасиеттерге ие емес:
~~ Лютеиндеуші гормон сипаты тән емес:
~~Жыныстық жетілуі соңында гипофиз функциясының келесідей сипаты қалыптасады
~~Пубертатты жаста қыздардың даму реттілігіне тән емес:
~~Келтірілген тұжырымдардың ішінен келесі тұжырым дұрыс емес:
~~ Физиологиялық жүктілік кезінде тынысалу жүйесінде келесідей компенсаторлы өзгерістер орын алады:
~~ Босанғаннан кейінгі лохияға тән емес тұжырым:
~~ Келесідей жүрек ақауы бар 28-30 апталық жүкті әйелге жоспарлы госпитализация ұсынылады:
~~ Жүрегінің ревматикалық ақауы бар босанған әйелде босанғаннан кейінгі 8-шi күні тахикардия, дене температурасының 37,50С көтерілуі, эритроциттердің тұну жылдамдығы 30мм/сағ –дан жоғары, стрептококк экзоферментіне айналымдағы антидене титрінің жоғарылау белгілері пайда болды. Бұл түсіндіреді:
~~ Жүрек-қантамыр жүйесінің мына ауруында күшеншекті өшіру, тоқтату көрсетіледі:
~~Жүктілердегі максималды акушерлік қауіп кездеседі:
~~ Жүктілердегі қызамық (краснуха) вирусы ұрық патологиясының себебі болуы мүмкін, мынадан басқа:
~~ Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің негізгі міндеттеріне жатады:
~~ 16 маусым 2022 жылы емханасына кезекті қабылдауға 24 жасар жүкті әйел келді. Шағымдары жоқ. Соңғы етеккірі 2022 ж. 11 наурызда. УДЗ 28 сәуірде өткізілді –– жатырдағы жүктілік, 6 апта, 6 күн. Босанудың болжам мерзімі:
~~ Жүкті әйелдерді диспансеризациялаудың нәтижелілігінің көрсеткіші – бұл
~~ Перинаталдық өлімнің көрсеткіші қалай есептеледі?
~~ Гинекологиялық науқастарды диспансеризациялау нәтижелілігінің көрсеткіші:
~~ Құрсақішілік ұрық дамуының кідіруі диагностика скринигі үшін қолданылады:
~~ Емханада 17-18 апта мерзіміндегі жүктілігі бар науқас диспансерлік есепке тіркелген. Науқастың артериалды қысымы көтеріліп, ал диастолалық қысымы 90 мм.сын.бағ. және жоғары.
Болжамды диагноз:
~~ Ұрық гипоксиясы дамуының жоғары қауіпті топтағы жүктілерге стрессіз сынау өткізетін жүктіліктің мерзімі:
~~ II-III дәрежелі жүрек-тамыр жетіспеушілігі бар жүкті науқастарды босандыруға ең қолайлы мерзім. апта
~~ Қант диабетімен Д-есепте түрған жүкті әйелдің 18-19 апта мерзімінде қанындағы глюкозаның 12 г/л-ге дейін өсуі анықталған.
Аймақтық дәрігердің іс-әрекеті.......
~~ Аденомиоз – дегеніміз:
~~Жүкті әйелде жүктіліктің 30 аптасында, алғашқы рет АҚҚ 140/90 және 130/90 мм с. дейін көтерілді. Клинико-лабораторлық зерттеулерден кейін, мынадай клиникалық диагноз қойылды: Гестациялық гипертензия. Төменде аталған түсініктердің қайсысы гестациялық гипертензияға сәйкес келетінін анықтаңыз:
+~~Отбасылық амбулаторияның гинеколог дәрігеріне жүкті әйел 18 апталық жүктілік мерзімінде келді, соң. 2 аптаның ішінде дене салмағының тез өсуіне шағымданады. Объективті: іш айналымы 93см, жатыр түбінің тұру биіктігі 20см. Аяқ-қолдарында ісіну жоқ. АҚҚ, PS қалыпты. Диагноз және зерттеу әдісін анықтаңыз:
~~Алғашқы жүктілік, есепте 10 аптадан бастап тұрады. 2 күн бойы жағдайының нашарлағанын айтады. Жағдайы орташа ауырлықт АҚҚ 150/100 мм.сын.бағ., пульс-86 соңғы/мин. Жатыр жүктіліктің 35 аптасына сай. Ұрық басымен келген, жүрек соңғысы анық, ретті 140 соңғы/мин. қарау кезінде аяқтарында және алдыңғы құрсақ қабырғасында ісінулер бар. Зәр анализінде протеинурия 0,9г/л. Клиникалық жағдайды анықтай отырып медициналық көмек көрсетудің деңгейіне госпитализациялау қажеттігін көрсетіңіз:
~~Клиникалық жағдайды COVID-19 күдікті деп анықтауға мүмкіндік беретін анамнез:+
~~CОVID-19 зертханалық растаудың негізгі әдісі:+
~~Коронавирустарды зерттеу үшін қандай материал негізгі болып табылады?+
~~Коронавирустық инфекциядағы клиникалық тәжірибеде нақты зертханалық диагностиканың қай арнайы әдісінің мәліметі жоғары?+
Достарыңызбен бөлісу: |