Үйлесті- ру (синтез) əдісі



бет2/3
Дата20.12.2021
өлшемі27,95 Kb.
#103753
1   2   3
Байланысты:
ЖАТ ТІЛ ОҚЫТУ ƏДІСІ Кошке Кеменгеров

«Кітап оқу жобасы» Ганшина мен Кестеренікі:

  1. Кітап оқу белгілі жобамен болу керек. 2) Оқу екі түрлі: түсіндіре оқу не шолып оқу. 3) Түсіндіре оқуда ережелер жағынан тексеріледі. Көбінесе дұрыс, дəл ұғу жағына, сөз мəнісіне, əлпетіне назар салынады. Түсіндіре оқуды ІІ семестрден бастауға болады. 4) Шолып оқуда тексеру болмайды. Тек сөйлемнің ұзын ырға мəнісі айтылады. 5) Оқушылар өз бетімен тексеру үшін үйлерінде де оқи- тын сабақ беру керек.

«Сөзге байыту жолы» Ганшинанікі:

  1. Тексерілетін, жанталатын сөздер көпке ортақ сөздер болу керек.

  2. Сөз жаттатқанда əуелі деректі сөздерден бастап, содан дерексіз сөздерге көшу керек.

  3. Сөзге байыту үшін алғашқы кезде жеке сөздерді көбірек жаттату, артынан сол сөздердің басқа мағыналарын көрсетіп, қосақтап сөйлемдер жасату керек.

  4. Құрғақ жаттаумен сөз миға қонбайды; ұмытыла береді; олай болмас үшін сөздерді қосақтап өзгертіп сөйлемдер жасату керек.

  5. Қосақтау (жіктеу) реті екі түрлі: не сыртқы тұлғасына қарай жұрнақ қосқызу, не бір ұғым айналасына кіретін сөздерді бірыңғай жіктеу. Соның екеуін де қолдану керек.

«Жазу жолы» Приденберіктегі:

  1. Тіл үйрену үшін жазу – үлкен құрал.

  2. Жазу реттері мынадай болу керек:

а) Тексерілген сабақты түсініп көшіру;

б) Тіл ережелерінің жаттықтыратын сұрауларға жазып жауап беру;

п) Етістіктерге жалғау қосу;

т) Оқып өткеннен кейін кітапті ашып қойып, сөздердің тұлғасы, жағы, шағы, сияқтыларды өзгертіп айттыру;

ж) Көркем əдебиеттен аударту;

д) Бір тақырып алып сол туралы оқушыларды бірлестіріп (коллек) жаздыру;

ш) Оқылған əңгімеше сияқтыларды қорыттырып (конспект) жаздыру.

«Алғашқы жылдарда оқыту əдісі жаңа прағырамы» Мамунанікі:


  1. Жат тілді оқыту үшін ана тілді білу керек.

  2. Сабақтың негізі күндегі ауыз екі сөздер болу керек.

  3. Көз, құлақ сезімдерін қозғалыс орындарын күшейту үшін əр түрлі нəрселер, суреттер, ойындар, өлеңдер мен пайдалану керек. Əуелі класта одан кейін үйге, қораға, бақшаға, көшеге, қалаға, ауылға, мемлекетке, жер жүзіне тиісті нəрселер болу керек. Суреттер сол жат елдің тұрмыстарын айқын көрсетерліктей болу керек. Өлеңдер ырғақты болған- дықтан, əр сөзді дұрыс айтуға жаттықтырады. Өлеңнің арқа- сында оқушының құлағы жат елдердің тіліне, дыбысына жаттығады.

Əр түрлі ойынды ойнағанда, ойнаушылар жаңадан сөз қосады.

  1. Алғашқы жұмаларда жазу-оқу болмайды. Тек оқытушы үшінші бөлімде көрсетілген ретпен əр сөзді дұрыс айтуға жаттықтырады.

Одан кейін оқытушы оқушыларға таныс сөздерді қара тақтаға жазып, дауыстап оқыттырады. Сөзді бөлмей тұтас оқыту керек.

Екінші семестрде таныс сөздерді кітаптан оқыту керек. Оқушылар таныс сөздерді оқыса аудармай ұққандықтан жат тілде ойлауға үйренеді. Алғашқы жылы түсіндіре оқу ғана болу керек: əуелі оқытушы өзі оқиды. Сол оқығанын оқушыларға айтқызады. Содан кейін оқытушы ережелер жағын жіктеп көрсетеді.



  1. Оқумен қатар жазуға үйрету керек. Көшірілетін сөйлем- дерді күн бұрын түсіндіру керек. Оқушы таныс сөйлемдерді көшіргенде, дауыстап оқып отыру керек. Жаттатқызғанда да осылай болу керек. Одан кейін суреттерге қарап нəрселердің аттарын жаздырту, бір аздан соң сөйлем құрастыру.

  2. Тіл құралы жеке оқылмайды. Тек оқытушы жат тілдің тұлғаларын байқауға үйретіп, ана тілдікі мен салыстыру керек. Сөйлеудің түйіні етістік болу керек. Нені болсада етістікке байланыстыру керек.

«Əдебиетті оқу жолы» Мамунанікі:

Қарап оқу сабақ берудің негізі

Қарап оқуда екі түрлі, екі мақсат бар: не жат елдің тіл құрылысымен таныстыру; не жат елдің мəдениетімен та- ныстыру. Оқылуға арналған деректі саясат, шаруашылық, қоғам тұрмысымен байланыстырып сайлап алу керек. Бұл үшін əдейі арналып жазылған кітаптар, журналдар болу ке- рек. Əдеби арналып жазылған кітапта, көркем сөз өрнектері қара сөзбен де өлеңмен де болу керек. Жəне жат тілдің жат елдің қара шаруалары, жұмысшылары туралы да төңкеріс қозғалысы туралы да, қазіргі шаруашылық қоғамшылық туралы да болу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет