Ғалымжан, Мөлдір 10 айлық. 2002ж.
Тап болып қайран қалдым сұмдық жайға,
Пендеге ермек бопты қулық, айла.
Қара қылды қақ жарған әділетті,
Іздедім шырылдаған шындық қайда.
Бермейді жанға осы сұрақ тыным,
Жазамын әр нәрсені құрап бүгін.
Алланың жолындағы азаматқа,
Сырына дәмдес болып құлақ түрдім.
Ел билер басшы менен әділ сотқа,
Қояйық қабырғадан сұрақ бүгін.
Жағынып біреулерден шапан алған
Жан емен абыройсыз атақ алған.
Безініп қылығынан әкімнің ел,
Шындық іздеп келеді Сахабадан
Полиция, халық соты, әкім болып,
Кетіпті-ау бас пайдаға жақын болып,
Елім деп еңірейтін ерлер қайда?
Өсек теріп кеткен бе қатын болып
Қадірлер халық едік қолда барды,
Қырсыздқтан кей дәстүр жолда қалды.
Бетке айтқанды жау дедік іштен шалып,
Қол қусырып қолдадық оңбағанды.
Адам ба, әлде заман өзгерді ме?
Түлкі-ұрпаққа япырмау кез келдіме,
Имамдардың иманы жүрек емес,
Берсе енді не шара көздеріне.
Келмейді бар шындықты тасалағым,
Қолдауына сүйенеді ел жасағанның,
Жазылды дертті жандар сырқатынан
Басына тәу еткендер Асауанның.
Көп ұзамай Алға совхозында тұратын Әскербек аға келді де, амандықтан кейін
- Бейсен келген шаруам мынау, үйге Рымкүл, Данияр, Асылбек үшеуі келді. Айтқандары:
- Аға, Бейсен мөрді Бұқарадағы бір молдаға сатып жіберді. Біз кімге сатқанын білеміз. Керек десеңіз алып береміз, - деді.
- Бейсен, бауырым, мөр аталарымыздан келе жатқан аманат еді ғой. Неге сатасың? - деді.
- Аға, мөр өзімде тұр. Ешкімге сатқан жоқпын, - деп едім:
- Мөрді көрмей, мен саған сенбеймін, - деді Әскербек аға.
- Аға, онда күте тұрыңыз тығулы жатқан жерден әкеліп көрсетейін- деп мен кетіп қалдым. Бір сағат болмай қайта келіп,
- Аға, мінекейіңіз - деп, мөрді қолына беріп көрсеттім. Ары-бері ұстап, одан жағасын ұстап,
- Ойпырмай, Рымкүл Данияр мен Асылбекпен келгеніне сеніп едім, ол келінге не болды? – деп сұрады.
- Аға, келініңіз арыз беріп, сот арқылы ажырастық. Балаларым, міне, - дедім. Біраз отырып, кетті. Кетіп бара жатып айтқаны:
- Бұлар енді ағайынды біздің арамызға от салайын деген екен, бұлардан абайламаса болмас, - деді.
Еркебұлан мен Ғалымжан шешесі Рымкүлде қалған інілерін Ержанды ылғи мектепте көріп тұратын. Артық тиындарына ручка, дәптер, кейде мектепте жинайтын ақшаларын екі бала сұрап алып кететін. Бір күні отырып:
- Әке, біз үлкен болдық. Ержанды біз алсақ қандай болар екен? Қалай болса, солай жүр, - деген соң әрі-бері ойлап, заңды болсын деп сотқа бардым. Арыз жазып едім, сот қарамады. Сөйтсем бір күні балалар «Жас алашқа» жазыпты. Шығады дейсің бе?- деп ойлап едім, ол газетте «Ашынғаннан шығады ащы даусым», «Сот бізбен неге санаспайды?» деген мақаламен шықты.
Сот бізбен неге санаспайды?
Беліміз қатаймай,кәмелетке толмай жатып,тағдырдын тәлкегіне түскен жәйіміз бар.Туған анамыз туған деуге аузымыз да бармайды Рымкүл ішімдікке әуестеніп,теріс жолға түсті.Әй бұның не?дейтін нағашы әжеміздің де адам сүйсінер қылығы жоқ. Торғай екеш торғай да балапанын қорғайды емес пе?Ал анамыз балам бар-ау деп ешқашан ойламайды.Бүгінде ана орнына ана болып ,бізге шын жүректен қамқорлық танытып отырған Гүлбадан тәтемізге көптен-көп рахмет.
Үш бірдей баланы баққан, қамқоршы болған әкемізге бар ауртпалық түсті.Әкеміз Бейшен Алашбайұлы-Асауан сахаба кенсенесінің шырақшысы.Ол күндіз-түні бір тынбай,тәу етіп келгендерге ақ ниетімен қызмет етеді.
Еркебұлан, Мөлдір, Ғалымжан.
15 жылдай Алла жолында жүрген әкемізге арақ ішіп, жеңіл жүріске түсті, деп,анамыз Рымкүл 2002 жылғы 7мамырда Шу аудандық сотына ажырасу үшін арыз берген .Көршілердін,күәгерлердің түсініктемелерін ескермей,қаперіне алмай,әкемізді маскүнем етіп, әйелді қолдап 2002 жылғы 23 мамырда аудандық соттың судьясы Кенжебеков біржақты шешім шығарды.Біз,Еркебұлан мен Ғалымжан әкемізде қалдық та, кіші ініміз Ержан шешеміздің қолында кетті. Бүйрегі ауыратын баурымыз Ержанды қолымызға алу мақсатында Шу аудандық сотынын төрағасы Алмас Құрманбеков мырзаға өткен жылы арыз жазғанбыз. Арызымыз қабылданбады.Ендігі арманымыз-Ержанды өзіміздің баурымызға тарсақ дейміз.
Заң біге көмектесуге тиіс.Сот біздің тағдырымызды, болашағымызды неге ойламайды екен? Ана жақта Ержан ініміздің емделүіне ешқандай да жағдай жоқ. Бізді осы мәселе толғандырады.
Ағайынды Еркебұлан мен Ғалымжан
Жұмасаевтар.
Шу ауданы
Жамбыл облысы. №62 3 тамыз 2006жыл.
Жас Алаш.
Сотқа барып жүгінелік деп адвокаттарға бардық. Ер-азаматтардың ішінде заңды мықты біледі деген адвокат болмады. Бәрінің сілтегендері Сәуле деген адвокат. Сәулеге Гуля барып жолығып қалай болады дегенде Сәуленің айтқаны:
- Сіз ол кісіге кім боласыз?
- Ешкім болмаймын. Мен бала бағатын нянька, кір жуатын прачка, тамақ істейтін кухаркамын, - депті Гуля.
- Ол оңбаған шал, білеміз оны. Естігенбіз ол туралы. Сен екенсің ғой, ол шалға қыз туып берген. Сен үшін екен ғой ол Рымкүлді тастағаны -депті.
- Сіз недеп тұрсыз?
- Бара бер, бұл Шу ауданында бір адвокат та, бір прокурорда саған ешнәрсе де шешіп бермейді, - депті Сәуле адвокат.
- Неге шешпейді?
- Басымды қатырмай шықшы, сендердің істеріңді ешкім қолға алмайды. Бар, боссың-депті Сәуле.
Кейін тағы барды. Онда Асылбек пен Даниярдың шаруасымен. Онда да Сәуленің айтқаны:
- Жер, фонды Даниярдың атында. Сендер ешнәрсе істей алмайсыңдар –дегенге Гуля айтыпты
- Жерді 5 жыл арендаға алыпты ғой. Жер кодексінде ... – дей берген екен.
- Бақ десең де, шақ десең де ол жерден сендерге тасым да бұйырмайды. Асылбек пен Даниярдың сөзі жүріп тұрады. Өйткені Рысмендиевтің указаниесі – депті Сәуле.
Сонымен бұларға не деуге болады. Адвокатымыз адам өлтірсе де құқығын қорғайтын заң қызметкері емес пе? Біз жай ғана өзіміздің элементарный құқығымызды қорғай алалмаймыз. Бұл Шу ауданымыздың біз үшін іліп алар заңгер болмағаны ма? Әрине болмағаны, себебі айналып келгенде бәрі бір-бірімен байланысып жатқан адамдар.
2003 жылдың қазан айының басында Данияр қасында екі келіншекпен келді. Қолдарында газеті бар. Сөйтсек қолдарында куәлігі бар екен. Тараз облысының емшілер ассоциациясынан деген.
- Бізге мына газеттегіні тексеруіміз керек. Сіз білесіз бе, бұған жауап беру керек - деп қайта-қайта қолындағы газетті шошаңдатты.
- Беріңізші, оқып көрейік, - деді Гуля.
- Жоқ! – деп Гуляға бермей қойды.
Сол кезде бір кісілер құран оқытуға келіп отыр еді. Сол кісілердін біреуі
-Қандай адамсыңдар, ақ жолда жүрміз дейсіңдер, келіп анау-мынау әңгіме айтасыңдар. Беріңіз газетті, біз оқимыз! - деді. Сонда Данияр тұрып:
- Мейлі, берші оқысын. Не істейді дейсің?
Біраз әңгіме болып дәлелмен бұл әулиенің ашылғанын айтып, мөр туралы айтып біраз айтыс-тартыс болды. Бірақ отырған кісілер үшеуіне жаман айтып тастағаннан кейін алды-арттарына қарамай кетті. Отырғандар Даниярдың тастап кеткен газетін алып оқыды. Сөйтсек «Түркістан» газеті ортасындағы вкладышы екен 25.09.2003ж. шыққан Болат Айтман деген азамат екен. Әрі-бері талқыға салып, не де болса, ақша - дүниенің арқасында жазылғаны белгілі болды. Болат Айтманды көрген жоқпыз, танымаймыз. Бірақ Данияр режиссермын деп атын, арын сатып жаздырған екен деп қойдық. Әйтпесе он қайнаса сорпасы қосылмайтын анау «Туркістан» газеті бізде Жамбыл облысында Шу ауданында Төле би ауылында жатқан әулиені жамандап жазатын несі бар? Мені «миссионер» дейтін мен басқа дін уағыздап отырмын ба? Жоқ, иегова, баптистер сияқты басқа дін таратып, басқа дін шығарып отырмын ба? Мен Аллаға серік қосып, шірік келтіріп отырмын ба? Шымкент облысында ауыл-ауылдарда бар әулие Сайрам қаласында көше-көшесінде бар әулие біздің киелі Шу бойында болмай ма.? Шу бойы киелі, қасиетті небір батырларымыз, небір әулие-әмбиелеріміз, небір тарихта қалған шайқастар жері бар. Сонау Кенесары бабамыздың жер үшін ,елі үшін шайқасқан жері осы Шу өңірі емес пе? Кім біледі, қандай киелі қасиетті өз заманында аты қалған, халыққа қызмет еткен ер-азаматтар өткенін тек қана бір Алла біледі.
Осы уақиғадан кейін 3-4 күннен кейін Данияр мен Асылбек тағы да келді. Келе олардың тисе келетін әдеті болды. Сөйтіп тұрғанда Гуляның айтқаны:
- Осыларыңды қашан қоясыңдар? Асылбек, ешкім жетіскенінен әулиеде отырмайды. Осы сендер қатын сияқты дамбалдарыңды қолдарыңа алып мен көрдім, мен таптым, мені дуалап қуып жіберді, – деп өсек айтқанша мықты болсаң отырмайсың ба? Өсек айтқаннан басқа өнерің жоқ - деп. Кетейін деп еді Данияр Гуляны қолтықтап:
- Гуля, мен саған бір нәрсе айтайын, жүрші былай- деп қолтықтап еді, қолын қағып жіберіп:
- Айтарыңды осы жерде айт!
- Гуля, сенің басың жұмыс істемейді. Рымкүлдің тастап кеткен балаларын бағып отырсың. Тастап кеткен ойнастан туғанын да сен бағып отырсың.
- Онда сендердің шаруаларың болмасын. Құдай басқа бермесін деп айтыңдар.
Сонда Данияр:
- Гуля былай істейік. Бейсенді, қызды алып жүр больницаға барайық. Екеуінің қандарын тексертейік. Егерде екеуінің қаны бір болса, осы жерден кетесіңдер. Қандары бөлек болса, қаласыңдар. Мәшине дайын, жүр кеттік.
Гуля Данияр мен Асылбекке кезек-кезек қарады да, күлді де:
- Не, сендер мені Рымкүл деп отырсыңдар ма? Айтыңдаршы? Қаршадай бесіктен белі шықпаған сорлы баланың не кінәсі бар? Туған шешесі бір тастады, асырағаны екі тастады, не болды баламен алысып? Бармаймын ешқайда. Сендерде ақша бар, дүние бар. Врачтарды сатып алған шығарсыңдар. Мен қайдан білейін? Сендердің бір ауыз сөздеріңе сенбеймін. Ал балаға келсек, Бейсен он қатыннан он бала таптырса да бағатын мен. Сендердің нелерің кетті- деп еді, Асылбек пен Данияр бір-біріне қарап:
- Сен қатынға дауа жоқ екен- деп бұрылып кетті.
«Қала толған адамды өсекке үйір бүлдірер,
Қора толған сан малды қотыр сиыр бүлдірер».
Одан 3-4 күннен кейін Данияр мен Асылбектің қолшоқпары Байболатов Ахан келді. Ол да келе Гуляға тиісті.
- Оңбаған! Сайқал! Біреудің сүттей ұйып отырған семьясын бұзып, Рымкүл деген қандай керемет адам- деп еді, бұл сөзді естіп тұрған Ғалымжан қасына барып:
- Ахан, сен не былшылдап тұрсың? Не оттап тұрсың, шешеміз жақсы болса отырмаймыз ба соның қасында- деді. Аханның сондағы айтқаны:
- Асылбектің Махмұты бар, Даниярдың Серік Үмбетовы бар. Қолдарыңнан не келеді- деп. Құрысын неше түрлі сөз айтылды. Одан қала берсе, тәуіптері Тараздық Жанар деген келіп, ол да неше түрлі әңгіме айтып, Ерімбетқажы Қонақбаевтың шашбауын көтеріп, ол кететін. Біздің Шу ауданының тәуіптері Нұрсұлу, Оразкүл, Сәуле, Кенжекүл, Дана кезек-кезек келіп Асылбектің сөзін сөйлеп, ақша-дүниеге сатылып жүргендерін кейіннен білдік. Одан қала берсе, мешіттен қалмайтындар, жұма намаз жібермейтіндер келіп имам айтты деп, олар келіп қанды қарайтып кететін.
«Жүрегім таза болсын, тек киімім лас болса да,
Жер-дүниеде көп-ақ-ау, жүрегі нәжіс бишара».
Имам айтты, бұл жер таза емес, шірік дейді. Бұл қалай болғаны? – деп сұрайды. Талайына айтқаным бар: «Имамдар өлмейді, өлсе де шайтан болып ұшып жүреді, сауатсыздықтары, оқымағандықтары, сол әруақтың тамағын ішіп, киімін киіп дүниесін пайдаланып, жаназасын шығарады. Сөйтеді де болмайды дейді. Сауаты болса ең таза жер осы қабырстан. Бұл жерге ниет қылып келе жатқанда 40 қадам қалғанда адам бойындағы сайтан нағылет қалып қалады екен. Сайтан тезірек осы жерден шықса екен, оны азғырсам екен деп тұрады екен. Білсе, бұл жерде Аллаға тікелей қызмет ететін періштелер дабыл таппай тұрады. Олар Мүңкір-Әңкір, Әзірейіл, Жебірейіл, Әзірет- Әлінің қылышы тұрады. Бұндай жерге келгенде, әруақтан сұрамайды Алладан сұрайды, Әруаққа бата жасайды. Сол себептен халықтың әулиеге барып, дастархан жайып құдайы беретіні сол. Атамыз қазақ айтқан: «Құдайыңды сауыңда бер», «Аллаға бер де, жалын!» деген осы. Имамдарымыз бізге дүние жетпейтін болды деп сайтанның жолымен жүргені ғой. Алла тағала бәрімізге нәсіпті шашып қойған. Мақал бар: «Абысын тату болса, ас көп» деген діни жолдағы біз тату болсақ, халық бұлай бұзылмас еді, басқа дінге мойын бұрмас еді. Көп ел не істерін білмейді. Намазың болмаса оразаң қабыл болмайды дейді. Құранды тура оқымасаң күнәһар боласың дейді. Имам- бізге халыққа ұстаз емес пе, алғашқы мектепке барғанда әріп үйрететін. Сол кезде тура айтылмағанды түзететін имам. Ислам дінінде қорқытып, үркітіп жолға салмайды. Жәйменен жік-жігімен, әр нәрсені өз орнымен түсіндіріп айту керек. Оны ол адам орындай ма, жоқ па естігеннен кейін күнәсін өзі көтереді. Бұндай әңгімелер көп болды.
Сұм тағдыр! Сұмырайларға нан бересің,
Су мен жер, үй салтанат сән бересің,
Бір үзім нанға зар боп жүргендер көп,
Ал маған адал жанда бар еді өшің?
Осы қазан айының ортасында Сайлаубеков Данияр аудан прокуроры Сейтжанов Қайсар мырзаға арыз жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |