Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет76/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ

ҚОРЫТЫНДЫ 
«Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту» атты 
диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми болжамы дәлелденді және 
бірнеше теориялық және қолданбалы нәтижелер алынды.
Жүргізілген теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік-эксперимент 
зерттеу жұмысының нәтижелері төмендегідей қорытындылар
 
жасауға 
мүмкіндік берді: 
1. Мемлекеттің стратегиялық даму бағдарламалары мен нормативті 
құжаттарға жасалған талдаулар бастауыш білім беру пәндерін метапәндік 
тұрғыда оқыту мәселесінің өзектілігін нақтылай түсті. Ғылыми әдебиеттерге 
зерттеу тақырыбы тұрғысынан жасалған талдау «метапән», «метапәндік 
тұрғыдан оқыту» ұғымдарының мәні мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік берді. 
«
Метапән» ұғымының мәні

теориялық ойлау және универсалды оқу 
әрекеттерін қалыптастыру тәсілі, дүниенің біртұтас бейнесін санада 
қалыптастыру құралы. 
Метапәндік тұрғыда оқытудың мәні
– оқушының 
пәндер аясында универсалды оқу әрекеттері арқылы қалыптасқан метапәндік 
нәтижелерді өз тәжірибесінде бекіту үдерісі. 
Бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда 
оқыту 
барысында 
метапәндік нәтижелері 
қалыптасқан оқушы
дегеніміз 

мазмұндық, реттеушілік, когнитивтілік 
құрамдарына сәйкес теориялық ойлауы жетілген, ақпаратты қайта өңдеу 
дағдылары қалыптасқан, сыни және шығармашыл ойлайтын, реттеушілік 
біліктерін игерген оқыту үдерісінің субъектісі.Метапән – дәстүрлі циклдегі 
оқыту пәндерінен өзгеше пән. Ол «пәнішілік» және «пәнүстілік» идеясын 
біріктіреді. Метапәнділік – пән аясынан шығу, бірақ олардан «кетіп қалу» 
дегенді білдірмейді. Ол пәннің немесе бірнеше пәннің арқасында тұрады, ол 
олардың негізінде, олармен тамырлас байланыста болады, пәндіктен бөлек 
шыға алмайды.Метапәндік тұрғыда оқытуда берілетін білім оқушыларда 
дүниенің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыруды (бастауыш сынып 
оқушыларының дүниені эмоциялық-тұтас қабылдауына) мүмкін етеді. Осы 
арқылы оқушылардың дүниетанымындағы бөлшектенушілікке, есте сақтау 
қабілетіне шамадан тыс жүк түсіруге, шығармашылық ой-өрісін тарылтуға жол 
берілмейді. 
2. Зерттеу барысында дайындалып, тәжірибеден өткен құрылымдық 
мазмұндық модельдің стратегиялық мақсаты – бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздеріне дайындау 
үдерісінің компоненттері мен көрсеткіштерін айқындау, әдістері мен деңгейлері 
белгілеу. Әдіснаманың синергетикалық, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік, 
біртұтастық, кешендік, жүйелілік, құзыреттілік тұғырлары мен метапәндік, 
ізгіліктілік, диалогтық, кешендік, практика мен теорияның бірлігі 
ұстанымдарды басшылыққа алынған мотивациялық-мазмұндық, танымдық, 
диагностикалық-нәтижелік компоненттерден тұратын бұл құрылымда 
метапәндік тәсілдің зерттеу мәселесін шешудегі мүмкіндігін толық пайдалану 
арқылы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту арқылы 


145 
оқушылардың әлемді біртұтастықта қабылдауы мүмкін болатындығы 
дәлелденді.
3.Зерттеу міндетіне сәйкес әзірленіп, бастауыш мектептің оқу-тәрбие 
үдерісінде тәжірибеден өткен «Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік 
нәтижелерін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесі» бастауыш 
сынып оқушыларында метапәндік білікті қалыптастыруды жүзеге асырды, 
тапсырмалар жүйесін жүргізу барысындағы қолданылған метапәндік әдіс 
оқушылардың теориялық ойлауының жетілуіне, ақпаратты қайта өңдеу 
дағдыларының қалыптасуына, сыни және шығармашыл ойлауға, реттеушілік 
біліктерін игеруіне тиімді ықпал етті.Сонымен қатар болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуға 
даярлауды жүзеге асыру мақсатында жүргізілген 
«Бастауыш білім берудегі 
метапәндік тәсілдеме»
 
арнайы курсының мазмұны студенттердің бастауыш 
білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытып, оқушылардың метапәндік 
нәтижелерін қалыптастыруға даярлығының қалыптасуына тиімді ықпал етті. 
4.Тәжірибелік-эксперимент 
жұмысының қалыптастырушы кезеңінде 
алынған нәтижелер оқушылардың метапәндік тұрғыда оқу қажеттілігін түсініп, 
метапән тапсырмаларына деген қызығушылықтарының артқанын, универсал 
оқу әрекеттері мен метапәндік тапсырмалар мәнін, қызметін ұғынғанын;
метапәндік білім, біліктерінің артқандығын көрсетті. Аталған нәтижелер оқу 
пәндерінің бір-бірінен алшақтығы, бытыраңқылығы, бөлінуі мәселесін шешуге 
мүмкіндік береді.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша төмендегідей ұсыныстар 
жасалады: 
– жоғары педагогикалық оқу орындарында студенттердің метапәндік 
тұрғыда оқыту туралы білімдерін жетілдіруді әдістемелік жұмыстың басты 
бағыты ретінде қарастырып, оқытушылармен арнайы дайындықтар 
ұйымдастыру;
– жүрізілген ғылыми-зерттеуіміздің негізінде дайындалған «Бастауыш 
білім берудегі метапәндік тәсілдеме»
 
атты элективті курс пен мен ондағы 
әдістемені ЖОО-дағы 5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен 
әдістемесі мамандығы студенттеріне дәріс оқуда, семинар сабақтарын өтуде 
пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
– зерттеу тақырыбы бойынша бастауыш білім беру пәндерін метапәндік 
тұрғыда оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендер даярлау. 
Аталған зерттеу нәтижелері бастауыш білім беру бағдарламаларын 
жаңартуға және жоғары педагогикалық оқу орнындарында мамандар даярлау 
мәселесіне арналған жұмыстарды жетілдіруге және осы бағыттағы жаңа 
зерттеулер жүргізуге негіз бола алады деп есептейміз. Зерттеу мәселесі күрделі 
болғандықтан, оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес, 
сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге 
болмайды. Болашақта бастауыш сынып оқушыларында дүниенің тұтас ғылыми 
бейнесін қалыптастыруды кіріктірілген пән мазмұны аясында қарастыру 
мәселесі бойынша зерттеу керек деп санаймыз. 


146 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет