Орындаған: Душабаева Аида Тобы:1301-10к Қабылдаған: Байымбетова,Ж ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі Талдау тәсілібойынша сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алуға, жеке дыбыстарды әріптермен таңбалауға мүмкіндік жасалып, оқуға негіз қаланады.
Жинақтау тәсілібойынша дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден сөйлеу құрастырылып, оқу дағдысы қалыптасырылады; оқушылар сөзді алдымен буындап, соңынан тұтас оқуға үйренеді, сол сияқты әуелі – жеке жазу элементтерінен әріптерді шығарып, одан тұтас сөздерді жаза білуге дағдыланады, соның нәтижесінде сөйлемді, мәтінді оқуға, көшіріп не тыңдап жазуға, сондай-ақ өз ойын байланыстырып сөйлеуге, жазуға біртіндеп төселеді.
Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.
Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек:
Әрбір өтілетін жаңа дауысты дыбысты сөзден бөліп алып, мұқият зерттеу негізінде оқуға үйрету, онан әрі оның әріпі меңгертіледі және буыны, сөзі оқытылады.
Жалпы дыбыс пен әріпті үйретудің типтік сызбасы мынадай:1. Мәтіннен сөйлемді бөліп алу. 2. Сөйлемді сөзге бөлу. 3. Жаңа (үйретілген) дыбысы бар сөзді бөліп алу. 4. Жаңа дыбысты бөліп айтып үйрену. 5. Оның баспа әрпін көрсету. 6. Кеспе әліппеден сөзді құрастыру. 7. Ол сөзді оқу. 8. «Әліппеден» жаңа сөздер оқу. 9. «Әліппеден» тіркестер оқу. 10. Жаңа дыбыстың жаңа түрін көрсету және оның бөліктерін (әріптің) жазу, кейінірек сол әріппен сөз жазу.
Бұл схемадан сөзді оқуға құрамындағы дыбыстарын саналы ұғынып, буынды оқу арқылы үйренеді. Сөйтіп, дыбыстық талдау-жинақтау әдісіне үйренуде: 1) оқу бастамасы (единица) буын болып табылады; 2) Сөз көрсетілмейді. Ол сөйлеуден бөлінеді де, ауызша айтылады. Оқушылар сөздің әрпінен дыбысын емес, дыбысынан оның әріптерін тануға көшеді (керісінше емес).
Сауат ашу барысындағы негізгі міндет – балаларды тура буынды оқуға үйрету. Әрбір жаңа үйретілетін дауыссыз дыбыс бұрыннан таныс, үйренген дауысты дыбыс арқылы беріледі.
Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіңкіреп, созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, «р» дыбысы үйретілуі қажет болғанда «ара» сөзіндегі «а-ра» буындары «а—рра» делініп, «р» дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға «р» дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуға тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары «р» дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р» дыбыс шығатынын аңғарады.
Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.