Жүктілік физиологиясы. Жүктілік диагностикасы. Триместрдегі жүктіліктің барысы және оны басқару. Ұрықтану


Үшінші тәсілде – әйелдің күшену күшін реттейді. Бас төбе бұдырмақтарымен сыртқы жыныс ернеуіне тірелгенде, аралықтың жыртылу қаупі артады (әйел қатты күшене бастайды)



бет16/71
Дата04.01.2022
өлшемі107,79 Kb.
#109379
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71
Байланысты:
3-7ТЕМА АКУШЕР

Үшінші тәсілде – әйелдің күшену күшін реттейді. Бас төбе бұдырмақтарымен сыртқы жыныс ернеуіне тірелгенде, аралықтың жыртылу қаупі артады (әйел қатты күшене бастайды).

Күшену күшін реттеу үшін: шүйде шұңқыры симфиздің төменгі жиегіне тірелгенде, әйел  күшенуін тоқтатып, терең және жиі тыныс алуы керек. Акушерка әйелдің күшенуі біткенше, қолдарымен бастың жылжуын ұстап, біртіндеп, оң қолының саусақтарымен жыныс ернеуін созып, сол қолымен басты жоғары көтеріп, шығарып алады. Төртінші тәсілде - нәресте иығын босатып, оны тудырып алу. Нәресте басы туылғаннан кейін, иық іштей, бас сырттай бұрылады. Әйел күшенген кезде, бас бетімен ананың оң не сол санына бұрылады (позициясына карама–қарсы), иық ішкі бұрылыс жасап, жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді. Алдымен алдыңғы, содан кейін артқы иық шығады. Ол үшін акушерка нәрестенің басын екі қолымен ұстап, алдыңғы иығы босап шыққанша, оны ақырындап төмен тартады, содан кейін оң қолын аралыққа қойып, сол қолымен басты жоғары көтеріп, артқы иықты босатып аладі. Иық белдеуі шыққан соң қолтық астына екі қолдың сұқ саусақтарын енгізіп, оны жоғары көтеріп, нәрестені тартып тудырып алады.

Нәрестені өңдеу. Нәрестені өңдеу алдында акушерка қолын залалсыздандырып, аузын бет пердемен байлап, қолына қолғап киеді. Жаңа туылған нәрестені залалсыздандырған  науаға жатқызып, стерильденген дәкемен өңдейді 1% күміс нитратымен немесе 30% альбуцид ертіндісімен (гонобленореядан сақтандыру үшін) Кіндік бауын спиртпен өңдеп, қысқыштың біріншісін кіндік сақинасынан 10см, екіншісін одан 2см қашықтықта қыстырды. Қысқыштар арасын қайталап спиртпен өңдеп, қайшымен кіндік бауын кесті. Спиртке малынған стерильді тампонмен кіндік қалдығын сығып, түбінен ұшына қарай созып, кіндік сақинасынан 0,5см қашықтықта Роговин қысқышын салды, қалдығын қысқыштан 0,5см жоғары кесіп тастады. Кіндік жарасын 5% марганцовка ерітіндісімен өңдеп, стерильді дәкемен байлады. Кіндікті өңдеген соң тері жабындыларын өңдеді. Осыдан кейін сәбидің ұзындығын, бас, иық өлшемдерін, салмағын анықтады. Клеенка қиындысына анасының аты-жөнін, босану тарихының номерін, сәбидің салмағын, бойын, туған күні мен сағатын жазып қолына байлады.

Үшінші кезеңді жүргізу. Бала жолдасының бөліну кезеңі - бала туғаннан кейін басталады, оның бөлініп түсуімен аяқталады. Бала жолдасы жатырдан бір шетінен немесе ортасьшан бөлінуі мүмкін. Орталық бөліну кезінде жыныс жолдарынан қан ағу болмайды, ал шетінен бөлінуде қан ағады. Әдетте, үшінші кезеңде 200—250 мл қан кетеді, бұл кезеңнің ұзақтығы 30-40 минут. Дәрігер үшінші кезеңді өте ұқыптылықпен жүргізеді. Әйелдің кіші дәретін ар-найы түтікшемен шығарып, бала жолдасының бөліну белгілерін анықтайды.

1. Шредер белгісі — жатыр пішіні мен оның деңгейінің өзгеруі. Қалыпты жағдайда жатыр деңгейі кіндік тұ-сында орналасады, бала жолдасы бөлінген кезде, ол кін-діктен жоғары көтеріліп, оңға қисаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет