Жм-909 Мейірбек Бағдат Практикалық сабақтың тақырыбы:№1. Психологияға кіріспе. Жеңіл деңгей



бет4/8
Дата01.12.2023
өлшемі50,16 Kb.
#194499
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЖМ-909 Мейірбек Бағдат Сурактарга жауап (1)

2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
Д.Локк(1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді .Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу п.әні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды . “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. “Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция ” (организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы “байланыс” негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Психологиялық зерттеулердің мақсаты –ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың ,құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады.Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне ,мүддесіне,сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті.Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады.
Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор.Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді.
Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология,психоанализ,іс-әрекет теориясы,гуманистік психология.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет