ЖАТ ТІЛ ОҚЫТУ ƏДІСІ
Тіл оқыту əдістері толып жатса да, ең жақсы əдіс туралы мəселе дұрыс шешілген жоқ. Сондада тіл оқыту əдісін қарастырушылар негізінде екіге бөлінеді.
Бірінші ағымдағылар тіл үйретуді əріптен (дыбыстан) бастап көшу; одан сөзге, сөзден сөйлемге көшу керек дейді. Оқытудың негізі тіл құралы болу керек. Тіл құралындағы ережелерге жаттықтыру үшін жат тілден де, ана тілінен де сөздер, сөйлемдер келтіру керек дейді. Бұлай оқыту үйлесті- ру (синтез) əдісі болады.
Екінші ағымдағылар тіл үйретуді байланысты сөйлеуден (связная речь) бастау керек, содан сөйлемдерді жіктеу, сөйлемнен сөзді жіктеу, сөзден буынды жіктеу, буыннан əріпті жіктеу керек дейді. Тіл құралын қолға дыбыс ретіне керекті жерінде ғана қолданып отыру керек дейді. Бұлай оқыту талдау (анализ) əдісі болады.
Талдау əдісін осы күнде жақтаушылар көп. Бірақ талдау əдісінің кемшілік жері: тіл құралына үстірт қарағандықтан жат тілді терең тексерте алмайды. Жəне жат тіл мен ана тілді салыстыра алмайды, əлде болса, тексерілетін жері бар. Сонда да жат тілді жазу, сөйлеу жолымен үйреткенде талдау əдісі − өте қолайлы. Талдау əдісін жақтаушылардың көсемі Пекнер төмендегі жобаларды ұсынады:
Жат тілді оқытқанда аса қиын жерлерді ғана ана тілмен түсіндіру.
Жат тілді оқыту əдісі ана тілдікіндей болу керек.
Сыртқы тұлғасы қиын орындарда ғана жат тілден ана тілге аудару керек.
Ана тілден жат тілге өте сирек аудару керек.
Тіл құралының ережелерін оқылатын сабаққа түсіндіріп отыру керек.
Класта кітап оқыту сабақтың негізі болу керек.
Жат тілдің əдебиет тарихын толық оқытудың керегі жоқ.
Орта, жоғарғы кластарда үйден даярлап келуге сабақ беріп отыру керек.
Жат тілде өлең-тақпақ айтуға үйрену керек.
Орта, жоғарғы кластарда жазуға жаттықтыру керек.
Осы күнде талдау əдісінің үш түрі бар:
Бір түрі – əр елдің əдісі: тіл құралының ережелері оқылған сабақтан қорытылып шығарылады: бірақ бір тілден екінші тілге аудару болып отырады. Екінші түрі − көрнекті əдіс: мұнда шама келгенше ана тілі қолданылмайды. Күндегі өмірде сөйленетін сөздерден бастап, дыбыстар мен таныстарғаннан кейін тура əңгімеше сияқты оқуға кіріседі. Тіл құралының ережелері оқылған сабақтан қорытылады. Көрнекті əдіс Еуропада көп таралған. Соңғы 15-20 жылдың ішінде Ресейге де жайылып келеді. Үшінші түрі – жаратылыс əдісі: мұнда ана тілі деген, аудару деген болмайды. Бала жаратылысында ана тіліне қалай үйренсе, мұнда да жат тілге солай үйрету керек дейді. Бұл əдіс Америкеде көп қолданылады. Əр ел əдісінің қолайсыздығы: оқушы аударуға, жəне тіл құралына сүйеніп кетеді; сөйлесуге орашолақ болады.
Жаратылыс əдісінің қолайсыздығы: ана тілді, тіл құралын мүлде керексіз табады. Жат тілді үйретуді ана тілінің жолына түсіріп, жаратылыс заңымен орындау еш уақытта мүмкін емес. Технердің ойынша, ең дұрысы, қолайлысы – көрнекті əдіс. Мəскеудегі: Центральный Гуманитарный Педагогический Институт жанындағы комиссия ұластыру əдісін молырақ қолдануды дұрыс табады.
Кемесие пікірінің мазмұны:
Мектепте жат тілді толық, мүлтіксіз үйрену мүмкін емес.
Сондықтан оқушылардың жаттығу жағын қарастыру керек.
Оқушылар ең кемі жат тілдегі кітапті оқи, түсіне білу керек. Ауыз екі сөзге түсіне білу керек.
Жат елдің мəдениеті, əдебиеті мен біраз танысу керек.
Оқытушыларды жаттықтыру жолы: жат тілден үйретіл- ген сөздердің мəнісіне түсіндіріп, тіл құралының ережелерін ұғындыру.
Оқыту реттері; оқу, аудару, жаттығу жəне сөзді көбірек жаттату.
ана тілдің тіл құралындағы сөйлем жүйесіндегі ережелер мен жат тілдігін салыстырып отыру.
Приденберіктің «Еңбек мектебіндегі əдісі»:
Мектепте жат тілді оқытқанда сөйлеу жағын ғана мақсат қылуға болмайды.
Жат тілді үйренгенде көз, құлақ, қозғалыс əдістерін қолдану керек.
Оқытушы дұрыс, ашық, қатты сөйлеп оқушыларға үлгі болу керек.
Оқушылардың əр сөзді дұрыс айтуына назар салу керек.
Ана тілден жат тілге аударудың керегі жоқ.
Сөзді құрғақ жаттау жағын азырақ алып, көбінесе сөзді жаттықтырумен есте қалдыру керек.
аударғанда жеке сөздің мəнісінен түсіну қажет емес. Тек сөйлемнің мəнісіне түсінсе болады.
Тіл құралының ережелерін оқушыларға оқылып отырған сөйлемдерден байқату керек.
Достарыңызбен бөлісу: |