Пәні
|
Қазақ әдебиеті
|
Класы
|
ІХ «б»
|
Тақырып
|
Махамбет Өтемісұлы өмір жолы, шығармашылығы
|
Мақсаты
|
Махамбет өмір сүрген дәуірден мағлұмат алу, білімді ғылыми тұрғыдан терең меңгеру, шығармашылықпен жұмыс істеуге, тұжырымды ой айта білуге үйрену.
|
Күтілетін нәтиже
|
ақын өмірі мен өмір сүрген ортасы туралы мағлұмат алады;
шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасайды;
АКТ- ні тиімді пайдаланып, сандық сауаттылықтары артады;
ұйымшылдық, бірлік қарым – қатынас қалыптасады;
өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұны мен идеясын ашып талдай білуге дағдыланады;
танымдық іс-әрекет үдерісінде коммуникативтік дағдыларын жүзеге асырады.
|
Кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
|
Оқушылармен сәлемдеседі
және топтарға бөледі.
«Тазару» психологиялық жаттығуын орындатады.
|
Мұғаліммен амандасып, «Тарихшылар», «Әдебиетшілер», «Зерттеушілер», «Шығармашылдар» атты топтарға бөлінеді.
Психологиялық жаттығу жасайды.
|
|
.
|
Қызығушылық
ты ояту
мин)
|
«Ән- көңілдің ажары»
Е.Құдайбергеновтың орындауында терме тыңдату «Мен, мен едім»
|
Кімнің термесі, автор туралы не білетіндерін ортаға салады.
|
|
Үнтаспа
|
Мағынаны тану
(15 мин)
(15 мин)
|
І топ: Шаруалар көтерілісінің шығу себептері, Махамбет көтеріліс кезінде
ІІ топ: Махамбеттің балалық, жастық шағы. Шығармалары, басты тақырыптары
ІІІ топ: Махамбет туралы қосымша мәліметтер мен деректер жинау.
ІҮ топ: Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы презентация жасау. І топ: Махамбеттің хан, сұлтандарға жау болу себебі неде? Көтерілістің жеңілу себептері. «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» өлеңі ІІ топ: Ақын өлеңдерін оқу, талдау. ІІІ топ: «Ел үшін туған асыл ер» эссе ІҮ топ: Махамбет күйлерінің шығу тарихы, орындаушылар
|
Топ болып берілген тапсырмаларды орындап, өзара түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Берілген тапсырмаларды орындап, топтар арасында талдайды.
|
Топ басшылары бағалайды.
Критерий бойынша топтар бірін- бірі бағалайды.
|
Бағалау парақшалары
Оқулық, ноутбук, ұялы телефон, ватман, маркер, стикер.
Оқулық, ұялы телефон, шығармалар жинағы, стикер.
|
Ой толғаныс
(10 мин)
|
«Сиқырлы таяқша»
|
Бүгінгі сабақтан алған мәліметтерін, көзқарас, пікірлерін бірін бірі қайталамай жеткізеді.
|
Мұғалімнің жиынтық бағалауы
|
|