Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


) Оқушылардың метапәндік нәтижелерін анықтау тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет67/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
 
4) Оқушылардың метапәндік нәтижелерін анықтау тапсырмалары 
(
Авторлық әзірлеме)
Тапсырмалардың мақсаты

оқушылардың бастауыш білім беру пәні 
аясында игерген метапәндік нәтижелерінің деңгейін анықтау. Оқушылардың 
ұсынылып отырған әр тапсырма бойынша анықталатын метапәндік 
нәтижелерінің тізімі төмендегі 16-кестеде көрсетілген. Сонымен бірге кестеде 
әр тапсырманы бағалау шкаласы бар (кесте 19). 
Кесте 19 – Тапсырмалар бойынша анықталатын метапәндік нәтижелер тізімі 
және оны бойынша бағалау шкаласы 
Жоспарланған метапәндік нәтижелер 
Метапәндік 
тапсырма нөмірі 
Балл 
саны 



Барлық тапсырма саны – 11 
Макс.балл – 11 балл 
Тапсырманы орындауға берілетін уақыт – 90 минут
Үзіліс уақыты – 20 минут 
Мәтіндегі негізгі ойды толық түсіну 


Мәтіннен анық түрде берілген ақпаратты табу 


Пайымның дұрыстығын мәтінге сүйене отырып бағалау


Мәтінге бағдарлана отырып, сөздің мағынасын түсіндіру 


Логикалық қорытындыны жеңіл түрде жасау, салыстыру, 
өзара байланыс орнату, топқа жатқызу, топтастыру; Түрлі 
формадағы (мәтін, сурет, сызба, кескін) ақпаратты түсіну, 
оны бір формадан екінші формаға ауыстыруды жүзеге асыру




121 
19-кестенің жалғасы 



Әрекетті ретке келтіру 


Мәтіннен анық емес түрде берілген ақпаратты табу. 
Маңызды ақпаратты белгілеу. Жазуды тексеру, мәтінмен 
тексеру, түзетулер енгізу 


Мәтінді айтып беру барысында бірізділікті орнату. Мәтін 
жоспарын құрастыру. 


Пәндік білімді, логикалық қорытындыны қолдана отырып, 
бақылау мен түзетуді жүзеге асыру. 


Адамның (мәтін кейіпкері) тұлғалық сапаларына сипаттама 
беру, мысалдар келтіру. 
10 

Өз ойын жеткізу, өз ойын тұжырымдай білу, кішігірім 
мәтіндер жазу. 
11 

 
Алынған диагностикалық жұмыс нәтижесінде бақылау және тәжірибелік 
сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерінің деңгейі арасында 
айтарлықтай үлкен алшақтық жоқ. Нәтижелерді төмендегі 20-кестеден көруге 
болады. 
Кесте 20 – Оқушылардың анықталатын метапәндік нәтижелерінің деңгейі
Әдістеме 
Деңгей 
Оқушылардың метапәндік 
нәтижелерінің деңгейі 

Бақ.с.1 Бақ.с.2 Тәж.с.1 Тәж.с.2 
Оқушылардың метапәндік нәтижелерін 
анықтау тапсырмалары 
Жоғары 
11-8 балл 
25

17

23

24

Орта 
7-4 балл 
25

23

18

22

Төмен 
3-0 балл 
50

64

59

54

Оқушылардың метапәндік нәтижелерінің деңгейін анықтау үшін 
әзірленген тапсырмалар негізінде тәжірибелік топ студенттері бақылау тобынан 
нәтижелері бір бірінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Сөзімізге дәлел – олардың 
бақылау қағаздары. Алынған нәтижелерге толығырақ тоқталғымыз келеді. 
Тапсырмалар ішінде 5 тапсырма жоғары деңгейдегі тапсырма болып саналады. 
Олар: 1,5,7,8 және 11 тапсырма. Бақ.с.1 оқушыларының 25

-ы жоғары, 25

-ы 
орта, ал қалған оқушының 50

-ы төмен деңгейлердегі тапсырмаларды 
орындаған. Бақ.с.2 оқушыларының 17

-ы жоғары, 23

-ы орта, ал қалған 64

-
ы төмен деңгейлердегі тапсырмаларды орындаған. Тәж.с.1 оқушыларының 
23

-ы жоғары, 18

-ы орта, ал қалған оқушының 59

-ы төмен деңгейлердегі 
тапсырмаларды орындаған. Тәж.с.2 оқушыларының 24

-ы жоғары, 22

-ы 
орта, ал қалған 54

-ы төмен деңгейлердегі тапсырмаларды орындаған (сурет 
30 ) [140].


122 
Сурет 30 

Бақылау және тәжірибелік сынып оқушыларының анықталатын 
метапәндік нәтижелерінің деңгейі 
Бұл нәтижелерден біз оқушылардың мәтіннің негізгі ойын толық түсінуі; 
мәтіннің мазмұны бойынша логикалық қорытынды жасау; ақпаратты бір 
формадан екіншісіне ауыстыру; анық емес түрде берілген ақпаратты табу, оның 
ішінен маңыздысын белгілеу; мәтін мазмұны бойынша жоспар құру; өз ойын 
тұжырымдау, кішігірім мәтіндер жазу оқушыларға өкінішке орай қиындық 
келтіретіндігін анықтадық. Жоғарыдағы сурет соның айқын дәлелі болып отыр. 
Бұл қорытындылар мақсатты жұмыстарды жүргізу міндеттерін туындатты. 
Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін қалыптастыруға 
бағытталған тапсырмалар жүйесін дайындау, бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесін әзірлеуде метапәндік тұрғыда оқытуға 
қатысты еңбектерге жасалған талдаулар басшылыққа алынды.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың әдістемесі 
зерттеу жұмысымыздың 3.2 тармақшасында қарастырылатын болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет