Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет33/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
қ 
отивациялық 
 
Когнитивті 
Ақпаратпен 
жұмыс 
Теориялық ойлау 
Шығармашыл
ық ойлау 
Сыни ойлау 
Технология: 
ИКТ, жобалау, ынтымақтастық, 
портфолио, ТРИЗ
 
Форма: 
жеке, топтық, фронтальді 
Құрал: 
ИКТ, модельдеу, рефлексия, 
метапәндер 
Әдістер: 
зерттеушілік, проблемалық, 
практикалық, ситуациялық ойын, жобалау, 
семинар-тренинг
 
 
Метапәндік нәтиже
қ 
отивациялық 
 


60 
Мотивациялық-мазмұндық компонент 
бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқытуды мотивациялық-мазмұндық жағынан толықтырады. 
Олар: реттеуші, когнитивті және ақпаратпен жұмыс.
Танымдық компонент
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда 
оқытуға бағытталған мазмұнды, технологияларды, әдістерді, құралдарды, 
оқыту формаларын құрайды.
Ә. Жұмабаева, Г. Уайсова, Г. Сәдуақас «Қазақ тілі», З. Муфтибекова, А. 
Рыскулбекова «Әдебиеттік оқу», А.Б. Акпаева, Л.А. Лебедева, М.Ж. 
Мыңжасарова «Математика», Т. Андриянова, В. Беркало, Н. Жакупова, С. 
Кузнецова, А. Полежаева «Жаратылыстану», Б. Турмашева, С. Салиш, В.
Пугач «Дүниетану», Бигазина П., Жаманкулова А., Кажекенова Э., Г. 
Тураканова, М. Хонтай «Жаратылыстану»
пәндері бойынша оқу-әдістемелік 
кешендерді талдай келе, ең алдымен ақыл-ой қызметі тәсілдерін 
қалыптастыруға бағытталғандығын байқаймыз. Бұл дегеніміз оқу тәжірибесінде 
жүйелі-әрекеттік тәсілдемені жүзеге асыруға және оқушылардың метапәндік 
нәтижелерді игеруі үшін дидактикалық шарттарды құруға түрткі болады. 
Жоғарыда аталып өткен барлық пәндерді метапәндік тұрғыда оқытып, 
оқушылардың метапәндік нәтижелерін қалыптастыруға болады. Бұл 
мүмкіндіктерді жүзеге асыру оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне тікелей 
байланысты. Маңызды ұстаным: 
«Оқушыларды алған білім негізінде ойлануға 
үйрету керек». 
Тақырып аясында берілетін тапсырмалар төмендегідей 
құрылымда құрастырылуы тиіс. Олар:
тексер, бағала, салыстыр, түсіндір, 
таңда, заңдылықты тап, тұжырым дұрыс па, бақыла, тұжырым жаса 
және 
т.б
Мұндай 
тапсырмалар 
оқушылардың 
түрлі 
әрекетті 
орындауға 
бағдарлайды. Қойылған мақсатқа сәйкес метапәндік нәтижелері дамиды
осындай типтегі тапсырмалар арқылы оқушылар мәнді және мәнсіз белгілерін 
анықтау мақсатында белгілі бір объектті талдауға үйренеді; белгілері бойынша 
салыстыруға, топтастыру жұмыстарын жүргізеді; ұқсастықтарын және 
айырмашылықтарын анықтайды; себеп-салдарлық байланысын анықтайды; 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет