«ЖҮкті әйелден анамнез жинау» Мақсаты: жүктілік ағымын, ерекшеліктерін анықтау Құрал -жабдықтар


ШАТАРАЛЫҚҚА ТІГІС САЛУҒА ҚАЖЕТ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР



бет11/36
Дата04.06.2020
өлшемі76,34 Kb.
#72268
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
13377015стандарт акушерия

ШАТАРАЛЫҚҚА ТІГІС САЛУҒА ҚАЖЕТ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР.

Шатаралыққа тігіс салуға келесі құрал-жабдықтарды дайындаймыз:

1. Ұзын инесі бар, 10,0 шприц.

2. 0,25% - 50,0 мл новокаин ерітіндісі.

3. 2% йод не 1% йодонат ерітіндісі.

4. Стерильді материал (мақталы, маталы дәкелер).



5. Стерильді стөлде тігіс салуға арналған пакетті ашамыз:

  • Жалпақ, үлкен айналар.

  • Корнцанг.

  • Пинцет.

  • Ине ұстағыш.

  • Хирургиялық ине.

  • Тігетін материал (кетгут, жібек жіп).

  • Қайшылар.


БАЛА ЖОЛДАСЫНЫҢ БӨЛІНУ БЕЛГІЛЕРІН КӨРСЕТУ

Мақсаты: бала жолдасының бүтіндігің анықтау

Көрсеткіш: 3-ші кезеңнің аяқталуы

Құрал -жабдықтар: акушерлік фантом, жаялық, корнцанг, дәкелер, жатыр мен бала жолдасы фантомы, қолғап, сүлгі, дез. ерітінді.

Іс- әрекет алгоритмі

  1. Шредер белгісі: бала туа салысымен жатыр пішіні домалақ, түбі кіндік бойында болады. Бала жолдасы жатыр қабырғасынан сырылған кезде жатыр жалпаяды, түбі кіндіктен жоғары көтеріліп, не оңға, не солға қарай ауытқиды. Бала жолдасы төменгі сегментке түскенде, қасаға сүйегінің үстінде жастықша сияқты төмпешік пайда болады. Жатыр пішіні құм сағатқа ұқсайды.

  2. Кюстнер Чукалов белгісі: қасаға сүйегінің үстінен алақан қырымен басқанда, қынаптан шығып тұрған кіндік қалдығы ішке қарай тартылса, бала жолдасы жатыр қабырғасынан сырылмағанын білдіреді. Ал кіндік қалдығы өзгеріссіз қалса не ұзарса, бала жолдасының сырылғанын білдіреді.

  3. Альфельд белгісі: бала жолдасы жатыр қабырғасынан сырылған кезде, жыныс саңылауға жақын жерде орналасқан, кіндік қалдығындағы қысқыш 8 – 10 см-ге және оданда көпке төмен түседі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет