Мақсаты-акушерлік стационар жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету бойынша студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау.
Көрсетулері- эклампсия кезінде құрысқақ ұстамасы.
Қарсы көрсетулері- жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары- құрысқақ ұстамасының қайталануы, эклампсиялық кома және т.б.
Ресурстары–әйелдің нақпішіні (муляжы), сульфат магнийдің 25% ерітіндісі, қалақша (шпатель) немесе қасық, тілұстағыш, 20 шприц, 500 мл физиологиялық ерітінді, көктамырға құю үшін система, спирт, мақта, бұрау, тақтай төсек, АҚ өлшеу үшін тонометр, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.
Достарыңызбен бөлісу: |