Байланысты: ЖМ-909 Мейірбек Бағдат Сурактарга жауап (1)
2.Психология ғылымының даму кезеңдерін көрсетіңіз. Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.
1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады.
1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.