Үшінші тәсілде – әйелдің күшену күшін реттейді. Бас төбе бұдырмақтарымен сыртқы жыныс ернеуіне тірелгенде, аралықтың жыртылу қаупі артады (әйел қатты күшене бастайды)
Үшінші тәсілде – әйелдің күшену күшін реттейді. Бас төбе бұдырмақтарымен сыртқы жыныс ернеуіне тірелгенде, аралықтың жыртылу қаупі артады (әйел қатты күшене бастайды).
Күшену күшін реттеу үшін: шүйде шұңқыры симфиздің төменгі жиегіне тірелгенде, әйел күшенуін тоқтатып, терең және жиі тыныс алуы керек. Акушерка әйелдің күшенуі біткенше, қолдарымен бастың жылжуын ұстап, біртіндеп, оң қолының саусақтарымен жыныс ернеуін созып, сол қолымен басты жоғары көтеріп, шығарып алады. Төртінші тәсілде - нәресте иығын босатып, оны тудырып алу. Нәресте басы туылғаннан кейін, иық іштей, бас сырттай бұрылады. Әйел күшенген кезде, бас бетімен ананың оң не сол санына бұрылады (позициясына карама–қарсы), иық ішкі бұрылыс жасап, жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді. Алдымен алдыңғы, содан кейін артқы иық шығады. Ол үшін акушерка нәрестенің басын екі қолымен ұстап, алдыңғы иығы босап шыққанша, оны ақырындап төмен тартады, содан кейін оң қолын аралыққа қойып, сол қолымен басты жоғары көтеріп, артқы иықты босатып аладі. Иық белдеуі шыққан соң қолтық астына екі қолдың сұқ саусақтарын енгізіп, оны жоғары көтеріп, нәрестені тартып тудырып алады.
Босану жолдарына өткенде нәрестенің жасайтын қимылдарының, әсіресе бас қимылының жиынтығын босану механизмі дейді. Босану ағымында нәресте қимылы босану жолының қалпына оның өлшемдеріне омыртқасының жылжу қасиетттеріне босну ағымының күштеріне байланысты. Толғақ басталысымен, нәресте басы бірден қимыл жасап, жамбас қуысна қарай жылжиды.