Жұлын нервтері



бет3/9
Дата04.04.2023
өлшемі6,67 Mb.
#173731
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
56675.pptx (3)

Сопақша мидың рефлекстерi туа бiткeн рефлскстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Әpтicтep сахнада жүрiп, қажет болса,көз жасын төгіп жылай алады. Бұл айтылғандар сопақша мидын қызметiн ми қыртысы реттейтiнiн керсетедi. Варолий көпірінiң қызметi осы күнге дейiн толық анықталмаған. Ми көпiрінiң құрамында ақ зат көп. Ақ заты жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай (төмен) бағытталған жолдарын құрады.

.

Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған Бұлардың iшiнде бас сүйек, ми жүйкелерiнiң V,VI,VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттердi ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртiбiн реттейтiн торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпiрде дем алуды дем шығарумен алмастырып отыратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтiн орталық орналасқан.

Артқы мидың бүкіл бойында көптеген талшықтары бар жүйке жиынтықтары орналасқан. Осы жүйке пен жасушалар жиынтығын – тор тәрізіді (ретикульді) туындылар деп атайды. Торлы құрылым екi түрлi кызмет атқарады:

а) жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсер; б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жаққа қарай бағытталған әсер. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауға болады. Сонымен қатар, ол ағзаның ұйқы-сергек күйінің көрініс беруіне де қатысады.

Ортаңғы ми

Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми жүйкелерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.

Төрт төмпешiк пен көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйкелер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық жүйкенің нейрондары орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет