Жүкті әйелмен сыпайы әрі мейіріммен амандасу. Өзін таныстыру. Алынытын ақпараттар құпия болып қалатынын түсіндіру.
Құжаттық мәліметтерді жинау: тегі, аты, әкесінің аты, жасы, мекен жайы, жұмыс орны, жанұялық жағдайы.
Түскен кездегі шағымдарын анықтау.
Өмір анамнезін анықтау: жанұясындағы нешінші бала, туған кезіндегі салмағы, пубертатты және постпубертатты кезеңдерінің ағымы. Басынан өткізген жалпыауруларын анықтау, гепатит, туберкулез, туберкулезбен ауыратын науқастармен қарым қатынасы болуын, жынысты жолмен берілетін аурулармен ауырғанын анықтау.
Арнайы анамнезін анықтау: менструалды қызметін (менархе жасы, менструалды цикл тұрақтануы, реттілігі, ұзақтығы, ауырсынуы, аққан көлемін анықтау), жыныстық өмірін (бастаған уақытын, тұрмыс құрған не құрмаған кезінде), бала туу қызметін (ағымына және аяқталуына мән беру). Аллергологиялық анамнезді, тұқым қуалаушылықты анықтау. Анамнезінде гемотрансфузия бар жоқтығын анықтау.
Осы жүктіліктің ерекшеліктерін анықтау: соңғы етеккір уақытын, ЖДА алғышқы келген кездегі ЖДА алғышқы келген кездегін және жүктілік мерзімін, жүктілік асқынулары және триместрлар ағымының ерекшеліктерін, болуы мүмкін экстрагенитальді ауруларын анықтау.
Жүктілік кезінде жүргізілген клинико- лабораторлы зерттеулер нәтижелерін бағалау
Осы жүктілік барысында басқа мамандық дәрігерлерінің қарау нәтижелерімен танысу және бағалау.
Алынған мәліметтердің нәтижесінде өзіндік қорытынды жасау.