Шортанбай ақын өмірі мен шығармашылығынан өмірдерек алу, шығармаларымен танысу
Күтілетін нәтиже
Ақын өмірі мен өмір сүрген ортасы туралы мағлұмат алады, шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасайды.
7 модульдің қолданылуы
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.
Жаңа оқу материалын меңгерту, білім, білік, дағдыны қолдану сабағы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Шығармашылықпен оқыту,сұрақ-жауап, пікіралмасу, көркем шығармаға талдау, тың астарын ашу.
Қолданылатын ресурстар
Слайд, портрет, суреттер, шығ жинағы, стикерлер мен смайликтер, қиылған суреттер
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурс
Ұйымдастыру кезеңі
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын бақылау, оқушыларды «Мозаика» суреттері арқылы топқа бөлу, алтын ережеге назар аудару, стикерлермен бағалау үшін фигураларды таратып беру
Махамбеттің «Қызыл» күйін тыңдату(5 минут
Махамбет Өтемісұлы туралы роликті көрсете отырып өткен тақырыпты естеріне түсіру
Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.
Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.
Қиылған суреттер
Өткен тақырыпты пысықтау
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап арқылы.
№1. «Ұлылар мекені» - туған жылы, жері туралы және сол жерде туған атақты Абай, Шәкәрім туралы айтып кету
№2. «Ұлылар сабақтастығы» - Мұхтар және Абай
№3. «Зерделі зергер» - Мұхтардың оқу жылдары, зеректілігі - 20 жылдық білім алу жолы
№4. «Рухани қазына» - шығармалары жайында
№5. «Мұхтар – ғалым» - Абайтану курсы туралы мағлұмат
№7. «Сапар соңы» - жазушының кенеттен қайтыс болуы туралы
№8. Мәңгі ғұмыр – артынан қалған аса бай әдеби мұрасы туралы ой пікірлер
Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
карточкарлар
Негізгі бөлім
Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) – 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын, өз дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік өмірдің әр саласын кеңінен қамтып, көркем бейнелеген ірі суреткер.
Шортанбай өмірі мен шығармашылығы жөнінде қолда бар деректер тым шағын. Бұларға қарағанда ақын 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан ауданының Қаратау бойында туып, Арқадағы Қарқаралы өңірінде 1881 жылы қайтыс болған. Ақын өлеңдерін тұңғыш жариялаған академик В.Радловтан кейін Қазан қаласында оның өлеңдер жинағы басылып жарық көрсе, кешегі Кеңес өкіметі тұсында шығармалары әр алуан жинақтарда басылып келді. Мұның бәрі ақынның өлең, жырларының ел жүрегінен өшпестей орын тепкенінің айқын куәсі болып табылады. Шортанбай ақын әдебиетіміздегі «Зар заман» деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі. Толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы «Келер заман сипаты» атты шығармасы. Онда халықтың болашағын болжай білген ақын елі үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді. Ескіше сауатты, шығыс әдебиетінен хабардар ақын өлеңдерін жазып шығарумен қатар, қаумалаған көп алдында жұрт өтінішімен түйдек-түйдек ағытып, төпеп те жырлаған. Өзіне дейінгі Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған. Өмірінің дені Арқа өңірінде өткен ол Жанғұтты ақынмен достық қарым-қатынаста болып, сыйластықпен ғұмыр кешкен.
Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сөз сайысына түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық байқауға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан мәрте жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын, тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, алдын орап кететін сезімталдығын танытады. Шортанбай мұраларын зерттеу ісіне М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Мұсабаевтар көп еңбек сіңірді. Ақын шығармаларының қолжазбасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ұлттық ғылыми кітапханасында сақтаулы.
Талдау
Ойлан тап
Өкінсең жоқ келері...
Құбылып тұрған қызыл гүл
Қураса кетер мәнері.
Сабыр қылсаң жетерсің
Құданың болса берері...
Жиырма бес жасыңда
Жігіт жетер кемелге.
Он сегізде қыз толып,
Апа болар бір елге.
Құрбыңнан қорлық көрмесең
Құда болсаң бір елге.
Жапырағын жайқалтып
Жайлауда қонсаң бір жерге...
Жылқының құты айғыр-ды,
Ат тумайды атасыз.
Көсегесі көгеріп,
Көбеймейді батасыз.
Ғайбаттың жаман екенін
Біле тұра айтасыз...
Алланың берген ақ дәмін
Шайтанға қайтып сатасыз.
Түйенің құты бура-ды,
Келесі қысыр қалмаса.
Күнә қайдан шығады,
Жаралып жан болып тумаса.
Әділ деп соны айтыңыз.
Турасын қисық бұрмаса.
Бұйрықсыз бәрі харам-ды
Шариғатқа сыймаса.
Жер тырнадай қор болмас,
Жетекшіден айрылса.
Тұрымтай торғай куа алмас,
Қанаты сынып қайрылса.
Қасақана бітер мал
Қайыры жоқ қабанға.
Айдасаң қиық жүрмейді
Төрт түлігі аманға...
Жақсыны жаман көре алмас,
Тіс тиген соң өзіне.
Шын екен деп иланбаңыз
Жалғаншының сөзіне.
Кісі үшін дер шалабын.
1-топ – поэмалары
2-топ – қарасөздері
3-топ - өлеңдері
Оқушылар берілген тапсырмаларға жауап береді
«Қарама қайшылықты сипаттама»
Кейіпкер Мінезі Іс-әрекеті Мақал-мәтел
Бақа
Өгіз
Кестені толтырады
Атасы топқа кірмеген
Сөзге салмас құлағын.
Құдайдан қорыққан мұсылман
Қонаққа сояр лағын.
Өткен соң қайтып келмейді,
Өлгенге мал ермейді,
Бұ дүниенің шолағы.
Жиырма тоғыз әріптің
Жайын білмек керек дүр.
Төрт жардан1 шыққан би болар,
Ақылы асқан дүр болар.
Мынау бір жалған дүниеде
Малы көп кісі би болар.
Көпке тентек, ез қисық
Қамшыменен и болар.
Берген көйлек кез болар.
Аштықта жасық та болса
Ұдай абзал сол болар.
Мейір кетті пендеден,
Ей, мүһмин, құлшылық қылсаң не етеді?
Ақыл айтсаң ақымаққа.
Кенеуі жоқ кейбіреу
Құр зорлайды тақпаққа.
Атаңды сыйла анаңмен,
Мекені іздеп таппаққа.
Ұмытпассың тәубеңді,
Түзу салар соқпаққа:
Түзу жолдан қисайсаң,
Жолығарсың күрзі менен тоқпаққа.
Жерге біткен тау пияз
Жегенмен тамақ болар ма?
Шернеуде жазған несіпке
слайд
Жинақтау
«Соңғы сөзді мен айтамын...» 2 мин Түйін: Бақа сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер? сұрағына оқушылардың пікірін тыңдау. Оқушылар пікірлерін білдіреді,тұжырым жасайды
Қорытынды
Рефлексия 5 мин Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім? Не ұнады? Сабақтан алған әсерім
Оқушылар ақын және оның шығармалары туралы мәліметтерді топтастырады
шығармалары
Рефлексия
Екі жұлдыз , бір тілек
Стикерлерді толтыру
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып қалдырады
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.
стикерлер
Бағалау
Оқушылар өздеріне өз достары баға береді
№
Оқушыңың аты-жөні
Өз бағасы
Топ бағасы
Қорытынды
1
Оқушыларды бір оқушы сабақ барысында бағалап отырады және сабақ соңында есеп береді
Бағалау парағы
Үйге тапсырма
Үйге тапсырма 1мин Көрсеқызар, күншілдік, мақтаншақтық туралы мақал – мәтел жазып келу Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 2 мин Топ мүшелері берілген тапсырмалар бойынша жинақтап, бірі-бірін бағалау Топ бір-бірін бағалайды.