«Аударудың керектігі» Ганшинанікі:
Мəскеудегі білім-тəрбие институтының пырағырамында мектеп жат тілдегі кітапті оқуға, ұғуға үйретеді – дейді. Оқылғанды ұғынуға екі жол бар: бірі аудару; екінші сөзге түсіну.
Осы күнгі білім-тəрбие пəні аударусыз да, жат тілді ұғуға болатындығын сипаттап отыр. Оқылғанды ұғу үшін тілдің, сөзді тұлғасын айыра білу керек.
Оқымастан бұрын таныс емес сөздердің мəнісі тұлғасы ай- тылады. Содан кейін оқытушы дауыстап оқиды. Осы ретпен жалпы мəнісі түйістіріледі. Ең артынан оқытушы ұғымсыз сөздердің мəнісін толық түсіндіріп, екі сөздің арасындағы байланысты көрсетеді. Бұларды түсіндіргенде бұрынғы та- ныс жүздерді мыйсалға алу керек.
Осылай түсіндіргеннен кейін ғана аударуға кірісу керек. Аудару екі түрлі: бір түрі – жеңіл сөйлемдерді аударғанда, негізіне жақынырақ аудару. Екінші түрі – көркемшілік жағын көздеу.
Ана тілден аударудан онша пайда шықпайды. Өйткені мектепте жат тіл туралы алатын білім ана тілден толық аударуға шамасы келмейді.
Қошке
434
435
Достарыңызбен бөлісу: |