118
Тәж.с.2 ешқандай оқушы 22 cұраққа толық дұрыс жауап бермеген. Барлық
17 cұраққа жауап беріп, тек 18-22 сұраққа жауап бермеген оқушы жоқ. Не
болмаса жалпы 22 сұрақ ішінде жалпы санағанда 12 cұраққа жауап бергені 14
оқушы, 15 cұраққа жауап бергені 1 оқушы бар. Яғни
14 оқушы өз әрекетін
жоспарлау білігінің даму деңгейі бойынша орта деңгейді
құрайды. 10 сұрақтан
кем немесе толық жауап берген оқушылар саны – 15. Бұл дегеніміз төменгі
деңгейді сыныптағы оқушылардың тең жартысы құрайды. 1 және 2 сұраққа
ғана дұрыс жауап берген оқушы жоқ. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы – 0.
(сурет 28).
Сурет 28 – Тәж.с.1 және Тәж.с.2 оқушыларының өз әрекетін жоспарлау
білігінің даму деңгейі
Диаграммада көрсетілгендей, оқушылардың метапәндік нәтижелер деңгейі
артуы үшін бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуды қажет
етеді. Анықтаушы кезеңде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері
бойынша
мазмұндық,
ұйымдастырушылық,
диагноcтикалық-нәтижелік
компоненттер бойынша қалыптастырушы эксперименттік жұмыстардың
жүргізілуін қажет етеді. Бұл жұмыстар 3.2 бөлімінде толық сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: