Жас сәбидің психологиялық дамуына ситуациялық-тұлғалық қарым-қатынастың тигізетін әсері. Бұл кезеңде баланың тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетін ең алғашқы шарттар қалыптаса бастайды. Бала өзін-өзі танудың бірінші формасын қалыптастыра бастайды. Бұл алғашқы форма эмоционалды күйге әсер етуден пайда болады. Көңіл-күйдің көтеріңкі болуы активті, яғни, белсенді түрде дамуға әсерін тигізеді. Бірақ, бұл қарым-қатынасқа түсуші үлкен адамның көңіл-күйінің жоғары болуына тікеледй байланысты болады. Адам неғұрлым байланысқа түсуде белсенділік танытып, балаға жағымды сөздер айтса, соғұрлым баланың да дамуы жедел түрде жүріп отырады. Сәби өзін байланыс субьектісі деп танып, үлкендермен қарым-қатынасқа тез түсетін болады. Бала үлкен адамның сөзінің, күлгенінің және т.б. әрекеттерінің тікелей өзіне бағытталғанын сезіне бастайды. Анасын тану арқылы сәби өзін-өзі тани бастайды. Ана да баланың әрбір іс-әрекетіне, дауысына, оның мимикасына міндетті түрде жауап қайтаруы қажет. Ал, 2-3 айлық кезінде сәби қарым-қатынас жасауда өзін белсенді ұстайтын болады.
Н.Н. Авдееваның жүргізген эксперименттері бойынша бала өзін мадақтағанда оң жауап қайтарады. Мысалы, баланың қимыл-қозғалысын анасы мадақтаса, бала қуанады. Ал, қолын немесе саусағын аузына апарған кезде анасы ол қылығын бұрыс деп тауып, балаға қарсы ұрсады, ол кезде бала теріс көңіл-күй білдіреді. Сонда сәби өзінің іс-әрекетінің дұрыс еместігін сезіне бастайды. Бірақ, бала анасы тарапынан болған ұрсуды тікелей қабылдамайды, яғни оны ұрыс деп сезінбейді.
Ал, Г.Х. Мазитованың зерттеулерінде баланың үлкен адамдарды тану-танымау әрекеттері қаралады. Бұл экспериментке 16 апталық баладан бастап 12 айлық сәбиге дейін қатысты. Жас сәбилер қарым-қатынасты өте жақын, таныс және мүлдем таныс емес адамдармен жасады.
Алғашқы кезеңде, яғни, 1 айлық балада өзі байланысқа түсетін адамдарды мүлдем танымайтындығы байқалды.
2 айлық бала байланысқа түсуші адамдарды танымайды, барлығын бірдей қабылдайды. Бірақ, олардың көңіл-күйін бірден аңғара алады. Ал 3 айға толған кезде бала қоршаған отаға деген дифференциялды көзқарасын қалыптастырады. Бала бұл кезеңде үлкенге деген оң эмоциясын білдіреді, бірақ өзіне өте жақын адамдарды ерекше қуанышпен қабылдайды. Тек 5 айға толған кезде ғана бала адамдарды шын мәнінде тани бастайды. Ата-анасына сәби қуанады, ал таныс емес адамдарға жатырқау сияқты сезімді тудырады.
Өте жақын адамға деген тартылыс күші пайда болады. Бұл осы кезеңде туған ерекше психологиялық факт болып табылады. Бұл ғылымда аффектілі-тұлғалық байланыс деп аталады. Осы сезімнің нәтижесінде баланың қоршаған ортаға деген көзқарасы, бағасы қалыптасады. Бұл белсенділік баланың тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Сонымен қатар бұл сезім баланың заттық әлемді тануына да септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |